38
адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан
автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл
автомобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді:
жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады.
Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы
автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге
және салон ішіндегі
адамдардың
қысылып
басылуына
әкеледі.
Бүйірімен
соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген
бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге,
адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль
аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.
Жанама
соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады.
Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар
жарақаттанады,
көліктің
үстіңгі
бүйір
жақтарының
пішіні
өзгереді.
Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль)
немесе қозғалатын
(автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның
сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда
болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы
адамдардың
жарақат
алуына
алып
келеді.
Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың,
кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы)
жардың бетіне
шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен
аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының,
төбесінің едәуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың
жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: