Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Эндоскопиялық зерттеу әдістері



бет36/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Эндоскопиялық зерттеу әдістері
Эндоскопия - ағзадағы қуысты, мүшелердің ішкі қабатын тікелей көру, арнайы эндоскоп деген аппаратымен.
Эндоскоп-бұл әйнек талшықтарының жіптерінен құралған қозғалатын жылжымалы түтікше басында шамы бар, сол арқылы ішкі қабаттың бейнесі көзге көрінеді.
Өнешті қарау - эзофагоскопия деп аталады,асқазанды-гастроскопия немесе фиброгастроскопия,12 елі ішекті- дуоденоскопия, асқазанмен 12 елі ішекті - фиброгастродуоденоскопия/ФГДС/.
Трахеямен бронхты қарау -трахеобронхоскопия немесе көбінесе бронхоскопия, қуықтың шырышты қабатын қарау - цистоскопия,тоқ ішектің шырышты қабатың қарау – колоноскопия. Эндоскоптар зерттелетін мүшенің атымен аталады: гастроскоп, бронхоскоп, цитоскоп және басқалар. Олардың мүшеге қарай айырмашылығы болады,ұзындығы, жуандығы, бірақ принципі бірдей.
Эндоскопияның диагностикалық маңызы өте зор, өйткені мүшенің ішкі шырышты қабатын тікелей көру болады,одағы өзгерістерді және патологиялық ошақтан гистологиялық зерттеуге ұлпадан шымшып алу /биопсия/ және фотосүретке түсіріп алу болады.
Эндоскопия диагностикалық және емдеу мақсатымен жүргізіледі.
Емдеу мақсатымен: эндоскоп арқылы бөгде заттарды,полип,кисталарды кесіп алу болады,ойық жараларды күйдіру немесе тікелей дәрі еңгізу, жағу болады. Эндоскопиядан кейін пациентті бақылау керек.
Зерттеуді мына жағдайларда жүргізу болмайды:

  1. Психикалық аурулар

  2. Миокард инфарктісі/жедел кезеңі/

  3. Инсулинге тәуелді қант диабеті

  4. ВИЧ-инфекция

Эндоскопиялық зерттеуге арнайы дайындық қажет. Бронхоскопияны ашқарынға жүргізеді және зерттеу алдында седативті дәрі ішкізеді,ол пациентті тыныштандырады да зерттеу жеңіл өтеді. Гастроскопия ашқарынға жүргізіледі.Колоноскопиямен ректороманоскопияның алдында кешкісін және ертенгісін тазалау клизмасын жасайды. Цистоскопияның алдында қуыққа зарарсыздандыратын ерітінді еңгізіледі.
Лапороскопия операционды бөлмеде жүргізіледі. Алдымен іш қуысына ауа еңгізіледі/пневмоперитонеум/сонаң кейін троакармен іштің алдынғы қабатын тесіп,сол тесіқ арқылы лапороскопты кіргізіп қарайды. Науқасқа барлық эндоскопиялық зерттеулердің алдында процедураны түсіндіріп, тыныштандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет