Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады.
Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және
далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі –
бірнеше
басқару
пункттері
арасында
бір
кабелді
желілер
бойынша
ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.
ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі
үшін
мобильді
және
тасымалданушы
радиостанциалар
қолданылады.
Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта
орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ
және
УКВ
диапозонды
радиостанциялар
пайдаланылады.
Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі
қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың
жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану
құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.
№ 3 дәріс. Құтқарушылардың жылжуы Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы 2. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы
3. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар
4. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жылжу Құтқарушылар қызметінің кәсіби ерекшелігінің бірі олардың ІҚЖ (іздестіру құтқару жұмыстары) өткізу орнына қарай және тікелей ТЖ аймағына жылжуы.
Құтқарушылардың ІҚЖ өткізуге қатысулары туралы шешім қабылданған соң, оларды
жұмыс орнына жеткізу тәсілдерін анықтайды. Сонымен қатар, жасақтың орналасқан
жері мен жұмыс орнының арақашықтығын, ТЖ сипатын, құтқарушылардың және
қажетті техникалар мен қолда бар көлік құралдарының санын ескеру керек.
Құтқарушылар мен жүктерді жеткізудің негізгі көлігі автомобильдер,
поездер, ұшақтар, су кемелері болып табылады. Құтқарушылардың жылжуы оларға
арналған адамдар мен жүктерді тасу жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің
талабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған құжаттарда көлік құралдарын тиеу
8
(түсіру), жолаушыларды орналастыру, қауіпсіздік техникасы, қозғалыс жылдамдығы
талаптары егжей – тегжейлі баяндалған.