20
бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне жəне билік иесіне
бағынуы тиіс. Бірақ 945 жылдан бастап имандар
негізінен діни беделмен
шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.
ХХ ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола
бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар
католик шіркеуіне қарсы шығып,
адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мəселесі, оның
мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алды. Қоғамдық санада
«гуманизм» түсінігі орын алды.
Қайта өрлеу дəуірінің көрнекті өкілі буржазиялық саяси ғылымының
негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 – 1527). Оның атақты шығармалары
«Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөніндегі ойлар», «Флоренцияның
тарихы».
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім
емес, тəжірибе деп білді. Ол мемлекетті билік жүргізуші
мен оған
бағынштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті,
еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола
алады. Макиавелли əділдік пен адамгершілік емес, алға
қойған саяси мақсат
тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін, айланың қай түрін болса да
қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге
түсінбейтін керітартпалармен күресте жауыздық пен күшті
пайдалануға
болады. Қаталдық өзіне бағыныштылардың пайдасы үшін бірақ рет
қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске
алынбай «мақсат əдіс, тəсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген
атпен тарап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: