Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет5/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Ауру туралы түсінік


Ауру/дерт, сырқат/ деген түсінікке ұзақ уақыт әр түрлі анықтамалар берілген. Көне ғасырларда ауруды адамды басып алған шайтанның күші деп ойлаған. ХІХ ғасырдан бастап ауруға деген көз қарастар өзгерген:

  1. Ауру- өмірге қауып төндіретін функциялардың бұзылуы/Ашофф-неміс ғалымы/

  2. Сыртқы ортаның зиянды әсеріне ағзаның қайтаратын жауабы/С.П.Боткин/

  3. Ауру –бұл өз жағдайында қысылған өмір/К.Маркс/

Қазіргі заманда аурудың мағынасын толық беретін анықтама осы: ауру-бұл сыртқы және ішкі
ортаның өте күшті тітіркендірулердің жүйке жүйесі арқылы әсер, етуіне байланысты, ағзаның тіршілігінің бұзылуы.
Ауруды тек қана биологиялық өзгеріс деп қарау болмайды,өйткені ол физикалықта,психикалықта қиналыс тудырады.
Классификация бойынша аурулар әр түрлі топқа бөлінеді:
Этиология бойынша- жұқпалы, жұқпалы емес
Аурудың негізгі орналасуына байланысты.
Анатомотопографиялық белгілері бойынша- жүрек, бүйрек,өкпе, бауыр,қан аурулары және де
басқалары.

  • Жасы және жынысы белгілері бойынша

  • Әйелдер, балалар, қарт адамдар аурулары

  • Жедел/ бір белгілі уақыт/ және созылмалы/өмір бойы созылады, жазылуға мүмкіндік болса да/ аурулары.

Ауру дамуы бойынша 4 кезеңге бөлінеді:

  1. Латентті/ инкубациялық, жасырыңды/

  • аурудың себебінің алғашқы рет әсер етуінен бірінші клиникалық белгілердің пайда болуынша кезеңі.

  1. Продромальды - аурудың арнайы емес белгілерінің пайда болу кезеңі.

  2. Аурудың даму кезеңі- аурудың арнайы белгілерінің пайда болу кезеңі, аурудың клиникалық бейнесінің анық ашылуы. Бірақта кейде аурудың айқын емес түрлері кездеседі. Ағымы бойынша жедел немесе созылмалы болуы мүмкін, сондықтан ұзақ айлап, жылдап өтеді. Созылмалы аурудың ағымында рецидив қайталану фазасы және ремиссия фазасы болады. Ремиссия кезінде аурудың белгілері азайып пациент өзін сау сезінедіде, жұмысқа жарамды болады.

  3. Айығу кезеңі - аурудың белгілерінің толық жойылу кезеңі, жұмысқа жарамдығының қалпына келуі, кейде асқынулармен аяқталуы мүмкін. Толық айығу аурудың жедел ағымында болады, өте сирек созылмалы түрінде кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет