119
Пауперизм
- біраз
халықтың қайыршылануы, жаппай жарлы-
жақсыбайлық.
Пацифизм
- соғыстың
қандай
түріне
болмасын
қарсы
тұрып,бейбітшілікті жақтайтын ағым, қозғалыс. Ол XIX ғасырдың жартысында
пайда болды.
Перманенттік - тұрақты, үздіксіз жалғаса беретін. Мысалы, К. Маркс
перманенттік революция туралы айтқан болатын.
Петиция - жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде
жазылған өтініш.
Плебисцит - ерекше маңызды мəселе туралы
барлық халықтық пікірін
сұрау, анықтау.
Плутократия - 1) мемлекеттік билік байларға бағынышты болған саяси
құрылыс; 2) байлардың билігі; 3) ақшаның үстемдігі.
Позиция - 1) белгілі бір мəселеге, іске ұстанған көзқарас пікір.
2) орналасу орны, бағыт.
Полемология - соғыстың жəне
қарулы қақтығыстың себептерін,
мəнін,ерекшелігін, зардап салдарын жəне т.с.с. жан-жақты зерттейтін ғылым.
Полис - ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси экономикалық
ұйымы, мемлекет қаласы.
Прагматизм - алға қойылған мақсатқа іс жүзінде жету үшін
ұстаған
бағыт. Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай, нақтылы нəтижеге жетуге
тырысады.
Преамбула - халықаралық
келісімнің,конституция, декларация жəне т.б.
заңсыз құжаттардың кіріспе бөлімі.
Президент - 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір
мерзімге сайланған мемлекет басшысы. 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық,
ғылыми
мекемелердің, коорпорация, компания жəне т.б. төрағасы.
Достарыңызбен бөлісу: