Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет64/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

қуатының 
бұзылуына, 
жылу, газ, сантехникалық және басқа жүйелердің бұзылуына әкеп соғады. Бұл 
өрт шығу, жарылыс, су басу, электр тоғының зақымдану қаупін төндіреді. Әсіресе 
қауіпті заттар шығарылатын және сақталатын өнеркәсіп құрылыстарындағы 
үйінділер өте қауіпті. Әдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы 
адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына және олардың өліміне алып келеді. 
Зардап шегушілер бұзылған жер төлелердің және жер асты қорғау ғимараттарының, 
технологиялық үй асты қоймасының және бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі 
үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда 
олар әртүрлі қабаттарда көбінесе қираған ғимараттарда, қуыстарда және бос 
жерлерде, 
шатырларда 
қалулары 
мүмкін. 
Үйінді 
жағдайларында 
іздестіру 
– 
құтқару 
жұмыстары 
төмендегідей барлау жүргізуден 
басталады: 
 
ТЖ аймағын және оның сипатын анықтау;ъ 
 
зардап шегушілердің тұрған орнын және жағдайларын анықтау
 
ТЖ аймағындағы нысаналардың жағдайын (инженерлік жүйенің құрылысын, 
коммуникациясын) бағалау; 
 
химиялық, бактериологиялық зақымданудың, уландыратын және жарылу қаупі 
бар заттардың өрт ошақтарын анықтау; 
 
кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап 
шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру. 
Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушілерге көмек көрсету 
үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тәсілдер 
қолданылады: үйіндіні үстінен аршу және үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. 
Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек 
көрсету үшін және оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, 
күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі және ауыр элеметтерін 
көтеріп басқа жаққа қою үшін жүк көтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, 
крандар) қолданылады. Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап 
шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды шығарып алу үшін құтқарушы-
лар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін 
жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесік) жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей 
жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып, құлап жұмысты 
қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу және тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы 


66 
ені - 0,8-0,9м, биіктігі- 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 
адамнан), қолмен немесе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне 
үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементтерін дайындау және құру, 
шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу және оларды 
тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушыларды ауыстыру төрт 
аяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, екпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен 
жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темір 
бетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөгет жасаса, онда оларды 
айналып өту қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға 
тесік жасауға болады. Өтетін тесікті жасау кезінде қабырғаның қирауына 
жол бермеу мақсатында, оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл 
үшін арнайы алдын – ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, 
тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, сияқты тіреуіш материалдар 
қолданылады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет