Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


дәріс Алғашқы орта ғасырлардың аяғындағы



бет10/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

6 дәріс
Алғашқы орта ғасырлардың аяғындағы
Еуропа

1. Батыс Еуропадағы феодалдық құрылыстың негізгі сипаты


2. IX-XI ғасырлардағы Франция
3. VIII-IX ғасырлардағы Италия
4. IX-XI ғасырлардағы Германия
5. IX-XI ғасырлардағы Солтүстік Еуропа
6. IX-XI ғасырлардағы Англия
7. VIII- XI ғасырлардағы Испания


Әдебиеттер:
1. Неусыхин А.И. Возникновение зависимого крестьянства как класса раннефеодального общества в Западной Европе VІ-VІІІвв. М., Изд-во АН СССР, 1956.,гл.1,2, §І и особенно гл.3, а так же с.253-254, 387. с.7-23.
2. История средних веков. Учебник для академического бакалавриата. Под ред. И.Н. Осиновского, Г.А. Ртищевой, Н.В. Симоновой. – Москва, 2018.
3. Қ.Т. Жұмағұлов, Р.С. Мырзабекова Орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2015.
4. Б.Боранбаева Орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. Астана-2013.
5. Орта ғасырлар тарихы. І-том. А.,1976.
6. История средних веков. Хрестоматия. М.,1988, с.13-26.
7. История Европы.т.ІІ. Средневековая Европа. М.,1992.
8. История средних веков./под ред. З.В. Удальцовой и С.П. Карпова/ М.,1990.
9. Практикум по истории средних веков. Выпуск І. М.,1981.
10. Джон Норвич Краткая история Франции. М., 2020
11. Джеймс Хоус Краткая история Германии. М., 1919
12. Саймон Дженкинс Краткая история Англии. М., 1919
13. А.К. Қапышев, Е.А. Шайхыгалиев Дүние жүзі тарихы. Ежелгі және орта ғасырлар тарихы. Оқу құралы. 3 томдық. 1-том. Алматы, 2017.

Феодалдық қатынастар IX-XI ғасырларда Батыс Еуропаның көптеген елдерінде орнығып, жаңа феодалдық қоғамның нұсқасы көріне бастады. Феодалдық қатынастарға өту бірден жүзеге асқан жоқ, күрделі жағдайда жүрді. Мемлекеттік қатынастар тұрақсыз болды, Еуропаның картасы үнемі өзгеріп отырды. Енді бұрынғы варварлық королдіктердің орнына тұрақты жаңа феодалдық мемлекеттер пайда болып, жаңа халықтардың қалыптасу процесі тез қарқынмен дамыды.


Каролингтер империясы құлағаннан кейін 843 жылғы Верден шартының нәтижесінде өмірге келген үш мемлекеттен Франция мен Германия одан әрі дамып, өмір сүрді. Ал, Верден келісімі бойынша Ұлы Карлдың немересі Лотарь, Лотарь өлгеннен кейін оның баласы II Людовиг король болған Италия біртұтас мемлекет болған жоқ.
IX–XI ғасырларда Еуропаның басқа бөліктерінде жаңа мемлекеттер құрылып, этникалық жаңа топтар мен халықтардың қалыптасу процесі жүрді. VIII ғасырда Вестгот Испаниясын арабтар жаулап алғаннан кейін, 718 жылы королдік болған Астурия өз тәуелсіздігін сақтап қалды, ал IX ғасырда Испан маркасынан бөлініп шыққан Наварра королдығы құрылды.
Испан жерінің қалған үлкен бөлігінде VIII ғасырда пайда болып, X ғасырда Кордова халифатына айналған араб мемлекеті – Кордова эмираты өмір сүрді. Британиядағы англосаксондық королдіктер IX ғасырда бір королдікке – Англияға бірікті. Британияның солтүстігінде тәуелсіз Шотландия королдығы, ал батыста Уэльстің Кельт князьдығы өмір сүрді.
Еуропаның солтүстігінде IX-XI ғасырларда Скандинавия елдері – Дания, Норвегия, Швеция феодалдық даму жолына түсті.
Батыс Еуропаның көптеген елдерінде феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі IX-XI ғасырларда аяқталды. Италияда, Францияда феодалдық құрылым X ғасырда аяқталды, Англия мен Византияда XI ғасырдың аяғында, ал Германияда XII ғасырдың басында орнықты. Скандинавия елдерінде феодалдану процесі мүлдем баяу жүрді.
IX-XI ғасырлардағы Франция. Француз корольдігінің негізін 843 жылы Верден келісім шарты қалады. Келісім бойынша Франк мемлекеті Людовиг Благочествыйдың ұлдарының арасында бөліске түскен болатын. Уақыт өте келе Франция деген атауды иеленген батыс франк королдығы өзінің 843 жылғы шекарасын XIII ғасырдың ортасына дейін сақтады.
Француз корольдігінің этникалық құрамы өте күрделі болды. Елдің оңтүстік-батысында Гасконияда баскілер, солтүстік-батысында Бретанияда кельттер, солтүстігінде – Фландрияда герман тілді фламандтар өмір сүрді. Қалған территория роман тілдес болды, бірақ оны екі халық өкілі мекендеді – солтүстік француздар және оңтүстік француздар немесе провансальдықтар.
Елдің саяси орталығы солтүстік-шығыста орналасты. Ол кезде тұрақты астана болған жоқ. Король сарайы бірде Ланада, X ғасырдың аяғынан бастап Парижде тұрақтап жүрді. Шеткі аймақтарды басқару графтарға және олардың көмекшілері виконттарға тапсырылды.
987 жылы таққа Гуго Капета отырды. Капетингтер елді 1848 жылға дейін биледі. Саяси әлсіздік, вассалдық-лендік жүйенің жойылуы король билігінің беделін түсірді.
XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтіктері; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары. Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбады.
Король иелігі домен деп аталды. Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды. Кейін ол «Иль-де-Франс» деп аталды. Корольдің иелігі көлемі мен халқының саны жағынан герцогтер мен графтар иеліктерінен аз болды. XII ғасырдан бастап корольдер әр түрлі жолдармен өз иеліктерінің көлемін ұлғайта түсті. Король өз иелігін басқа жерлерді жаулап алу, тиімді үйлену, мұрагерсіз мырзалардың жерін косып алу, антын бұзған бағыныштының жерін тартып алу арқылы ұлғайтып отырды.
Бұл кезде француз шаруалары бағыныштылыққа түскен болатын. Осы кезеңде деректерде кездесетін «вилан», «колон», «серв» терминдері әлеуметтік сипаттын айырмашылығын көрсете алған жоқ.
VIII-IX ғасырлардағы Италия. Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін де Италия бытыраңқы ел ретінде қала берді. Верден келісімі бойынша ол тәуелсіз корольдік статусын алды.
Италиядағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы VIII-IX ғасырларда жүрді. Лангобард корольдығында феодалдану процесі барынша баяу жүрді.
Италия тарихының өзге Еуропа елдерімен салыстырғандағы ерекшелігі – қалалардың санының өте көп болуы. VIII-IX ғасырларда жаңа қалалар пайда бола бастады. Елде ішкі-сыртқы сауда жақсы дамыды. Еуропамен, Африкамен, Таяу Шығыспен сауда қатынастары жолға қойывлды. Тиррен теңізінің жағалауында ірі порттар – Генуя, Пиза, Амальфи пайда болды. Порттардың испаниямен, Туниспен, Египетпен, Византиямен сауда байланысы өркендеді. IX-XI ғасырларда олар феодализмнің алғашқы сатысында тұрды. Солтүстік және орталық Италияда товар-ақша қатынастары ерте туып қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліенуіне алып келді. Осының нәтижесінде ортағасырдағы жаңа экономикалық оталықтар – қалалар пайда болды.
IX-XI ғасырлардағы Италия батыс пен шығыс елдері арасындағы делдалдық сауда орталығы болды.
Италия біртұтас ел болмады. IX-XI ғасырларда Италияның феодалдық бөлшектену бейнесін феодалдық князьдіктер, герцогтіктер, графтықтар, марграфтықтар, епископтықтар, қала мемлекеттер толықтыра түсті. XI ғасырлардың дейін қалалық республикалар шықты. Мысалы, Милан, Пьяченца, Верона, Падуя, Парма, Венеция, Генуя, Пиза, Флоренция, Лукка және т.б.
Италиядағы саяси бытыраңқылық пен итальян феодалдары арасындағы алауыздықты пайдаланған герман императоры Оттон I 951 жылы әскерімен Италияға аттанып Павиа қаласын алады, 961 жылы жорығын тағы қайталады. 962 жылы папа Оттон I ді императорлық тәж кигізді. Сөйтіп құрамына Италия мен Германияның көп бөлігі кірген «Қасиетті Рим империясының» құрылуын жариялады.
IX-XI ғасырлардағы Германия. 843 жылы Франк державасы үшке бөлінгенде жаңадан пайда болған корольдіктерді Ұлы Карлдің ұрпақтары биледі. Бірақ 919 жылы Шығыс Франк корольдігінде (болашақ Германияда) жергілікті шонжарлар осындағы княздердің ең құдіреттісі – Саксония герцогы Генрихті король деп жариялады. Генрихті король деп жариялағаннан кейн, Еуропаның картасында жаңа мемлекет – Германия корольдығы пайда болды.
Германия жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері 962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді «Қасиетті Рим империясы» деп аталды. XI ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды. XI ғасырдың ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық біртіндеп күшейе түседі. Германиядағы ұсақ және орташа ауқатты жер иелері тікелей корольге емес, кінәздерге, герцогтерге бағынды. Ал кінәздер өз биліктерін нығайтып, бейбітшілік кезінде корольге тәуелді болмады.
1356 жылы император IV Карл «Алтын булла» деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті.
«Алтын булла» Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді. Императорлардың қолында атқарушы аппарат болмады. Елдің жалпыға бірдей заң шығаратын, империялық қаржы мәселесімен айналысатын мекемелері қалыптаспады. Жергілікті кінәздердің дербестігі, орталық өкіметке тәуелсіз болуы Германияның саяси өмірінің басты ерекшелігіне айналды.
Германияның ірі қалалары экономикалық жағынан өзара бір-бірімен емес, қайта шетел орталықтарымен анағұрлым көбірек байланыста болды. Оңтүстік-шығыстағы қалалар Венециямен сауда-саттық жұмыстарын қызу жүргізді. Батыстағы қалалар сауда-саттық қарым-қатынастары жағынан Францияға және Фландрияға қарай бейімдеу тұрды. Солтүстіктегі қалалар Англиямен, Скандинавия және Балтық жағалауы елдерімен сауда-саттық жасады. Германия қалалары бірігуге ұмтыла қоймады. Неміс қалаларының шет елдермен экономикалық байланыстары өскен сайын олардың өзара ішкі қарым-катынастары нашарлай түсті. Елдегі саяси бытыраңқылық Германияның экономикалық дамуына кедергі келтіре бастады.
Ортағасырлық Германияда елдің саяси бытыраңқылығын жоюды көздейтін король өкіметі мен қалалардың арасындағы одақ қалыптаспады. Герман рыцарьлары. Германияның жергілікті кінәздерінің күшеюіне олардың Балтық жағалауындағы елдердің және славян халықтарының жерлерін басып алулары да себеп болды. Ол халықтарға қарсы жасалған жорықтардың ең негізгі соғыс күші феодалдар - рыцарьлардан тұрды. Олар славян, Балтық жағалауы халықтарының жерлерін басып алып, оңай олжа таппақ болды. Славяндардың лютич тайпасының жерін басып алу жорығын кінәз Альбрехт Медведь басқарды. Оның басып алған жерінде Бранденбург маркграфтығы құрылды. Берлин қаласы оның орталығы болды. XIII ғасырда неміс рыцарьлары Латвияны, Эстонияның оңтүстік бөлігін, литвандық прус тайпасының жерлерін басып алды. 1237 жылы рыцарьлар Тевтон ордені деп аталған одақ құрды. Оның иеліктері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын түгелге жуық камтыды. Бұл одақ өзінің жерін Орыс елінің есебінен ұлғайтуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Жаулап алынған Эльба сыртындағы жерлерде өзінің үстемдігін нығайту үшін неміс рыцарьлары неміс шаруаларын пайдаланды. Оларды басып алынған жерлерге жеңілдік шарттарымен қоныстандырды. Бұл шаруалардың бастарына азаттық берілді, олар алғашқы кезде салықтардан босатылды. Германдық отарлау Эльба сыртындағы жерлер үшін пайдалы болды. Енді бұл жерде экономикалық өрлеу басталды. Егістік жердің көлемі артты. Жаңа қалалар пайда болды.
Еркін қалалар Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды. Қаланың орталығы әдетте сауда-саттық алаңы саналатын. Алаң маңында қала әкімшілігінің үйі - ратуша салынатын. Алаңның бір шетінде орталық шіркеу орналасты.
Ортағасырлық қалалар феодалдар жеріне салынатын, сол себепті ол лажсыздан феодал-мырзаларға бағынуға мәжбүр болатын. Қаладағы қолөнер кәсібі мен саудадан феодалға көп пайда түсетін. Қолөнершілер мен саудагерлерге феодалдың салығы көрер көзге зорлық еді. Сондықтан да қала тұрғындары феодалдарға қарсы күрес жүргізіп отырды. Ол күрестің нәтижесінде кейбір қалалар өзін-өзі басқару құқына қол жеткізді. Германиядағы ХІІ-ХІІІ ғасырларда тәуелсіздікке қол жеткізген қалалар Любек, Гамбург, Бремен, Нюрнберг, Аусбург, Майндағы Франкфурт және басқалар болды. Өзін-өзі баскаратын қала-коммуналар да калыптасты. Ондай қалалардың өзіндік қалалық соты мен қалалық әскери жасақтары болды. Өзіндік қаржы жинау және өзара салық салу құқына иелік етті. Олар феодалға төлейтін салықтардан босатылды. Қалалық кеңес жинаған салық қала мүктаждығына, әкімшіліктің айлық ақысына жұмсалды. Кейбір бай қалалар мырзадан өз тәуелсіздігін көп ақшаға сатып алатын. Қала тұрғындарының жеке басы тәуелсіз болатын. Ауылдарда күнін көре алмағандар және өз мырзаларынан қашқандар қалаға ағылатын. Олар «қаладағы ахуал бостандыққа жеткізеді» деп есептеді. Ортағасырлық қалаларға қашып барған басыбайлы шаруаны иесі бір жылдан 1 - 2 күн асқанша таба алмаса, онан әрі қарай әлгі шаруа тәуелсіз болып саналатын. Енді ол шаруаны қожайынның өзіне қайтарып алуға құқығы болмайтын. Қала құқығына қол салғысы келген кінәздермен, рыцарьлармен күрес тоқталмады. Билігі шектеулі император қалаларды кінәздердің зорлық-зомбылығынан, рыцарьлардың талан-таражға салуынан қорғай алмады. Император қалалардың сыртқы саудасына да көмектесе алмады. Сол себепті Германия калалары өз мүдделерін өздері қорғауға мәжбүр болды. Осы мақсатпен олар өзара одақтар құрды. Мұндай қала одақтарының бірі Солтүстік Германиядағы Ганза одағы болды. Ганза одағы сыртқы сауданы ұйымдастырды, шет елдермен соғысу немесе бітім жасау мәселелерін шешті. XIV ғасырдың 70-жылдарында құрылған неміс қалаларының Швабия, Рейн одақтары да өз мүдделерін табысты қорғап отырды. Германиядағы шіркеу орталықтарының жағдайы XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы күшейді. Оның ұлан-байтақ жер иеліктері болды. Ол жерлерден түсіп жатқан табыстар Рим папасының қазынасына жөнелтілетін. Католик шіркеуі индульгенциялар сату арқылы көп табыс тауып тұрды. Индульгенция деген Рим папасының атынан сатылатын немесе ерекше қызметі үшін сыйға берілетін грамота еді. Сол грамотаны алған адамның бұл дүниедегі күнәсі кешіріледі, о дүниеге барғанда жаны жұмақтан орын алады деп есептелді. Сонымен қатар шіркеу құдайға табынуға келгендерден де көп табыс табатын. Қоғамдағы тәртіп мәселесінің қатаң сақталуына үлес қосып отырған болып, кінәздерден де жер, мал-мүлік, ақшалай сыйлықтар алып отырды. Католик шіркеуі өзіне қарсы пікір айтушыларды құдайдан безген деп жариялап, қатаң жазалады. Балама пікірге жол берілмеді. Бұл әрекет ғылым-білімнің, ақыл-ойдың дамуына едәуір кедергі келтірді. Германиядағы феодалдық бытыраңқылықты, өкімет билігінің әлсіздігін пайдаланып, католик шіркеуінің басшылары қоғамдық қатынастарда да өз үстемдігін орнатты. Дінбасылары кінәздерді бағыныштылықта ұстауға тырысты. Орталықтандырылған өкімет билігі күшті Англия мен Францияда олардың мұндай әрекеттеріне шек қойылған болатын. Тек бытыраңқы Германияда ғана Рим папасы барлық билікті өз қолына шоғырландыруға тырысты. Католик шіркеуі орталықтарының қыруар жерді иемденуі жері жоқ неміс рыцарьларының да наразылығын туғызған болатын. Жері құнарлы, ауа райы шаруашылыққа өте қолайлы Германияда католик шіркеуі табысқа белшесінен батты. Ол табысынан мемлекетке салық төлемеді. Сол табыстарының арқасында шіркеу үлде мен бүлдеге бөленді, өте қымбатқа түсетін діни мейрамдарды жиі өткізіп тұрды. Шіркеу табыстарының ауыртпалығы карапайым еңбекші халыққа, яғни шаруаларға, колөнершілер мен саудагерлерге түсетін. Сол себепті олардың католик шіркеуінің озбырлығына деген наразылығы күннен-күнге күшейе түсті. Католик шіркеуінің балама пікірге жол бермейтін қатыгездігіне оқымыстылар, зиялы кауым наразылығы да күн санап арта берді. Ақыры, католик шіркеуінің өкімет билігіне ұмтылуы неміс кінәздерінің наразылығын туғызды. Сөйтіп XVI ғасырдың басында Германиядағы барлық әлеуметтік топтардың Рим папасына, шіркеу орталықтарына қарсы наразылықтары шегіне жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет