Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Өкпетінінің кенею синдромы (өкпе эмфиземасы



бет53/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Өкпетінінің кенею синдромы (өкпе эмфиземасы) Өкпе тінінде ауаның шамадан тыс жоғары болуы өкпе эмфиземасы деп аталады. Ол өкпе тінінің эластикалық қабілетінің темендеуі нәтижесінде пайда болған терминалды бронхиолалардың, альвеолалардың өзгеруінен өкпеде ауалы кеңістіктердің пайда болуын айтамыз. Бұл синдром кезінде өкпе тінінің эластикалық қабілетінің төмендеуі, өкпе капиллярларындағы қан айналымының бұылуы, альвеолалар қабырғаларының үзіліп кеңеюі маңызды рол атқарады.
Клиникалық белгілеріне кеуде клеткасының бөшке тәрізділігі, оның алдыңғы және артқы өлшемінің үлкеюі, дем алуға байланысты созылып кішіреюінің шектелуі, қабырғалардың көлденең орналасуы, қабырға аралықтардың кеңейіп тегістелуі, эпигастральды бұрыштың 90 градустан артық болуы жатады.
Бұл синдромда өкпе ауасы көбейіп, өкпені кеңітеді. Қарағанда кеуде сарайының эмфиземалық түрін, сипағанда дыбыс дірілінің әлсіреуі мен кеуде сарайының серпінділігінің азайғандығы анықталады.Перкуссия арқылы қорап дыбысы, өкпенің шектері кеңіген, өкпе шетінің экскурсиясы азайған. Аускультация арқылы везикулярлы тынысының әлсіреуі естіледі. Синдром: өкпе эмфиземасында және тыныс демікпесінің ұстамалы кезінде (өкпенің жедел кебуі) кездеседі.
Өкпеде қуыс пайда болу синдромы Өкпе қуысы синдромы деп өкпеде каверналар, абсцестер айналасында инфильтративті немесе фиброзды қабатпен қоршалған қуыс пайда болған кездегі белгілер жиынтығын атаймыз. Қуыс ішінде тек қана ауа (бос қуыс) немесе ауамен қатар сұйықтық болуы мүмкін. Қуыс жабық немесе бронхпен байланысты болуы мүмкін. Клиникалық көріністері қуыс мөлшеріне, оның орналасу тереңдігіне бай-ланысты. Бұл кезде дауыс дірілі күшейеді. Егерде қуыста жарым-жартылай ауа болып, ол бронхпен байланысты болса, бұл кезде перкуторлық дыбыстың тимпаникалық қасиеті басым болады. Ал қуыс сүйықтықпен толып тұрса, үстінен тұйықталған немесе тұйық дыбыс анықталады. Бұл кезде ауалық қуыс үстінен аускультация кезінде тыныс дыбысы естілмейді. Егерде ауалы қуыстың бронхпен байланысы болса, ол жерден бронхиалды тыныс естіледі, себебі ол пайда болған жерінен (дыбыс саңылауы) ауа бағанасы бойымен дыбыс тез таралып келеді. Кейде қуыстың ішкі қабаты біртегіс боп келеді, бұл кезде резонанс нәтижесінде металдық дыбыс пайда болады. Қабырғасы тегіс қуыс бронхпен қосылып тұрған кезде амфорикалық тыныс естіледі. Жарым-жартылай сұйықтығы бар қуыс үстінен ылғалды сырьлдар естіледі, себебі олардың таралуын қуыс төңірегіндегі инфильтрация нәтижесінде тығыздалған өкпе тіні күшейтеді. Сонымен қатар, аускулътация кезінде өз бетімен пайда болған қуыс (каверна) дренажды бронхпен қосылған жерде, бронхиалды тынысты күшейтіп тұрған стенотикалық шуыл естілуі мүмкін. Рентгенологиялық зерттеу өкпеде қуыс бар екенін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет