Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»



бет4/14
Дата29.09.2023
өлшемі409.83 Kb.
#479158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәрістер ДОК

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы. Астана, 2010.


2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ана тілі. № 52 (1153) 21 желто0сан 2012 – 4 қаңтар 2013 жыл, 1, 8-13 беттер.
3. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика. Учебник для магистратуры университетов.- Алматы: Қазақ университеті , 2006.-328
28.
4. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 400 с.
5. Введение в научное исследование: Учебное пособие /Под ред. В.И.Журавлева.- М.: Просвещение, 1988.
6. Герасимов И.Г. Научное исследование. М.: Политиздат, 1972.
7. Мынбаева А.К. История, теория и технология научной деятельности высшей школы: Монография. - Алматы, 2010.-257 с.
8. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001. - 208 с.
9. Таубаева Ш. Научно-педагогическое исследование: методология и методика. Учебное пособие. – Алматы, 2010. - 238 с.


5-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды зерттеу негіздері – классикалық пен мәдениеттанушылық парадигмалар.

5.1.Педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі парадигмалар.


Парадигма – (грек. paradeigma – үлгі) –1. берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы соларға қарап ұйымдастырлатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі.ұғымды енгізген американдық тарихшы Т.Кун ғылыми пәннің дамуында препарадигмалық кезеңі. парадигма үстемдігі кезеңі, дағдарыс және ғылыми революция кезеңі. парадигма тұжырымдамасы алға қойған проблемалар ғылыми пән және оның даму кезеңдкері туралы, танымның субъектісі ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы отандық ғылымда диалектикалық материалистік әдіснама тұрғысында талдап шешілуде, 2. шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 3. белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі. Парадигма (гректің paradeigma) – үлгі, мысал, модель. Философия мен социология – уақыттың өтуіне байланысты өзгеретін және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін сипаттайтын бастапқы тұжырым. Парадигма түсінігі педагогикада екі типтегі мәнмен толықтырылады. Бірінші типтегі мәнге Т.Кунның классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми ортада мәселелерді және олардың шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі, нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі. Парадигманың екінші түсінігі В.В.Краевский, Е.В. Бондаревская, И.А.Колесниковалардың пайымдауынша, парадигма мазмұны, идеялары, негізі білім жүйесін жобалаудың тұғырлары, білім стратегиясы немесе үлгісі салынған құбылыс ретінде қарастырылады.
Парадигма ғылыми және білімдік деп екіге жіктеледі:
Ғылыми парадигма – барлық ғылыми қауымдастықтар мойындаған, жаңа ғылыми зерттеулер үшін негіз бола алған ғылыми жетістіктер жиынтығы. Білімдік парадигма – педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған теориялық, дүниетанымдық алғы шарттарының жиынтығы.
Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің әлеуметтік феномен ретіндегі негізгі параметрлерінің (білімдік, мәдени-құндылық, технократтық, ізгілік, дәстүрлі т.б.) басым болуымен қалыптасады. Белгілі парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған екі парадигманы ашып айтуға болады, олар: ізгілік және классикалық парадигмалар.
Классикалық парадигманың өмірге келуі Я.А.Коменскийдің XVI ғасырдағы «Великая дидактика» еңбегінен, К.Д. Ушинскийдің XIX ғасырдағы «Человек как предмет воспитания» трактаттарынан бастау алады. Классикалық парадигма білім жүйесін ұрпактан ұрпаққа білім, білік, дағдыны, ғылым жетістіктерін, адамның қызмет тәсілдерін жеткізуші үрдіс деп көрсетеді. Классикалық парадигма білім берудің нормасына, идеалына уақыттың талабына сай толықтырулар мен өзгерістер енгізгенмен, оның іргелі мақсаты, құрылымы мен мазмұны сақталып отырды.
Ізгілік парадигмасы «барлығы адам үшін», «адам байлығы үшін» ұстанымдарына негізделіп, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Ізгілік парадигмасы өзінің негізгі құндылықтары ретінде адамды таниды, оны қабілеті, қызғушылығы, өзін-өзі жүзеге асырудағы ынтасы қалыптасқан тұлға деп қарастырады.
Кеңестік білім беру парадигмасы тұлғаны жоспар мен бағдарламаны іске асырушы ретінде қарастырып келді де, оның субъектілік қасиеттері, өздік құндылықтары ескерусіз қалып қойып отырды. Кеңестік білім беру парадигмасында негізгі басымдылық тәртіп үлгілерін жүзеге асыру болған.
Жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағдымен шектелетін білім жүйесін тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетімен қамтамасыз ету мақсатындағы құзырлылық тұғырына ауыстыруды болжамдайды. Мұндай бекім кешегіге қарап жалтақтамайтын, болашаққа бет бұрған адамның күрделі жүйеге, білімге қатынасымен негізделеді. Жаңа білім парадигмасы жағдайында оқушы педагогикалық әсер объектісі емес, танымдық қызмет субъектісі болып табылмақ.
Бүгінгі күні білім «пәндік-білімдік», «өлшемді-ағартушылықтан», тұлғаның жеке даму траекториясын ұйымдастырушы, адам мәдениетін көтеруші, икемді тетігі бар ашық әлеуметтік институт деңгейіне көтерілуде.
Педагогикалық білім беру жүйесін қайта құруда тұжырымдамалық тұғырмен қатар көп парадигмалық тұғырды пайдалана отырып, біз төрт парадигманы бөліп қарастырдық: тәлімгерлік (мұғалім – білім беруші, ол оқушының білім алу мақсатын айқындайды, қажетті өзгерістерін жоспарлайды, оқушыларда қалыптасатын қасиеттер мен сапаларын жобалайды), білімдік (оқытудың лекциялық-семинарлық формасы және білім сапасын тексеруде ауызша емтихан басты орын беріледі), құралдық-технологиялық (педагог пен оқушының бірлескен әрекетін көп түрлі интеллектуалдық құрылымдар арқылы ұйымдастыру, оқытудың жобалық және зерттеушілік формаларын, тест тапсырмаларын пайдалану, оқытуды ақпараттандыру және компьютерлендіру), әдіснамалық-инновациялық (бұрын жинақталған құралдарды біріктіру. Білім беруді инновациялар өндірісі деп түсіндіру. Студенттің жеке тұлғасына, оның мәдени дамуына, жеке тұлғалық және кәсіби дамуына, әрбір студентке мәнді болып табылатын оқыту формалары мен әдістерін құрастыруға бағдар).
Демек, педагогикалық білім беру жеке тұлғалық парадигманы өзектендіруде. Жеке-тұлғалық парадигма – бұл бір-бірімен тығыз байланысқан идеялар, түсініктер және әрекет тәсілдері арқылы тұлға мен қоғамдық қатынас арасындағы әлеуметтендіру үрдісін қамтамасыз ететін педагогикалық қызметтің жалпы ғылыми әдіснамалық бағыты. Жеке-тұлғалық парадигманың мәні оның баланың қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруы, оның өзіне ғана тән тұлғалық сапалары арқылы өзіндік даму траекториясын анықтауы, педагог пен оқушы арасындағы субъектілік қарым-қатынасты орнатуға бағытталуы арқылы ашылады.
Соңғы жиырма жылдықта жоғары педагогикалық білім берудің заңнамалық және нормативтік базасы, білім беруді басқару жүйесі, ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары қалыптасып келеді. Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жеке тұлғалық және инновациялық парадигма деңгейінде жасалуы білім берудің нәтижесінің әдіснамасының жаңа сапаға көтерді деуге болады. Бұл нәтиже оқушының және болашақ мұғалімнің құзіреттілігінің қалыптасуын талап етеді. Стратегиялық құжаттарда білім алушының құзіреттілігі – білім үдерісінің басты нәтижесі деп табылды және білім беру жүйесіне құзіреттілік тұғыр - әдіснамалық негіз ретінде ұсынылды.
Құзырлылық тұғырындағы негізгі құндылықтар:
білім философиясы деңгейінде оқушыны «оқушы» мәртебесінде қабылдауды емес, әр оқушының бойынан даралық адами қасиетті көре білу;
білім парадигмасы деңгейінде оқушыға жеке пәндік-білімнің берілуін емес, жеке пәндер арқылы білімнің жеке тұлғаға бағытталуын қамтамасыз ету;
білім тұжырымдамасы деңгейінде нәтиженің білім, білік, дағдымен шектелуін емес, күтілетін нәтиже ретінде білім, білік, дағдымен қоса, тұлға қасиеті мен тұлға қабілеттерін есепке алу;
білім стандарты деңгейінде білдіру, оқыту, үйрету қызметінің орнына, әр оқушының өз бетімен әрекет жасауына жағдай туғызу;
нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесі деңгейінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты субъект-субъектілік деңгейде ұйымдастыру;
дидактикалық үрдістегі негізгі құндылық педагогикалық технология болып отыр.
Педагогикалық білім берудің парадигмасына сәйкес оның моделдері қарастырылмақ. Айталық, шетелдік тәжірибеде (Францияда) «магистр-мұғалім», «техник-мұғалім», «технолог-мұғалім», «шебер мұғалім» атты мұғалімнің төрт моделі анықталған. Біздің отандық тәжірибемізде, кредиттік оқыту жүйесі ендірілген, он жылдам аса уақытта «бакалавр» академиялық дәрежеге ие маман негізінен мектеп мұғалімі, «магистрі» академиялық дәрежесі барлар мектепте де, жоғары педагогикалық оқу орнында да қызмет жасай алады.
Бүгінгі күні жоғары педагогикалық оқу орындары өз құрамында ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми-практикалық орталықтарын, зертханаларды, магистратура және доктарантура институттарын ашып, педагогикалық білім берудің инновациялық жүйесін іздестіруде.

Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері (оның мазмұнын анықтайтын әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды танып-білу) ғылымтану ұстанымы тұрғысында гносеология деңгейінде әлеуметтік педагогиканың өз әдіснамасының аса маңызды құрамдас бөлігін білдіреді. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің мазмұнын ашатын теориялық білімді, оның бөлімдерін, факторларын, қайшылықтарын, үрдісі мен Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі - теорияның танымдық қызметін іске асыратын білім. Ол әлеуметтік-педагогикалық практиканың танымдық мәселелерінің алғышартын және зерттелуін, сондай-ақ, алған білімінің дұрыс болуы шартын қамтамасыз етеді.


Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика жеткілікті түрде қайшылықты қалыптасқандықтан, өз кейпін оның парадигмасынан (мысалынан) тапты.
Әлеуметтік-педагогикалық практиканың түрлі жақтарын адам мен қоғам туралы ғылымдардың кешенінде көрсеткен ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланысының басымдығын бөліп көрсету оларды сыныптау үшін негіз болды.
Бірінші парадигма – педагогикалық. Оны бөліп алуға әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылыммен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның орнын педагогика салаларының бірі ретінде анықтау негіз болды. Аталмыш білімнің қалыптасу тетігі – ұқсастық, яғни жалпы (тұтас) педагогиканың қасиеттері мен байланыстарын педагогикалық ғылымның бөліміне (бөлігіне) көшіру болмақ және бұл әлеуметтік педагогика болып саналады. Мысалы, педагогиканың қарастыратын пәні – тәрбие болса, әлеуметтік педагогиканың пәні – әлеуметтік тәрбие. Зерттеушілердің көбісі осы көзқарасты ұстанады.
Аталмыш парадигманың дамуында ғылымның дербес бөлімі – жеке тұлғаның әлеуметтік даму педагогикасы қалыптасты.
Алайда, жалпыны жекемен теңдестіру, педагогика мен әлеуметтік педагогика үшін ортақ байланыстарына назарды күшейтудің соңғысының ерекшелігін белгілеуге залал келтіретіндігі бұл парадигманы ғылыми тұрғыда алып қарағанда әрқашан да қисынды ете бермейді.
Екінші парадигма - әлеуметтік. Оны бөліп алудың негізі - әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік ғылыммен әдіснамалық байланысының артықшылығы болды. Оның қалыптасу тетігі - әлеуметтанудың жалпы қасиеттері мен байланыстарын әлеуметтік педагогикаға көшіру.
Әлеуметтік парадигма әлеуметтік педагогикада орта тәсілдемесін, әлеуметтік педагогиканы, әлеуметтік орта педагогикасын туғызды.
Жоғарыда аталған парадигмалар таза күйінде сирек кездеседі. Көбінесе оларды араластырады, өйткені, басым түрде бір парадигма шеңберінде жұмыс істейтін зерттеушілер оның әлеуметтік педагогиканың біріктіруші, пәнаралық және ведомствоаралық сипатында жеткіліксіздігін сезінеді.
Үшінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық, дәстүрлі білімдердің ғылыми әлеуетін сақтай отырып, тұйықтығы мен шектеулілігін жеңеді, монопарадигмалық ойлауға тән көзқарас шегінен шығады және әлеуметтік педагогика шеңберінде ғылыми білімнің жаңа саласының басымдықпен дамуына ықпал етеді. Ол әлеуметтік орта жағдайында жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалдарды біріктіреді және әлеуметтік педагогикада жеке тұлғалық-орталық тәсілдемені өмірде қолдануға шақырады. Осы парадигма негізінде әлеуметтік ортаның педагогикасы қалыптасты.
Төртінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық. Оны бөлудің негізі –басқа парадигмалардың (педагогикалық, әлеуметтану, әлеуметтік-педагогикалық) негізгі ережелерінің есебімен әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланыстарын зерттеу. Оларды зерттеушілер әлеуметтік-педагогикалық білімге оның құндылықтарына сәйкес енгізеді, әлеуметтік педагогикадан оларға лайықты орынды алып береді.
Аталмыш парадигма салыстырмалы түрде жеке тұлғалық-әлеуметтік-қызметтік – жаңа әдіснамалық тәсілдемені туғызады. Оның мәні – арнаулы ұйымдастырылған қызметтің ықпалымен социумның түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттарында өтетін әлеуметтік үдерістердің үштұғырлығын мойындау болып табылады:
- жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы;
- әлеуметтік тәрбие, адамды әлеуметке енгізу және оны әлеуметтік
сүйемелдеу;
- осы социумды әлеуметтік-педагогикалық қайта құру.
Әлеуметтік педагогиканың өзіндік парадигма негізінде дамуы оның мәні мен маңызын нақтылауға жағдай жасайды. Осылайша, әлеуметтік педагогика, біріншіден, адам мен қоғам жөніндегі ғылымның басқа салаларымен өзара әрекеттесуші педагогикалық ғылымның бөлігі, екіншіден, педагогикалық ғылымнан өсіп шыққан, онымен байланысын үзбеген әлеуметтік ғылымның саласы, үшіншіден, теория, практика және оқу пәні ретінде білімнің дербес саласы.
Әлеуметтік педагогика мына төмендегілермен байланысты практика болып табылады:
адамның түрлі үдерістер (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік құрылу, әлеуметтік қалыптасу, әлеуметтік шынығу) шеңберінде әлеуметтік дамуы (қалыптасуы);
педагогикалық әдістермен (ортаның педагогикалануы), соның ішінде, ауыл, қала, ірі қаланың әлеуметтік-педагогикалық инфроқұрылымын құрылымдау жолымен қайта құру;
жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға қосу және оны әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Бұл әлеуметтік педагогиканы басқа ғылымдардан ажыратуға мемкіндік береді және оның негізгі бөлімдерін ғылыми пән ретінде негіздейді.
5.2. Әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды зерттеу негіздері – классикалық пен мәдениеттанушылық парадигмалар.
Парадигма, сондай-ақ ғылымның теориясы мен тарихында ғылыми пәннің қалыптасуын сипаттау үшін парадигмат.сінігін қолданып жүр. Ғылыми білімнің дамуының кезеңдері: парадигмалыққа дейін және парадигмалық деп қарастырады.Парадигманы негізінен ғылыми зерттеудің нормалары мен сипатын анықтау үшін пайдаланады, ол әлуеуметтік педагогиканың әдіснамасының негізболып табылады.
Әлеуметтік педагогикадағы көппарадигмалық.. Прадигмалық білімді түрлі негізде жітеугеболады.
Әлеуметтік педаогогикада классикалық және мәдениеттанушылық парадигмалар деп бөледі.
Классикалық парадигма - әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізі.
Мәдениеттанушылық парадигма – ең бастысы – баланың әлеуметтікжәне педагогикалық жағдаяттарынбіргеқарастыру. Әдебиет: Никулина О.М., Смотрова Л.Н. Социальная педагогика№ -М.: Высшее образование, 2007№- 256 с. (с. 57-70).

Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері (оның мазмұнын анықтайтын әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды танып-білу) ғылымтану ұстанымы тұрғысында гносеология деңгейінде әлеуметтік педагогиканың өз әдіснамасының аса маңызды құрамдас бөлігін білдіреді. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің мазмұнын ашатын теориялық білімді, оның бөлімдерін, факторларын, қайшылықтарын, үрдісі мен Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі - теорияның танымдық қызметін іске асыратын білім. Ол әлеуметтік-педагогикалық практиканың танымдық мәселелерінің алғышартын және зерттелуін, сондай-ақ, алған білімінің дұрыс болуы шартын қамтамасыз етеді.


Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика жеткілікті түрде қайшылықты қалыптасқандықтан, өз кейпін оның парадигмасынан (мысалынан) тапты.
Әлеуметтік-педагогикалық практиканың түрлі жақтарын адам мен қоғам туралы ғылымдардың кешенінде көрсеткен ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланысының басымдығын бөліп көрсету оларды сыныптау үшін негіз болды.
Бірінші парадигма – педагогикалық. Оны бөліп алуға әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылыммен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның орнын педагогика салаларының бірі ретінде анықтау негіз болды. Аталмыш білімнің қалыптасу тетігі – ұқсастық, яғни жалпы (тұтас) педагогиканың қасиеттері мен байланыстарын педагогикалық ғылымның бөліміне (бөлігіне) көшіру болмақ және бұл әлеуметтік педагогика болып саналады. Мысалы, педагогиканың қарастыратын пәні – тәрбие болса, әлеуметтік педагогиканың пәні – әлеуметтік тәрбие. Зерттеушілердің көбісі осы көзқарасты ұстанады.
Аталмыш парадигманың дамуында ғылымның дербес бөлімі – жеке тұлғаның әлеуметтік даму педагогикасы қалыптасты.
Алайда, жалпыны жекемен теңдестіру, педагогика мен әлеуметтік педагогика үшін ортақ байланыстарына назарды күшейтудің соңғысының ерекшелігін белгілеуге залал келтіретіндігі бұл парадигманы ғылыми тұрғыда алып қарағанда әрқашан да қисынды ете бермейді.
Екінші парадигма - әлеуметтік. Оны бөліп алудың негізі - әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік ғылыммен әдіснамалық байланысының артықшылығы болды. Оның қалыптасу тетігі - әлеуметтанудың жалпы қасиеттері мен байланыстарын әлеуметтік педагогикаға көшіру.
Әлеуметтік парадигма әлеуметтік педагогикада орта тәсілдемесін, әлеуметтік педагогиканы, әлеуметтік орта педагогикасын туғызды.
Жоғарыда аталған парадигмалар таза күйінде сирек кездеседі. Көбінесе оларды араластырады, өйткені, басым түрде бір парадигма шеңберінде жұмыс істейтін зерттеушілер оның әлеуметтік педагогиканың біріктіруші, пәнаралық және ведомствоаралық сипатында жеткіліксіздігін сезінеді.
Үшінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық, дәстүрлі білімдердің ғылыми әлеуетін сақтай отырып, тұйықтығы мен шектеулілігін жеңеді, монопарадигмалық ойлауға тән көзқарас шегінен шығады және әлеуметтік педагогика шеңберінде ғылыми білімнің жаңа саласының басымдықпен дамуына ықпал етеді. Ол әлеуметтік орта жағдайында жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалдарды біріктіреді және әлеуметтік педагогикада жеке тұлғалық-орталық тәсілдемені өмірде қолдануға шақырады. Осы парадигма негізінде әлеуметтік ортаның педагогикасы қалыптасты.
Төртінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық. Оны бөлудің негізі –басқа парадигмалардың (педагогикалық, әлеуметтану, әлеуметтік-педагогикалық) негізгі ережелерінің есебімен әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланыстарын зерттеу. Оларды зерттеушілер әлеуметтік-педагогикалық білімге оның құндылықтарына сәйкес енгізеді, әлеуметтік педагогикадан оларға лайықты орынды алып береді.
Аталмыш парадигма салыстырмалы түрде жеке тұлғалық-әлеуметтік-қызметтік – жаңа әдіснамалық тәсілдемені туғызады. Оның мәні – арнаулы ұйымдастырылған қызметтің ықпалымен социумның түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттарында өтетін әлеуметтік үдерістердің үштұғырлығын мойындау болып табылады:
- жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы;
- әлеуметтік тәрбие, адамды әлеуметке енгізу және оны әлеуметтік
сүйемелдеу;
- осы социумды әлеуметтік-педагогикалық қайта құру.
Әлеуметтік педагогиканың өзіндік парадигма негізінде дамуы оның мәні мен маңызын нақтылауға жағдай жасайды. Осылайша, әлеуметтік педагогика, біріншіден, адам мен қоғам жөніндегі ғылымның басқа салаларымен өзара әрекеттесуші педагогикалық ғылымның бөлігі, екіншіден, педагогикалық ғылымнан өсіп шыққан, онымен байланысын үзбеген әлеуметтік ғылымның саласы, үшіншіден, теория, практика және оқу пәні ретінде білімнің дербес саласы.
Әлеуметтік педагогика мына төмендегілермен байланысты практика болып табылады:
адамның түрлі үдерістер (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік құрылу, әлеуметтік қалыптасу, әлеуметтік шынығу) шеңберінде әлеуметтік дамуы (қалыптасуы);
педагогикалық әдістермен (ортаның педагогикалануы), соның ішінде, ауыл, қала, ірі қаланың әлеуметтік-педагогикалық инфроқұрылымын құрылымдау жолымен қайта құру;
жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға қосу және оны әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Бұл әлеуметтік педагогиканы басқа ғылымдардан ажыратуға мемкіндік береді және оның негізгі бөлімдерін ғылыми пән ретінде негіздейді.
Әлеуметтік педагогиканың дамуы және оның негізгі бөлімдерін анықтайтын базалық факторлар әлеуметтік-педагогикалық практиканың ахуалы мен дамуына елеулі түрде әсер ететін құбылыстар мен үдерістерді білдіреді. Олар желілік болып табылмайды. Олардың жүйесі өзінің жүйесі бар әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық практиканың сол немесе басқа «учаскелерінде» «жұмыс істейді» және әлеуметтік педагогиканың нақтылы бөлімдерінен, теорияларынан, бағыттарынан теориялық көрініс табады.
Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жалпы факторлары жеткілікті түрде талданды.
А.В.Мудрик 1 мыналарды бөліп көрсетеді:
- мегафакторлар ғарыш, ғаламшар, әлемге қатысты
- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;
- мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылықты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; ); бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;
_______________________________________________________________
А.В.Мудрик. Социальная педагогика. Учебник для вузов / под ред. В.А.Сластенина, 5-қос. бас., . М.: «Академия» басп. орт., 2005,10-11-б.

микрофакторлар – отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар топтары, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.


Фактор автоматты түрде әсер етпейді, тек құбылыстың (үдерістің) әлеуетіне ықпал етудің келешегін анықтайды. Фактордың белсенділігі арту үшін, әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың дамуын қозғаушы күшке айналдыратын белгілі бір жағдайлардың болуы қажет.
Түрлі векторлы ықпалға ие факторлардың өзара әрекеті әлеуметтік педагогика қайшылықтарының туындауына жол ашады.
Әдіснамалық сипаттағы қайшылықтарға мыналар жатады:
адамның жеке және әлеуметтік өмір тіршілігі арасында (нақ осы
қайшылық әлеуметтік педагогика үшін негізгі болып табылады);
әлеуметтік-педагогикалық қызмет практикасы мен оны бейнелеп
көрсететін теория арасында;
әлеуметтік педагогиканың іс жүзіндегі және мінсіз күйде болуға тиісті «учаскелері» арасында;
динамикалы түрде дамушы әлеуметтік-педагогикалық практика мен әлеуметтік-педагогикалық кадрларды даярлау консерватизмі арасында;
әлеуметтік-педагогикалық қызметті кәсібилендіру талаптары мен кадрларды даярлаудың төмен деңгейі арасында;
әлеуметтік-педагогикалық қызметтің меммлекеттік және қоғамдық мемлекеттік емес жүйелері арасында;
Қандай болсын, қайшылықтарды шешудің бағыты әлеуметтік-педагогиканың үрдістерін сипаттайды.
Әлеуметтік-педагогикалық практиканың, әлеуметтік педагогика теориясы мен оның ғылыми білім беру кешенінің үрдістері айқындалуда.
Әлеуметтік педагогиканың тұрақты үрдісі үздіксіз байқала отырып, оның заңдылығына айналады. Өзінің мәніне қарай, ол үдерістің немесе құбылыстың байқалу жағдайынан объективті байланысты анықтайтын тұрақты үрдісті айғақтайды.
Әлеуметтік педагогика заңдылықтарының ішінде:
әлеуметтік педагогика мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік саясатына, олардың өзара әрекетіне;
әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігі мен сапасы білім берудің барлық деңгейіндегі тиісті мамандарды кәсіби даярлаудың сапасына;
қоғамның әлеуметтік дамуы әлеуметтік-педагогикалық
инфрақұрылымның даму сапасы мен дәрежесіне тәуелділігі айқындалды.
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы, оның әлеуметтенуі, топтың, олардың әлеуметтік-мәдени ортаның факторларымен байланысы үшін үдерістер мен құбылыстардың заңдылықтары ерекше ықпал етеді.
Кеңістікті өріс – бұл әлеуметтік педагогиканың кәсіби-практикалық ықпал ететін саласы (заңдылықтарды қолдану өрісі). Олар әлеуметтік фактордың жеке тұлғаның және адамдар тобының қалыптасуына әсер етуіне негізделген және оларға былайша ықпал етеді:
- мемлекеттік/федералдық/ деңгейде – адамды әлеуметтендіруге әлеуметтік тәрбиелеуге, әлеуметтік қалыптастыруға және халықтың түрлі тобының дамуына, әлеуметтік-педагогикалық саясатқа, әлеуметтік құқық, экономиканың әлеуметтік-педагогикалық аспектілеріне;
- аймақтық деңгейде - әлеуметтік-педагогикалық даму бағдарламасына, нақтылы аймақтың әлеуметтік-педагогикалық даму жоспарына, аймақтың экономикалық дамуын әлеуметтік-педагогикалық бағдарлауға;
- қалалық /муниципалдық/ деңгейде - әлеуметтік педагогикалық қызметке, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың муниципалдық моделіне, әлеуметтік-педагогикалық бағдарлаудың экономикалық бағдарламасына;
- институционалдық деңгейде социум инфрақұрылымының нақтылы институтының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің моделіне;
- ведомствоаралық, институтаралық және мекемеаралық деңгейлерде - әлеуметтік-педагогикалық қызметтің моделіне;
Адамның әлеуметтік қалыптасумен байланысты мынадай кеңістікті өрісті айқындайды:
түрлі әлеуметтік салаларда тәрбиеленген адамның әлеуметтік қалыптасуы (отбасында, білім беру мекемелерінде, әлеуметтік мекемеде, арнаулы білім беру мекемесінде);
түрлі топтардағы адамдарды әлеуметтік тәрбиелеу;
орта мен адамның өзара әрекеті;
адамға, адамдардың топтарына әлеуметтік-педагогикалық ықпал ету.
Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық негіздері- әдіснамалық талдаудың ғылыми деңгейінде қалыптасатын, оның объектісін, пәнін, мақсатын, міндеті мен функциясын, сондай-ақ, негізгі категориясын анықтайтын білімді қамтиды.
Әлеуметтік педагогика практикалық қызмет саласын, ғылыми пән және білім беру кешенін қамтиды. Мұндай жүйелілік ғылыми танымның логикасымен, яғни практикадан - теорияға, ғылыми зерделеуге, одан мамандарды даярлауға ұласуына байланысты.
Практика ретінде әлеуметтік педагогика адамдардың әлеумет институттарының ғылымы – қайта құру қызметінің сипаты мен мазмұнын білдіреді. Оның объектісі адамның әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, ал пәні – жеке тұлғаның әлеуметпен өзара әрекетте қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады.
Ел аумағы шегінде әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетке түсетін адамдар мынадай үш түрге бөлінеді:
әлеуметтік-проблемалық;
- әлеуметтік-тұрақты;
әлеуметтік-перспективалы.
Олардың әрқайсысының өзінің әлеуметтік-педагогикалық мақсаты бар: біріншісі үшін – туындаған әлеуметтік-педагогикалық мәселені жеңу бойынша тез арада әлеуметтік-педагогикалық жауап алу; екіншісі үшін – жеке тұлғаға ортаның жағымсыз әсерінің алдын алу және жою бойынша бағытталған қызмет; үшіншісі үшін - әлеуметтік даму және тәрбиелеу тиімділігін сақтау және кеңейту.
Мақсатына және ерекшеліктеріне сәйкес адамдардың топтары түрлі әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласына бөлінеді:
денсаулық сақтау салалары (ауруханалар, психикалық ауруларға және нашақорларға арналған арнаулы ауруханалар, санаториялар);
білім беру мекемелері (балабақшалар, мектептер, балалар үйі, жетімханалар, кәсіптік-техникалық училище, жоғары оқу орындары, қосымша білім беру мекемелері);
халықты әлеуметтік қорғау мекемелері (әлеуметтік қарттар үйі, әлеуметтік-оңалту орталықтары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беру орталықтары, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталықтары);
ішкі істер органдары мекемелері (клубтар, отбасы және балаларға әлеуметтік көмек орталықтары, шығармашылық үйлері, демалыс үйлері, білім беру орталықтары, спорттық және тақырыптық лагерьлер, кәсіптік бағдар беру орталықтары, еңбекпен қамту орталықтары).
Практика ретіндегі әлеуметтік педагогиканың функцияларын былайша атап айтуға болады: бейімдеу, әлеуметтік-педагогикалық оңалту, жұмылдыру, толтыру, әлеуметтік-педагогикалық алдын алу, түзету, бақылау, насихаттау, ағарту. Бұл саланың міндеті әрбір нақтылы жағдайда әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешумен анықталады.
Ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік педагогика адамдардың және социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-танымдық қызметін көрсетеді. Ол педагогикалық ғылымның да және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі осы заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімнің де дербес бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, оған тән мынадай сипаттық белгілерді атап көрсетуге болады: а) білімнің пәндік саласының тобы бойынша бұл – гуманитарлық ғылым; ә) білімнің мәнін көрсету тәсілі бойынша – феноменалистік; б) ойлау нысаны бойынша – эмпиристік.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың объектісі – жеке тұлғаны оны практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін танып-білудің және қайта құрудың пәндік саласы болған қоғаммен өзара әрекетінде әлеуметтік қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады. Пәні - әлеуметтік-педагогикалық білімдер, жеке тұлға мен әлеуметтің өзара әрекетінің жалпы заңдылықтары.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың мақсаты адам мен әлеуметтік ортаның өзара әрекетін үйлестіру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді ғылыми-педагогикалық негіздеу болып табылады. Осы мақсатқа жету ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың: аналитикалық талдау жасау, сипаттау, түсіндіру, бағдарлау, ұсыным жасау, танымдық, біріктіруші функцияларымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың міндеттері мынадай топтарға біріктірілген:
- практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметті зерттеу: социумның, ондағы әлеуметтік қатынастардың, субъектілер мен социум институттарының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің даму заңдылықтарын анықтау; қайшылықтарды іздеу және үдерістерді анықтау, оларды оның әрқилы түрлері мен тұрпаттарында, әлеуметтік орта салаларында және оларды талдаудың түрлі деңгейлерінде шешу; әлеуметтік педагог қызметінің қағидаларын, мазмұнын, тәсілдерін, әдістері мен нысандарын әзірлеу; бір түрлі немесе басқа түрлі әлеуметтің әлеуметтік институттар мен әлеуметтік қызметтерді құру және қолдануды ұйымдастырудың негіздерін және олардың өзара әрекет бағыттарын құрып, қалыптастыру; әлеуметтік педагогиканың бастауларын анықтау; шетелдердегі кадрлардың, ұйымдар мен институттардың әлеуметтік-педагогикалық қызметіне талдау жасау және тәжірибесін бағалау;
- әлеуметтік педагогиканың өзін дамыту: ғылымның әдіснамалық, теориялық-әдіснамалық және теориялық негіздерін құрып-қалыптастыру; ғылымтанудың әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын (объектіні, пәнді, мақсаттарын, міндеттерін, қызметтерін, технологиялары мен әдістерін) анықтау; ғылыми білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың процессуалдық, функционалдық, ғылыми-мазмұндық, ғылыми-пәндік құрылымын кешендеу; әлеуметтік педагогиканың технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық практиканы ғылыми зерттеудің технологияларын және әдістерін жасау;
- әлеуметтік сала кадрларын даярлау үшін өзіндік білім беру кешенін теориялық негіздеу.
Білім беру кешені ретінде әлеуметтік-педагогика адамдар мен социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-білім беру қызметін көрсетеді.
Оның объектісі әлеуметтік сала мамандарын даярлаудың білім беру кешені болып табылады. Пәні – білім берудің түрлі деңгейіндегі кадрларды даярлау саласындағы ғылыми-теориялық (теориялық зерттеулердің нәтижелері) және ғылыми-эмпирикалық (әлеуметтік–білім беру қызметінің тәжірибесін қорытып-жинақтау нәтижелері) білімдер мен әлеуметтік-педагогикалық саладағы кәсіби қызмет бағыттары.
Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың мақсаты - әлеуметтік саланың кадрларын үздіксіз даярлау жүйесін құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мамандар өздерінің кәсіби қызметінде қоғамның түрлі саласының адамдарымен жұмыс істейтін болады: әлеуметтік педагогтар-практиктер, әлеуметтік педагогтар-зерттеушілер (ізденушілер, аспиранттар мен докторанттар) және теоретиктер; осы білім беру кешенінің оқытушылары, студенттер мен тыңдаушылары.
Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың (ғылыми-білім беру) функциялары мыналар болып табылады:
- әлеуметтік педагогтың ғылыми білімдер жүйесін (оның мақсатына, мазмұнына және қызмет саласына байланысты) құру;
- әлеуметтік педагогтың икемділігі мен дағдыларын дамыту;
- әлеуметтік маманның жеке тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту;
- әлеуметтік саладағы репродуктивтік және өнімді (шығармашылық) кәсіби қызмет тәжірибесін (тәсілдерін) беру (үйрету);
- әлемге (адамға және социумға, олардың өзара әрекеті мен өзара қарым-қатынасына) эмоционалдық-бағалаушы қатынас жүйесін құру.
Білім беру кешені ретінде әлеуметтік педагогика органикалық өзара байланысты, өзара келісілген және практикалық қолданыстағы бірлік түрінде мыналарды қамтиды:
- «әлеуметтік педагог» кәсібінің моделі;
- «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандарты;
- Білім берудің түрлі деңгейі мен мамандықтарды даярлау үшін оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етудің оқу-әдістемелік кешені;
- профессорлық-педагогтық құрам.
Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық деңгейдегі өзара байланысы 3.1 – кестеде көрсетілген.

2.1-кесте

Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық деңгейдегі әдіснамалық талдауы инварианттарының өзара байланысы


Әлеуметтік педагогиканың сапалы жағдайы

Әлеуметтік практика ретінде әлеуметтік педагогика

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика

Білім беру кешені ретінде әлеуметтік педагогика

Объект

Өзінің әлеуметтік ортасындағы адам (олардың өзара байланысында)

Адам мен әлеуметтің өзара әрекеті

Адам мен әлеуметтің өзара әрекетінің педагогикалық заңдылықтары

Пән

Адам мен әлеуметтің өзара әрекеті

Адам мен әлеуметтің өзара әрекетінің педагогикалық заңдылықтары

Әлемнің ғылыми әлеуметтік-педагогикалық бейнесі

Мақсаты

Жеке тұлға мен әлеуметтің өзара әрекетін (қатынасын) үйлестіру

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің осы өзара әрекетті үйлесімді ету бойынша ғылыми негізділігін арттыру

Әлемнің ғылыми-әлеуметтік-педагогикалық бейнесін қалыптастыру

Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары оның терминологиялық аппаратын анықтайды, оның көмегімен объект және танып-білу және қайта құру пәні сипатталады. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің дамуына сәйкес тұрақты дамуда болады.


Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық білімнің логикалық-гносеологиялық деңгейдегі әдіснамалық талдауы әлеуметтік педагогиканың, тұтас алғанда, барлық күрделілігі мен мазмұн байлығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің технологиялық деңгейі.
«Технология» ұғымын анықтауда осы сөздің құрылымының ерекшелігінен екі түрлі тәсілдеме туындайды.
Біріншісіне сәйкес, технология, бұл – практикалық қызметтің өнері, шеберлігі туралы ғылым. Бұл контексте әлеуметтік-педагогикалық технология – болжанған әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жету өнері туралы ғылым. Ол әлеуметтік-педагогикалық технологияның өту заңдылықтарын, оған елеулі ықпал ететін факторларды, мақсатқа жетуді оңтайландыру жағдайларын зерттейді. Мұндай технология теориялық-з Олардың ішінде:
- теориялық әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – белгілі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық мәселені (әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды) шешу үшін қажетті неғұрлым оңтайлы әдістер, құралдар мен тәсілдер (әрекеттер, операциялар мен рәсімдер) туралы ілім. Мұндай технология қызметтің нақтылы объектісіне қатысты қалыптасқан жағдаяттың белгілі әлеуметтік-педагогикалық проблемасын шешудің нұсқасын сипаттауда, талдауда, негіздеуде пайдаланылады. Теориялық әлеуметтік-педагогикалық технологияның үлгілері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, технологиянын теориялық әзірлемесі түрінде ұсынылады;
- зерттеуші әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – әлеуметтік-педагогикалық құбылысты, оның құрамдас бөліктерін, танылу ерекшеліктерін, танылу динамикасын, дамуын, сапалы өзгеруін бағытталған түрде басқару мүмкіндіктерін танып-білуге (терең танып-білуге) мүмкіндік беретін арнайы құрылған, ғылыми негізделген әдіс (әдістер мен құралдардың жиынтығын пайдалану жүйесі). Ол әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың өзін, танылу динамикасын танып қана қоймай, үдерістің сапалы өзгеруін жобалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар: зерттеу бағдарламалары, зерттеу қызметі әдісі; эксперименттік әзірлеме түрінде ұсынылуы мүмкін.
Технологияның екінші тәсілдемесіне сәйкес, бұл – белгілі бір орта жағдайында адаммен, топпен жұмыста болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістерді (әдістердің жиынтығын), құралдар мен тәсілдерді маманның (мамандардың) іске асыруы бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатты түрде бағытталған және неғұрлым оңтайлы жүйелілігі (ретке келтірілген іс-әрекеттердің, операциялардың және рәсімдердің жиынтығы). Мұндай технологиялар (практикалық-бағдарланған) қолданбалы сипатта болады. Олар арнаулы теориялық әзірлемелердің немесе бұған дейінгі (іс жүзіндегі) тәжірибенің негізінде құрылады.
Жалпы тұрпатты практикалық технология – бұл маманның (мамандардың) белгілі бір ортада адаммен, топпен жұмыс істеуде болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен әдістердің жинақталуын іске асыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мақсатты түрде бағытталған, жобаланған және жоспарлы түрде атқарылатын оңтайлы жүйелілігі. Технологияның мұндай тұрпаты мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызмет бағдарламалары: маманның (мамандардың) әлеуметтік-педагогиканың жалпы мәселелерін нақтылы объектімен жұмыста шешу үшің қолданылуы мүмкін. Олар әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сатылы кезеңдерін, әдістер мен құралдарын негіздеу және оларға болжалды нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай тұрпатты технология мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағдарламалары: маманның әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді (индивидуалдық даму және тәрбиелеу, түзету, педагогикалық оңалту) бойынша қолданыстағы әдістерді, жүйелілік және оларды қолданудағы ерекшелікті қамтитын жұмыс әдісі.
Жеке тұрпатты практикалық технология, бұл – ортаның белгілі бір жағдайларында адаммен, топпен жұмысында болжанған мақсатқа жетуді сипатты түрде қамтамасыз еетін, белгілі бір жоспар бойынша реттелген, жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, операциялар мен рәсімдер. Бұл жағдайда әлеуметтік-педагогикалық технология болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жүйелілік пен олардың іске асырылуын ерекшеліктерін сипаттау түрінде ұсынылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның мұндай тұрпаты әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияға мынадай мысалдарды келтіруге болады:
- жеке әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді (проблемаларды) шешу үдерісінде маман қызметінің сценарийі;
- жеке әлеуметтік-педагогикалық технологияны шешу контексінде белгілі бір әдісті іске асыру әдісі;
- Әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу сценарийі және оған маман үшін әдістемелік ұсынымдар.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның барлық тұрпаты (теориялық, зерттеушілік және практикалық) өзара байланысты. Олар бір-бірін жиі толықтырып, танымдық және практикалық қызметтен қол жеткізілген нәтижелерді нақтылауға және жетілдіруге ықпал етеді.
Арнаулы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің немесе маманның адамдардың түрлі топтарымен - әлеуметтік педагогика объектілерімен жұмысында жинақтаған практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияның тұрпатты нұсқауларының банкін құруға болады. Әрбір тұрпаттық технология теориялық, зерттеушілік немесе қолданбалы сипаттағы нақтылы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу мүддесінде клиенттердің белгілі бір тобына бағдарланады.
Әдебиет

1. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактических исследований.- М.: Педагогика, 1982. - 144 с.


2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога: учебное пособие. - М.: Изд. Центр "Академия", 2010. - 176 с.
3. Краевский В.В., Бордовская Н.В.Фундаментальные и прикладные аспекты научной работы в области образования //Педагогика.- 2005.-№4.- С. 119-121.
4. Мардахаев Л.В. Методология диссертационного исследования и его оценка //Соискатель-педагог.- 2008. - № 3.- С. 19-34.
5. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика. Полный курс: учебник.- М.: Издательство «Юрайт», 2011.- 797 с.
6. Мынбаева А.К. Современное образование в фокусе новых педагогических концепций, тенденций и идей: Монография. – Алматы: Раритет, 2005.-90 с. .
7. Новиков A.M. Методология образования. Издание второе. – М.: «Эгвес», 2006.- 488 с.
8. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.
9. Скалкова Я. и коллектив. Методология и методы педагогического исследования. - М.: Педагогика, 1988. -144 с.
10. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. - М.: Педагогика, 1986. -144 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет