Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»


-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің болжамы және жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздерін құрастыру



бет6/14
Дата29.09.2023
өлшемі409.83 Kb.
#479158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәрістер ДОК

7-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің болжамы және жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздерін құрастыру

Әлеуметтік педагогаканы зерттеу әдістері мен үстанымдары. Алдымен әлеуметтік педагогиканың зерттеу үстанымдары туралы сөз қозғау керек. Себебі, үстаным (принцип) дегеніміз — педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.


Әлеуметтік педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:
жүмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
қоршаған ортаның мәдениетін, басқа да ерекшеліктерін есте үстау;
ізеттілік қарым-қатынас орнату арқылы ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жүмыс істейді, Бүл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амонс Коменский (1592—1670 жж.) болатын. Ол әйгілі "Үлы дидактика" деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық жөне жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.
Француз философы Жан Жак Руссо (1712—1778 жж.) өзінің әйгілі "Еркін тәрбие" теориясында "баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей болмысыидағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек" деген. Бүл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиешілер мынадай ережелерді есте тұтады:
баланың жас ерекшеліктерін ескеру;
баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру;
өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.
Баланы қоршаған орта, мәдениетпен байланыста, дамуы ұзақ жылдардан бері жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті өздестіру (освоение) арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып Адольф Дистервег (1790—1866 жж.) атап көрсеткен болатын. А.Дистерверг баланың дамуы туған жері, ол туған заман, қоршаған орта, ол туған халықтың жинақтаған мәдениетін меңгеру арқылы іске асатынын айтқан еді.
Орыс педагогі к.д.ушинский (1824-1870 жж.) Баланы білімді, мәдениетті адам етіп тәрбиелеу үшін оны жазуға, оқуға, есептеуге және ана тіліңде оқып сөйлеуге, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өсуіне жетелеу керек екендігін "родное слово" дегеноқу кітабында жан-жақты қарастырған.
Баланы қоғамдағы — тұрмыс, зерде, саяси, діни, құлықтық г.б ұғымдармен таныстырып және бойына сіңіріп тәрбиелеу кврек. Егер бала оларды меңгере алмай қалса, онда әр түрлі күіпеген ахуалдарға кездеседі, ал ол өз кезегінде баланың бойында теріс әрекеттерді туғызуы мүмкін (мінезі, көзқарасы, ой-пікіріт.б. Өзгереді). Оларды жоюға арналған іс-шараларды педагог баланың отбасымен бірлесе отырып ұйымдастырады. Мысалы, кейбір құлағы естімейтін, тілі мүкіс балалар биге қабілетті, сурет салады, компьютермен жұмыс істей алады. Бұл интузиазист педагогтардың құлпіынысының нәтижесі деугеболады. Мұндай көрініс көпшілік қауымға тән болмаса да, әлеуметтік педагогтар ескеретін басты мәселелердің бірі.
Бұл үстанымдарды жүзеге асырудың ережелері мыналар:
-ауытқулары бар балалардың қалыптасуына мәдениеттің әр түрлі салаларымен таныстыру арқылы ықпал ету;
-дамуында ерекше кемшілігі бар балалардың бойындағы шығармашылық мүмкіндіктеріне ерекше мән беріп соны пайдалану;
[згілікті жуықтау (подход) ұстанымы кез келген адамды,
соның ішінде баланы да тұлға ретінде қүрметтеп, оның
еркіндігін, құқығын қорғау, адамгершілік тұрғысынан қарым-қатынас орнату, мейірім, қайрымдылық көрсетіп, көмектесу дегенді білдіреді. Ізгіліктілік (гумандылық) деген ұғымнан басқа ізгілікті (гуманизм), ізгілендіру (гуманитарлы) деген
ұғымдар да педагогикада кездесіп жүр. Педагогикада бүл
латын тілінің "himanus" сөзінен аударғанда "ізгілікті" дегенді
білдіреді. '
Оқу –тәрбие жүмысын ізгілендіру қазіргі кезде кең ендіріле бастады. Оның маңызы — адамдардың
іс-әрекетіне ізгілікті бағыт беру және оны санаға сіңіру, жеке тұлғаның өз басын сыйлау, оның құқығын, еркіндігін сыйлау. Сағын сындыру, жігерін жаншу, жанын азапқа салу, рухани басьну, кемсітіп, қорлау секілді тәлім-тәрбиеде теріс әсер ететін шаралардан аулақ болуды көздейді.
Әлеуметтік педагогиканы зерттеу. Кез келген білім саласының ғылымилығы — оның зерттелуі, теориялық үғымдар мен түсініктерінің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формалары, заңдылықтары мен анықтамаларыньщ нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу, теориялық білімдерді жасау — ғалымдардың және басқа да зерттеуші-қызметкерлердің таньп-білу іс-әрекетінен тұрады.
Оның екі түрі-бар: тәжірибелік (практикалық) және теориялық. Тәжірибелік зерттеу жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол - мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да қызметкерлердің тәжірибелік жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерітеушілер, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мүғалімдер, жалпы педагогтар т.б. жүргізе алады.
Ғылыми зерттеудің бүл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзара тығыз байланыста. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибелік жұмыста білім ­ғылымның жетістіктері қодданылып, зерттеуді одан әрі нәтижелі ұйымдастыруға негіз бола алады.
Әлеуметтік педагогика XX ғасырдың 80 жылдары пайда болып, практикаға ене бастаған. Бұл ілім біздің елімізде әлі жас болғандықтан, толық, жан-жақты зерттеліп, қорытындылар жасалған жоқ. Алайда оның адғашқы қарлығаштары да бар. Мысалы, Г.Уманов, Л.Керімовтың і! Қиқар бала" мөселесі, К.Қ.Құнантаеваның әйелдерге білім беру мен тәрбиелеу, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы, I. Р. Халитованың әлеуметтік педагогтарды даярлау мәселесі, Ж.Жаназарованың отбасымен әлеуметтік жұмыс туралы жекелеген еңбектері бар. Қазіргі кезде жалпы әлеуметтік мәселелерді зерттеуге белсенді қатысып жүрген ресейлік бірқатар ғалымдарды атауға болады: В.Г.Бочарова, И И.Загвязинскйй, А.В.Мудрик, Л.Я.Олиференко, Г.М.Филонов, М.АГалагузова ж.б. осы ғылымның қазіргі заман талаптарына сай дамуына үлес қосты.
Ғылыми негізде қалыптасып келе жатқан осы ілімнің пәнін, нысанын анықтап, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамға тигізетін әсерін, көмекке мүқтаж адамдардың, жетім-жесір,қарт, қараусыз қалғандармен үй-күйсіз қалғандарға назар аударып, олардың адамша өмір ( сүруіне жағдай жасаудың, күйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады.
Қазіргі кезде әлеуметтік педагогтардың алдына қойылатын талап— теориялық және практикалық жұмыстармен кеңінен танысып, әлеуметтік ортада тиімді жұмыс істеу болып табылады. Бұл үшін, әрине, әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерқажет.
Әлеуметтік педагогаканы зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен табыстылығы — оны танып-білуде қолданған теориялық көздері, ой~пікірлері, өдістері мен тәсілдері, технологиясын колдануына байланысты.
()сыған орай Загвязинский мынадай бес негізгі теориялық көздерді бслгілейді:
1. Қоғамның әлеуметтік тапсырмасы мен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-пікірлердің сәйкестігі;
2. Адам туралы ілім-білімнің барлық жетістіктерінің кешенді түрде қолданылуы (мысалы, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, психиатирия т.б.);
3. Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;
4. Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ету әлеуеті.
5. Әлеуметтік салада жүмыс істеген қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті.
Міне, осы көрсетілген зерттеу көздеріне сүйеніп, әлеуметтік педагогиканы зерттеу өдістері, тәсілдері мен технологиясын іріктеп алудың маңызы зор.
Әдіс - бір істі жүзеге асырудың жолы, тәсілі. Педагогика ғылымында (метод - гректің "methodos") алдыга қойған мақсатқа қол жеткізу, мәселелерді шешудің тәсілдері, құралдары мен түрлерін қамтиды. Олар жалпы ғылыми әдістер, эмпирикалық - байқау, диагаостикалау, эксперимент, сауалнама тағы басқалар; теориялық ~ дерексіз (абстрак-циялы) моделдер түзу және бүлардан басқа талдау, жіктеу, жалпылау, топтастыру, салыстыру, жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға, қорытындылар шығару т.б. болып болінеді.
Осындай жалпы ғылыми әдістерден басқа да тәсілдер мен әдістер бар. Әлеуметтік педагогика салыстырмалы жас гылымдардың бірі болғандықтан және бірқатар ғылым салаларының басын біріктіргендіктен, оның зерттеу әдістері де оған жақьн ғылымдардан алдымен педагогикадан, әлеуметтік психологиядан, әлеуметтану, психиатрия, физиология т.б. алынған.
Қандай да бір ғылымды зерттеу алдымен ғылыми-теориялық әдебиеттер мен практикалық іс-тәжірибелерін танып-білуден басталады. Демек, әлеуметтік педагогиканың ең негізгі әдістері әдебиеттерді,ғылыми-теориялық зерттеулер мен тұжырымдарды және басқа да шыгармаларды таңдап алған нысанаға байланысты танып-білуден басталады.
Екінші бір аса маңызды әдіс - байқау. Ол белгіленген мақсатқа сәйкес жүргізіледі: жеке бір баланы не балалар тобын тікелей зерттеу немесе фотосурет, кинотаспаға жазуды қолдану, табиғи ахуалды өзгертіп және сол жағдайда байқау. Мұндай байқауларды зерттеудің мақсаты мен міндеті, болжамына қарай құпия (балаларға білдірмей) жүргізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір құқықтық нормалардан шығып кетуге де болмайды.
Сауалнама әдісі ~ анкета. Мақсатқа сәйкес, алдын-ала даярланған сауалдарды жазба түрінде оқушыларға таратып, онда алынатын жауаптар да қысқаша жазылады. Оқушылар ондағы "жоқ, иә, кейде, ешқашан" секілді басқа да жауаптарды белгілейді. Сауалнама әдісі екі түрлі формада - ашық, (оқушылардың аты-жөні көрсетілген) не болмаса құпия түрде (анонимді, аты-жөні көрсетілмеген) өткізіледі.
Әдебиет

1. Мардахаев Л.В. Методология диссертационного исследования и его оценка //Соискатель-педагог.- 2008. - № 3.- С. 19-34.


2. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика. Полный курс: учебник.- М.: Издательство «Юрайт», 2011.- 797 с.
3. Мынбаева А.К. Современное образование в фокусе новых педагогических концепций, тенденций и идей: Монография. – Алматы: Раритет, 2005.-90 с. .
4. Новиков A.M. Методология образования. Издание второе. – М.: «Эгвес», 2006.- 488 с.
23. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.
5. Скалкова Я. и коллектив. Методология и методы педагогического исследования. - М.: Педагогика, 1988. -144 с.
6. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. - М.: Педагогика, 1986. -144 с.
7. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Монография.- Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2001.-350 с.
8. Теория и практика педагогического эксперимента /Под ред. А.И. Пискунова, Г.В. Воробьева. – М.: Педагогика, 1979. - 208 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет