Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


Нота - бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады. Нувориш



Pdf көрінісі
бет56/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Саясаттану

Нота - бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты.
Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.
Нувориш - сауда-саттық жəне т.с.с. тəсілдер арқылы тер төкпей тез
байыған адам. Əдетте, ондайлар қоғамның жоғарғы сатыдағыларымен тіл
тауып, билік басына келуге, қоғамдық өмірге əсер етпеуге тырысады.
О
Обструкция - белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларын қарсы
наразылық білдіретін, кедергі жасап, қабылдамауға тырысудың бір түрі.
Мысалы, мұндайда депутаттардың бір бөлігі келіспегендіктен шу көтеруі,
орнынан айқай салуы, тұрып кетуі мүмкін.
Объект - субъектінің танымдық жəне басқа іс-əрекеті бағытталған зат.
Саясаттанудың объектісіне саясат əлемі жатады.
Одақ - жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік.
Парламентте партиялардың депутат тобы қандай болмасын бір заңды қолдау
немесе қабылдау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси
мақсаттарды, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-əрекет жасамақ болып
өзара келіседі. Экономикалық, əскери жəне т.б. мəселелерді шешу үшін
мемлекетаралық одақтар құрылады.
Оккупация - бір елдің жерін екінші мемлекеттің əскер күшімен уақытша
басып алуы. Онда сол мемлекет өкімет билігі жойылады, басқару органдары
оккупациялық əскери күштердің əкімшілігіне беріледі.
Олигархия - саяси жəне экономикалық билік азғантай топтың қолында
тұрған биліктің түрі. Немесе, сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы
саласында да болуы мүмкін. Сондықтан қаржы олигархиясы деп аталады.
Оппозиция - 1) саясатқа, саяси іс-əрекетке, қайраткерге қарсылық
көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің
немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге
парламенттік оппозицияны əдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды. Олар
билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет