Дәрістер кешені Дәріс №1. Интернет технологиясына кіріспе


ЦББО құрудың ұйымдастырушылық қағидаттары



бет21/48
Дата07.10.2022
өлшемі2.09 Mb.
#462134
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Лекция

ЦББО құрудың ұйымдастырушылық қағидаттары:
ЦББО-ны жаңа технологиялармен кеңейту еркіндігі, оның ішінде сыртқы жүйелерді қосу және жарияланған хаттамалар негізінде өзара деректермен алмасу.
Қолжетімділік-белгілі бір пайдаланушы үшін олардың әрқайсысының лицензиялық шарттарына сәйкес ЦББО коммерциялық және коммерциялық емес элементтерінің, әдетте, қосылу тәсіліне қарамастан, Интернет арқылы шектеусіз функционалдылығы.
Бәсекелестік-ЦББО-ны бәсекелес технологиялармен толық немесе ішінара ауыстыру еркіндігі.
Жауапкершілік-әрбір субъектінің өз ұйғарымы бойынша өзінің жауапкершілігі аймағында ақпараттандыру міндеттерін шешу, оның ішінде іргелес ақпараттық жүйелермен деректер алмасу жөніндегі міндеттерді келісуге қатысу құқығы, міндеті және мүмкіндігі.
Жеткіліктілік-ақпараттық жүйе құрамының ол құрылған субъектінің мақсаттарына, өкілеттіктеріне және мүмкіндіктеріне ілесіп жүруге ақталмаған шығындарды талап ететін артық функциялары мен деректер құрылымдарынсыз сәйкестігі.
Пайдалылық-ЦББО енгізу есебінен пайдаланушының жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру және/немесе еңбек шығындарын азайту.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі қағидаты-автоматтандыру, жасанды интеллект есебінен мұғалімдердің, білім беру ұйымдарының білім беру процесінің міндеттеріне тікелей шоғырлануының пайдасына бюрократиялық жүктемені азайту.

Дәріс 9. Білім беру үшін веб мүмкіндіктері. Бұлттық технологиялар
Бұлтты технология — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Сурет 1 – бұлт құрылымы
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп,оны өзгерте алмайды.
Тиімділігі:

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет