Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Дабыл беру. Құтқарушылар тәжірбиеде арнайы дабылдардың қолдануын білулері 
және дабыл бере алулары керек. Өзінің тұрған орнын көрсету үшін құтқарушылар 
күндіз және түннің жарығында от түтінін қолдана алады. Егер отқа резеңке, оқшаулар 
қиындылары, майлы шүберектер тастаса, бұлтты күндері жақсы көрінетін қара түтін 
шығады. Ауа райы ашық күні жақсы көрінетін ақ түтін алу үшін отқа жасыл 
жапырақтар, 
жас 
шөптер, 
піспеген 
мүк 
тастау 
керек. 
Жерден әуе жолы көлігіне (ұшаққа) дабыл беру үшін арнайы дабылды айна қолдануға 
болады. Оны көзден 25-30 см қашықтықта ұстау қажет және ұшақты бұрыш саңылауы 
арқылы көруге болады; айнаны бұрып, жарық дақты бұрыш саңылауына сиыстыру 
керек. Дабыл айнасы болмаған жағдайда үсті жалтырақ затты қолдануға болады. 
Бұрыштау үшін заттың орталығына саңылау құралын жасау керек. Жарық сәулесін 
ұшақ моторының шуы естілмеген жағдайда да көкжиектің сызығын бойлай жіберу 
керек. 
Түнде дабыл үшін қол электр – фонаригінің жарығы, алау, от қолданылуы мүмкін. 
Сал үстінде жағылған от апат дабылының бір түрі болып табылады. 
Дабыл берудің жақсы құралы ұшақ (тікұшақ) жақындағанда қарға, жерге, суға, мұзға 
тастайтын ашық боялған заттар мен арнайы бояйтын ұнтақтар (флюорецин, уранин). 
Жекелеген жағдайда дыбысты дабылдарды (айқай, атыс, тарсылдату) дабылды 
ракеталарды, 
түтіндету 
құтысын 
қолдануға 
болады. 
Соңғы кезде қол жеткен өңдеу жетістігінің бірі «нысананы көрсету» төрт жанатын 
бояумен жабылған түнде лампасы лап етіп жанатын нейлон қабықты кішкентай 
резеңке әуе шары; оның жарығы 4-5 км қашықтықтан жақсы көрінеді. Ұшар алдында 
шар кішкентай капсуладағы гелиймен толтырылады және 90 м биіктікте нейлонды 
арқанмен 
ұсталып 
тұрады. 
Жиынтық 
массасы 
1,5 
кг 
құрайды. 
№ 5 дәріс. Құралдар және сигнализация дабылдары  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет