Аспаптармен зерттеу әдістері
Аспаптармен зерттеу әдістері әр түрлі болады, жылдан жылға көбейіп келеді.Бұл әдістер басқа физика,химия,биология, механика ғылымдарының дамуына байланысты дамып келеді.Бұл әдістермен зерттегенде біз жай және күрделі аспаптармен қолданамыз және осы зерттеулерді көбісін арнайы дайындаған мамандар жүргізеді.
Бұрын қосымша әдістер болып саналған, ал кәзір кейбір диагноздарды бұл зерттеулерсіз қою қиын.
Антропометриялық өлшеулер
Антропометрия бұл әдіспен адамның морфологиялық, функциональды белгілерін зерттейді. Адамның денесінің ұзындығын, бойын, салмағын, кеуде қуысының, бастың, мойынның, іштің шеңберін өлшеу. Ер адамдарда бойы қалыпты болып 130-200см, ал әйелдерде 120-190см саналады, ал әйелдерде 120-190см саналады. Бойдың 200см/190см әйелдерде/ биік болуы патологиялық жағдай және гигантизм болып саналады, тұқым қуалаушылыққа байланысты болмаса .Бойдың 130-120см төмен болуын ергежейлі деп аталады.
Салмақты қалыпты жағдайда Брок формуласымен есептейді
L-100= дене салмағы
L- адамның бойы. Бой ұзарғансайын алатын санда өседі: бойы 165см 100см алынады, 175-185см-105, 185 тен жоғары бойда-110алынады.
Адамның салмағын білу үшін оны ертенгісін ашқарынға үлкен,кіші дәретін сындырғаннан кейін жалаңаш немесе жеңіл киіммен өлшеу керек. Адамның салмағы семіздікте немесе ісінулерде көбейеді,ал азаяды кейбір ауруларда, қатерлі ісіктерде. Алдымен май ұлпасы кетеді, кейін бұлшық ет кетеді.
Дене температурасын өлшеу
Ауруханада әр пациенттің дене қызуы өлшенеді.Бұл әдіс диагностикаға өте маңызды, қалтырау жағдайларды білдіреді.Дене қызуы көбінесе инфекцияларда және ұлпалар ыдырағанда болады.
Қалыпты температура болып 36-37С есептеледі. Тәулік бойы өзгеріп турады: ертеңгісін төмен, кешкісін жоғары, тамақтан кейін көтеріледі. Субфебрильды-37-38С.
Қалтырау-бұл күрделі биологиялық процесс немесе инфекцияға жауап, дене температурасының 38С жоғарлауы әр адамдарда бір инфекцияда ол әр түрлі болуы мүмкін. Жас адамдарда пневмония кезінде 40С болса, қарт адамдарда олай көтерілмейді немесе қалыпты болады. Қалтырау кезінде температура ғана көтерілмей ағзаның барлық жүйелерінің қызметі бұзылады.
Қалтыраудың ағымында келесі кезеңдерді ажыратады: температураның көтерілу, қызуы/жоғарыТ/ және төмендеуі.Қалтырау лизис немесе кризис жолымен аяқталады. лизис- біртіндеп,қолайлы аяқталу. Кризис-қолайсыз аяқталады , өте жылдам түсу, жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігі дамуы мүмкін.
Гипотермия- температураның қалыптыдан 1-2 күн төмен болуы, кризис жолымен түскен кезде, көп қан кеткенде, салқын өткенде, коллапста болдады.
Достарыңызбен бөлісу: |