Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»


Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда 
көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен 
домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан 
тиісті 
жерді 
қазып 
немесе 
құрылысқа 
ойық 
жасап 
шығарады. 
Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі 
бөлмеде қолданылатын тез жанатын және жанғыш материалдарды (ағаш, 
пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал 
етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін 
бірін алады. Әсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон 
дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-
20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 
°С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш 
материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш 
материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 
1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен 
мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5-6т) және жағатын материалдар 
(1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану 
факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар 
табылады. Осының бәрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт 


37 
кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел 
іздестіруді және оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу 
уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға 
қатысу. 
Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табылады. Олар 
адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы 
составтың аударылуына және жолдардың бұзылуына әкеледі. Жарылудың себебі 
жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) 
жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы. 
Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен
көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап 
шеккендерді босату үшін және оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет