Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет8/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Құтқарушылардың 
ойлы 

қырлы 
жерлерде жылжуы 
Ойлы – қырлы жерлер деп, биік таусыз үстіртті, ойпатты жерлерді айтады. Оған 
жағдайдың әр түрлілігі тән, соның ішінде тегіс жерлерімен бірге, қыраттар, төбелер, 
сайлар, 
жазықтар, 
көлдер, 
су 
айдындары, 
өсімдіктер 
жатады. 
Бірыңғай үстірт жерлерде жылжу ұзындығы мен жиілігі шамамен бір қалыпты 
адыммен сипатталады. Аяқты көтерген жағдайда бұлшық етті барынша бос ұстау 
қажет. Аяқты жерге түсіргенде бұлшық ет қайтадан қатаяды. Тобықтың, аяқ 
буындарының зақымдануынан қашу үшін аяқты қисайтпай, күшті табанға түсіріп 
аяқты 
тік 
ұстау 
керек. 
Тізені 
сәл 
бүгіп 
жүрген 
дұрыс. 
Қадамның алшақтығы мен жиілігі ол әр адамда әртүрлі және ол көптеген 
факторларға: бойға, салмаққа, күшке, тәжірбиеге, адамның жаттығуына, жер 
бедеріне, көтерген жүктің салмағына байланысты. Тік жерлерде қадам ұзындығы 
жартысынан көбіне қысқарады, кейде ол аяқтың тұрқымен тең немесе одан да қысқа 
болуы мүмкін. 
Тегіс жерлермен жылжу кезінде орташа жылдамдық сағатына 4-5 км, ал орман ішінде, 
батпақта, бұталар арасында, нулы жерде, қарда, құмда жылжу кезінде жылдамдық 
азаяды. 
Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен 
жылжуы. Беткеймен жылжуды жеңілдету үшін аңдардың сүрлеулерін, ойдым – 
ойдым шұңқырларды, жатқан сенімді заттарды, мұз жарғыштарды қолдану 
керек.Тастың құлауы мүмкін болғандықтан. қорым үстінде жүргенде ерекше назар 
аудару керек. Қорымдар аяққа жайлы және жайсыз, ұсақ, орташа. ірі тастардан 
тұрады. 
Үйінді жағдайындағы жылжулар. ІҚЖ жүргізу құтқарушылардың үйінділердің 
үстімен жылжу қажеттілігін тудырады. Жолда сенімсіз элементтер мен қосымша 
кедергілер болмаған жағдайда жұмыс орнына жылжудың ең қысқа төте бағыты 
таңдалып 
алынады. 
Құтқарушылар үйіңді жағдайында жылжу кезінде өте сақ болу керек, өйткені онда: 
 
зардап шегушілер және материалдық құндылықтар
 
ғимараттың құламай қалған бірақ құлау қаупі бар бөліктері мен элементтері; 
 
қуыс және олардың шөгіп қалуы; 
 
бос қалған жерлерде жанғыш және жарылу қаупі бар газдардың жиналуы 
нәтижесіндегі жарылыстар; 
 
өрт және түтін; 
 
бұзылған коммуналдық желі мен өнім құбырлары
 
зиянды заттар, соның ішінде ҚӘУЗ сияқты көптеген күтпеген оқиғалар болуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет