Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет15/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Топографиялық карталар 
Құтқарушылар жергілікті жерді топографиялық картаның көмегі арқылы бағдарлай 
білулері керек. Топографиялық карта шартты белгінің көмегімен түсірілген қағаздағы 
нақты ақпаратты көрсетеді. Топографиялық карта арқылы жерді зерттеуге және 
бағалауға, қашықтықты, алаңды, тік беткейді, нүкте биіктігін, бағдар жасауды жүзеге 
асыруға 
болады. 
Топографиялық карта арқылы бағдарлауды жүргізу үшін оны көкжиек жаққа қарай 
бағдарлау керек. Картаны құбылнаманың көмегімен немесе жергілікті шамалаулар 
арқылы 
бағдарлауға 
болады. 
Бұл жұмыстарды жасағаннан кейін және картадан өздерінің тұрған орнын 
анықтағаннан кейін құтқарушылар маршрут қозғалысын белгілейді де негізгі бағыт – 
бағдарды таңдайды. Жылжу уақытында маршруттың дұрыстығын ерекше қадағалап 
отыру керек. Түнде жылжу кезінде бір бірін көре алатын жақын ара қашықтықтағы 
бағдарлар таңдалады. Жылжудың дұрыстығына күдіктенген жағдайда үнемі картаны 
жергілікті жермен салыстыра отырып, өзінің тұрған орнын анықтауға болады. 
Дабыл 
берудің 
түрлері 
мен 
белгілері 
ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушылар тапсырманы орындау барысында көбіне халық 
тұратын жерден алыста, «далалық жағдайда» бірнеше күн болып, әр түрлі кездейсоқ 
шырғалаңдарға ұшырауы мүмкін, осының барлығы олардың бұл жағдайларда жұмыс 
істеуіне 
қосымша 
талап 
қояды.
ІҚЖ кетер алдында құтқарушылар еңбек құралдары және қорғану құралдарымен 
қатар, кез – келген климаттық – географиялық аймақ жағдайында керек болатын 
қажетті 
заттардың 
келесідей 
топтамаларын: 
 
соның көмегімен 30-40 км қашықтықтан апат дабылын беруге болатын 
дабылды айнаны; 
 
шам немесе от жағуға немесе баспананы жылытуға қажетті аңшы сіріңкесін
жанатын құрғақ таблеткаларды
 
дабыл беруге арналған ысқырықты
 
пышақ, балта, күрек ретінде пайдалануға болатын қынапты үлкен пышақты; 
 
құбылнама, нығыздалған фольга кесіндісі мен полиэтиленді, балық аулайтын 
жабдықтарды, дабыл оқтарын, дәрі – дәрмектердің авариялық топтамаларын, 
су мен азық – түлік қорларын өздерімен бірге алулары керек. 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет