Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет35/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Жарақаттың түрлері Қалып 
Бастағы мидың шайқалуы 
Шалқадан жаткызып 


32 
Бастың және беттің алдыңғы бөлігіндегі 
жарақаттар 
Шалқадан жатқызып 
Омыртқаның зақымдануы 
Шалқадан жатқызып 
Жамбас сүйегінің және төменгі аяқ – 
қолдардын сынуы 
Шалқадан жаткызып 
Есіңкіреу жағдайында 
Шалқадан жаткызып 
Ішек – қарын мушелерінің жарақаттары Шалқадан жатқызып 
Төстің жарақаттануы 
Шалқадан жатқызыл 
Төменгі аяқ – қолдарды кесу 
Жарақаттанған аяқтың астына білік 
қойып шалқадан жатқызып 
Шұғыл хирургиялық аурулар (соқырішек, 
ойық, жарық, жарықтың шығып кетуі) 
Шалқадан жатқызып 
Қансырау 
Төстің және бастың астына білік 
қойып ішпен жатқызып 
Арқаның жарақаттануы 
Іш пен немесе он жақ бүйірімен 
Бастың желке бөлігінің жарақаты 
Ішпен жатқызып 
Мойынның жарақаты 
Басын төске еңкейіп жартылай 
отырғызып 
Аяқ – қолдардың ұштары кесілгендер 
Отырып қолды жоғары көтеріп 
Көздің, кеуденің, тыныс алу жолдарының 
жарақаты 
Отырғызып 
Аяқ – қолдардың ұштарының жарақаты Отырғызып 
Жараланған, 
кесілген, 
терісі 
сыдырылғандар 
Отырғызып 
Арқаның, бөксенің, аяқтың үстіңгі 
жағының жарақаты 
Ішпен жатқызып 
Иық жарақаты 
Отырғызып 
№ 11 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу 
Авиакөліктегі өрттер 


33 
Өрт қоса шыққан авиациялық оқиға ерекше қауіп төндіреді. Өрттің шығуына 
келесілер мүмкіндік береді:
 
бортта авиациялық отынның және басқа да жанармай сұйықтықтарының 
болуы; 
 
жолаушы салонындағы декоротивті өңдеуге және құрылыс материалдары 
ретінде айтарлықтай тез тұтанатын және түтінді көп шығаратын және толық 
жанып бітпеген улы зат болу қасиетіне ие материалдарды пайдалану; 
 
әуе кемесінің айналасына тез өртенетін авиациялық жанармайдың төгілуі 
кезінде сырттың тез жануына және оттың салон ішіне кіруіне алып келетін 
фюзеляж қабының отқа төзімсіздігі. 
Жолаушылар салоны ішіндегі өрт жабық аумақтағы өртке жатады. Өрт кезінде салон 
ішіндегі адамдардың зақымдануының негізгі себебінің бірі өртенген өнімдермен 
улану болып табылады. Екі оксидтті көміртек тарағаннан кейін 2-3 минуттан соң 
салонда адам өліміне әкелетін концентрацияға жетеді. Салонның ішіндегі өртті 
сөндіру, жолаушыларды және экипаждарды құтқару, есікті, қанат үстіндегі люктерді 
және фюзелюждың қаптамаларын ашудан және құтқарушылардың апаттық кеменің 
ішіне кіруден басталады. Фюзеляжды ашу кезінде өрттің қарқыны артады жалынмен 
және өрттің температурасымен алынған кеңістік көлемі лезде үдеп кеңейеді. 
Құтқарушылар ыстықтан және газ түтіндерінен қорғайтын жеке құралдармен, жұмыс 
жеңқап сызықтарымен, көбіршік шығаратын ерітінділермен, және жабылатын 
оқпандармен (РС-Б, РСК-50, КР-Б саптамасымен НРГ-5 және т.б.) жабдықталулары 
керек. Салонды қою түтіннің қаптауы және токсинді заттардың болуы зардап 
шегушілердің де құтқарушылардың да жағдайын қиындатады. Сондықтан 
құтқарушылар 
көру 
мүмкіндігі 
шектеулі, 
токсинді 
заттардың 
жоғары 
концентрациясында және айтарлықтай температурада келісіммен әрекет етуі тиіс. 
Айтып кеткендей, әуе кемесі ішіндегі өрт кезінде жолаушьшар салонының биіктігінде 
температура қаншалықты тез жайылса, онда құтқарушылар өртті сөндірудің алғашқы 
сатысында, орта көлемді температура төмен түскенге дейін, еңкейіп жүріп, 
жолаушылар салонының үстіңгі температуралық қабатын салқындата отырып жұмыс 
істейді. Түтінді ауада жұмыс істеу кезінде бір құтқарушы фюзеляждың сыртында 


34 
болуы керек және кеменің ішінде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар сияқты онда да 
қорғаныс құралдары болу қажет. Оның міндетіне түтінді салондағы 
құтқарушылармен байланыста болу, зардап шегушіге және қажет болған жағдайда 
басқа 
да 
құтқарушыларға 
дереу 
көмек 
көрсету 
кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет