Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»


-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері (проблемалық дәріс)



бет9/14
Дата29.09.2023
өлшемі409.83 Kb.
#479158
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәрістер ДОК

11-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері (проблемалық дәріс).
11.1. Зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері туралы түсінік.
Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды принциптері, білім жүйесін басқару формаларының заңдылықтары жөнінде жаңа тағылым алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отыра, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен жүйелілігімен мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жағынан сипаттауға болады.
Зерттеулердің сапалылығы ғылым өнімінің тұтыну құндылығымен тығыз байланысты. Барлық тұтыну құндылықтарының пайдалы жағын бағалау үшін зерттеу нәтижесінде алынған теориялық және практикалық жағдайлар жиынтығына, оның сапасына сүйенеміз. Зерттеу сапасы оның нәтижесінің жаңалықтарымен өзектілігімен теориялық және практикалық маңыздылығымен анықталады.
Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының басты сапасы жаңа тұжырымдамалар, идеялар, оқу-тәрбие саласындағы амал-тәсілдер мен келешекте қолданбалы зерттеулерді дамыту үшін жол көрсететін мәнділігінен көрінеді.
Қолданбалы ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының қасиеті оның практикалық маңыздылығында, оқыту мен тәрбие процесіне ықпал етуінде, алынған білімнің өзектілігінде. Зерттеу нәтижелері типтік, нақтылы-ғылыми критерилер көмегімен бағаланады.
«Ғылым және ғылымдағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жөніндегі» федералді заңда ғылыми зерттеу жұмыстарын жаңа білім алу әрекеттері ретінде қарастырылады.
Ғылыми немесе ғылыми техникалық көрсеткіштер дегенде кез-келген ақпарат таратушы айқындаған шешімдер мен жаңа мағлұматтар қамтылған ғылыми техникалық әрекеттер өнімдері түсіндіріледі.
Ғылыми құндылықты тек нәтижесінде қоғамдық жаңа хабарламалар алуға болатын зерттеулер ғана білдіреді. Педагогика саласында бұрыннан белгілі нәрселерді біле тұра қайталау зерттеу жұмысы болып саналмайды. Мұндай жағдайда жаңа нәтижелердің ескіден айырмашылығы тек терминологиялық жағынан ғана байқалады.
Педагогикалық зерттеулер сапасын талдаудың негізгі бірлігі оның нәтижесі болып табылады. Оны бағалау үшін мазмұны ашылып, ішкі байланыстарының құндылық жақтары көрсетілуі тиіс. Оның мазмұнын жаңашыл критерилер сипаттаса, құндылығын теориялық және практикалық маңыздылығы мен өзектілігі анықтайды.

11.2. Педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері .


Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға «зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемің түсінігін ендірді.
Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі [2, 161].
Сондай-ақ, М.Т. Громкованың дәлелденуінше, зерттеудің көкейкестілігінің мазмұныныа төмендегілер енеді:
а) зерттелетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау;
б) сәйкессіздіктердің дәрежесін көрсету: қайшылық, мәселе, қақтығыс, даудамай, апат;
в) мәселелердің ішкі көздерін анықтау (қандай ұғымдар арасында мәнді сәйкессіздіктер бар?):
– зерттелетін жүйенің табиғи ахуалы жағдайындағы қажеттіліктер, нормалар арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің рефлексивтік (білімдік) ахуалы жағдайында мақсат, мазмұн, әдістер арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің әрекеттік жағдайында әрекеттің өлшемдері, тәсілдері, өзін-өзі анықтауы арасындағы (әрекеттегі қиындықтар);
г) сыртқы сәйкессіздіктерді табу және олардың зерттелетін жүйеге әсері;
д) зерттелетін жүйенің мәселелерінің жоғары деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («тіке байланыстарң);
е) зерттелетін жүйенің мәселелерінің түрлі деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («көлденең байланыстар);
ж) зерттелетін мәселені шешуді интеграциялық тұғырларды пайдалану [3, 342-343].
Осы белгілер әрі зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола алады.
Іреглі зерттеу көкейкестілігінің деңгейлерін сипаттау үшін ең алдымен мәселені шешу, практикалық сұранысты қанағаттандыру, мәселенің теориясын жасау қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтауда практикалық сұраныс пен практикадағы жағдайдың қанаттанарлықсыз жәйіне (оқу-тәрбие үдерісі керек оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген бе? Олар алға қойылған міндеттерді шеше алады ма?) басты көңіл бөлінеді. Жұмыстар сондықтан да өте көкейкесті, көкейкестілігі нашар, көкейкесті емес деп ажыратылады (2-кестені қараңыз).
Іргелі және қолданбалы зерттеудің өлшемдік белгілері
2-кесте


р/с

Іргелі зерттеулер

Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдар

1

Көкейкестілігі жоғары зерттеулер
Мәселені зерделеуге қажеттілік жоғары деңгейде болып тұр. Мәселені шешу практиканың көптеген жақтарына оң әсерін тигізуі мүмкін. Тақырып ғылымда мүлдем зерделенбеген немесе өте аз зерделенген. Бұл сұрақ бойынша жеке жарияланымдар ғана бар. Сұрақтың теориясын жасау педагогикадағы ұстанымдық мәселелер туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертуі, қолданбалы зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашуы ықтимал.

Көкейкестілігі жоғары зерттеулер
Жасалымды жасауға қажеттілік өте жоғары дәрежеде. Қажет тақырыпта немесе тәрбие жұмысында оқулықтар, әдістемелік құралдар жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және басқалар осы әдістемеге мұқтаж.

2

Көкейкесті зерттеулер
Мәселені шешудің практикалық қажеттігі анық. Мәселені шешу практиканы жетілідіруге оң әсерін тигізеді. Тақырып ғылымда аз зерттелген. Тақырыпты зерделеу бірқатар теориялық мәселелер туралы біздің түсінігімізді толықтыруы мүмкін. Қолданбалы зерттеулер үшін жол ашылады.

Көкейкесті жасалымдар
Жасалым аса қажет. Қолда бар бағдарламалар, оқулықтар, құралдар мәселені толық қанағаттанарлық деңгейде шешуді, оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелік деңгейін жақсартуды қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл жасалымдарға мұғалімдер, оқушылар мұқтаж.

3

Көкейкесті емес зерттеулер
Тақырыпты зерделеудің қажеті шамалы. Мәселе жалпы алғанда қанағаттанарлық деңгейде зерттелген. Дегенмен кейбір сұрақтар әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Тақырып жеткілікті зерделенген, көптеген еңбектер жарияланған, тақырыпты зерттеу кейбір теориялық сұрақтарды нақтылау мүмкін.

Көкейкестілігі нашар жасалымдар
Жасалымға қажеттілік көп емес. Практикада бұл мәселе қанағаттанарлық деңгейде шешілген. Кейбір жеке сұрақтар жетілдіруді қажет етеді.

4

Көкейкесті емес зерттеулер
Қазіргі уақытта мұндай зерттеудің қажеті жоқ. Практика үшін бұл мәселе мәнді емес. Бұл мәселенің қанағаттанарлық деңгейде шешілгенін көрсететін қолданбалы жұмыстар бар. Тақырыпты зерделеу теорияда ештеңе өзгертпейді. Алынған мәліметтер қазіргі түсініктерді қайталайды, ешқандай толықтырулар мен нақтылаулар жоқ.

Көкейкесті емес жасалым
Мәселе оң шешілген. Практикада қолданылып жүрген оқулықтар, құралдар оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алады. Қазіргі жағдайда жаңа әдістемелер жасау тиімсіз [2, 161-162].

Ізденуші, әуелі өз зерттеуінің типін анықтап алғаны, сонан кейін зерттеудің көкейкестілігін анықтау әдістерін оқып үйренгені және өз зерттеу жұмысын сараптауда бұл әдістерді пайдаланғаны дұрыс. Зерттеу көкейкестілігін анықтау әдістері – қазіргі немесе жақын болашақта мәселені шешудің қажеттігі мен мүмкіндігін анықтайтын тәсілдер.


Эксперттік әдіс келесі тәсілдерден тұрады: авторлар өз сұраныстарын зерттеуді жүргізудің қажеттілігінің негіздемесімен бірге тапсырады. Сұраныста тақырыптың аты, оның мақсаты, міндеттері, алынуға тиісті тұжырымдардың жобасы көрсетіледі. Негіздеменің басты элементіне осы тақырып бойынша осыған дейін жүргізілген зерттеулер туралы жарияланған еңбектерге жасалынған қысқаша талдау жатады. Эксперттер авторлардың сұраныстарын зерделейді және болашақта зерттелетін тақырыптарды іріктейді. Бұл ретте олар ғалымдардың осы тақырып бойынша бар әдебиеттермен танысқандығын, зерттеудің түпкі нәтижесінің нақтылығын, нәтиженің танымал нәтижеден айырмашылығын түсініп білетіндігін есепке алады. Демек, екі фасетке бөліп қарастырады, яғни ғылымда тақырыптың зерделену дәрежесі; тақырыптың теориялық маңыздылығы. Қолданбалы зерттеуге қарағанда іргелі зерттеуде болжау аса маңызды емес.
Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтау үшін алдымен тақырыпты зерттеуге практикалық қажеттілік, мұғалімдердің, оқушылардың нормативтік материалдарға мұқтаждығы, ұқсас жасалымдардың болуы немесе жоқтығы, зерттеу нәтижесін практикаға енгізуден алынатын әлеуметтік немесе экономикалық тиімділік, ғылымдағы осы сұрақтың шешілу дәрежесі есепке алынады. Педагогиканың саласы мен зерттеу типіне байланысты көкейкесті тақырыптардың белгілері көрініс табатын негізгі түпнұсқа жасалып, эксперттік бағалуларды салыстыру арқылы зерттеудің өзектілігі анықталады [2, 164].
Зерттеу тақырыбының өзектілігінің өлшемдері мен өзектілігін анықтау әдістері арқылы үйреніп, ізденушінің өзектілік өлшемі диссертацияға қатысы жағынан екі қырынан, яғни зерттеу тақырыбын ойластыру мен жұмыс барысында алынған нәтижені сипаттау кезінде қарастырылатынын білуі тиіс. Ізденуші үшін ең маңыздысы – оның өзіне дейін мұндай жұмыстардың орындалғанын білуі.
Соңғы уақытта зерттеудің көкейкестілігі оның жаңалығымен, кешенділігімен, практикалық маңыздылығымен тығыз байланыста қарастырылады және өзектілік зерттеудің педагогика ғылымдары объектілерінің даму заңдылықтары туралы жаңа білімдер алуға, ұстанымдық тұрғыдан жаңа дидактиканы, әдістемені және технологияны жасауға қажет теориялық ңегіздерді анықтауға бағытталғандықтан, жақын және алыс шетелдерде, республика көлеміндегі ұқсас зерттеулерден айырмашылығын көрсетеді.
Қазіргі заманғы диссертациялық зерттеудің сапасын бағалау мәселелерімен айналысатын ғалымдар зерттеу мәселесінің өзектілігін айқындау тәсілдері туралы білімдер жиынтығына сүйене отырып, зерттеу мәселесінің өзектілігін бағалау матрицасын жасады және зерттеу мәселесінің көкейкестілігін бағалау өлшемдері мен параметрлерін негіздеді (3-кестені қараңыз).

Зерттеу мәселесінің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері мен параметрлері


3-кесте


р/с

Көкейкестілік өлшемі

Көкейкестілік параметрлері

Зерттеушінің дәлелдемелері

Дәлелдеменің сенімділігі

1.

2.


3.
4.

Педагогикалық мәселенің әлеуметтік дәлелі

Мәселенің ғылыми дәлелі

Педагогикалық ой-пікірдің өткен және қазіргі уақытта-ғы даму тұрғы-сын мәселені тарихи-талдау түрінде негіздеу
Қазіргі білім беру үдерісі практикасы тұрғысынан мәселені негіздеу


• Зерделеніп отырған педагогикалық құбылыстың өзектілігін қандай жаңа әлеуметтік алғышарттар күшейте түседі?

• Бұл мәселенің ресми құжаттағы көрінісі,


• Бұл мәселені шешу қоғамның қандай әлеуметтік сұранысын қанағаттандыра алады?
• Мәселенің қазіргі теориядағы көрінісі, мәселені ғылыми зерделеу дәрежесі,
• Мәселе қандай өзекті мәселелерді шешумен байланысты?
• Бұл мәселенің шешімін табу ғылымның қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра алады?
• Мәселені басқа ғылымдардың дамуы тұрғысынан қалай негіздеуге болады?

• Бұл мәселе қашан және қалай түсіндірілді?


• Қазір осы мәселе неге өзекті болып табылады?
• Мәселенің бүгінгі күнгі жаңалығы қандай?

• Аталған мәселе практиктердің назарын неліктен аудартты?


• Бұл мәселені шешу практиканың қандай қажеттілігін қанағаттандыра алады?
• Аталған мәселе бойынша қандай жетістіктер бар, нені талдау қажет? [5, 62-66].






Ғалымдардың пайымдауынша, бұл матрицаны диссертациялық жұмысты дайындау мен сараптамадан өткізудің түрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Біздің ойымызша, бұл зерттеу мәселесінің өзектілігін бағалау логикасы негіздеменің құрылымын анық көруге мүмкіндік туғызады.


Шындығында, мәселені шешу зерттеу тұғырларын таңдауға тәуелді, ал бұл таңдау зерттеушінің дүниеге көзқарасымен, ғылыми мектептің тәжірибесімен, дәстүрлерімен анықталады. Біздің аспиранттармен және докторанттармен жүргізген жұмыс практикасы мәселені таңдау, шешу тұғырларын анықтау ізденушіден танымдық, кәсіптік, өмірлік және ментальдік тәжірибенің қажетті деңгейін, ал ғылыми жетекшіден немесе кеңесшіден – ғылыми мектеп идеяларының аясында жаңа ұстанымдық деңгейдегі бағытты зерделеуде әдістемелік көмек көрсетуді талап етеді. Әдіснамашы Е.В.Бережнова педагогика саласындағы диссертацияларда жиі кездесетін мына тәсілдерді көрсетеді: зерттеу нәтижелеріне сүйенетін авторлардың еңбектері туралы ескертулер; ғылыми қағидаларды таңдауда зерттеудің тұжырымдамалық негізін құрушы мемлекеттік және қоғамдық институттарға көңіл аудару; басқа зерттеушілерден алынған мәліметтерді пайдалана отырып өз зерттеу нәтижелерін дәлелдеуі [7, 33-39].
Диссертациялық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселе шешімінің қажеттілігі мен дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестілігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені енгізуден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік [8, 45].
Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі әдіснамашы В.В. Краевский ұсынды [9, 282].



Ғылыми бағыттың негіздемесі

Тақырыптың ғылыми көкейкестілігінің негіздемесі

Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігінің негіздемесі


(ғылымдағы мәселенің зерттелу дәрежесін көрсету, жеткіліксіз зерделенген қырларын көрсету)

(зерттелетін мәселенің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттілігін көрсету)

Участие в выставках научных работ

Сурет 1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбесі

Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігі құрамында өзектендірудің келесі әрекеттері көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі ретіндегі зерттеу нысанасын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу көкейкестілігін анықтау. Мысал ретінде бірнеше кандидаттық диссертациялардың авторефератындағы зерттеудің көкейкестілігі бөлімінің мәтіндерін келтіреміз.

Жаңашылдық жағынан критерийлер бұрын ғылым мен практикада қолданылмаған жаңа теориялық жайлар мен практикалық ұсыныстардан тұрады.


Жаңашылдықты суреттеу үшін төмендегідей сипаттамаларды қолдануды ұсынамыз. Түрлері жағынан оны теориылық ( тұжырымдама, болжам, терминология т.б.) және практикалық (ереже, ұсыныс, құралдар, талап, әдістемелік жүйе т.б.) деп бөлуге болады. Жұмыс түрімен зерттеу саласына байланысты 1-ші орынға оның теориялық немесе практикалық жаңалығы қойылады.
Жаңашылдық деңгейі – алған білімдерінің орнын, оның сабақтастығын сипаттайды. Ол нақтылау, толықтыру, жаңару деңгейлерінің көмегімен бағаланады.
Нақтылау деңгейі – алынған нәтиже белгіліні дәлелдейді, оқыту мен тәрбие, оқыту әдістері, педагогика тарихы, мектеп ісін жүргізуге қатысты кейбір теориялық немесе практикалық жағдайларды нақтылайды. Мысалы: Білімді тексеру жүйесі түрде өтуі керек. Материалдың көлеміне байланысты саны анықталады.
Толықтыру деңгейі – алынған нәтиже бұрыннан белгілі теориялық және практикалық жағдайларды кеңейтіп, белгілі емес жаңа элементтерді қамтиды. Жалпы, жаңашылдық ештеңені өзгертпейді, оны толықтырады. Мысалы, ғылымилық принципін дидактикада 50 – жылдары М.Н.Скаткин тұжырымдаған ол төмендегідей жағдайларды қамтиған: оқушыларға берілген мәліметтердің ғылыми растығы, суреттеп отырған құбылыстардың мәнінің ашылуына, оқушыларды маңызды деген материалистік теориялармен таныстыру, дүниені танып-білу туралы оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, абсалюттік және салыстырмалы ақиқат жөнініде, ғылыми таным әдістерімен танысу.
80- жылдары Л.Я. Зорина жүргізілген зерттеулерді негізге ала отыра бұл принципті бұрыннан белгілі емес үш жаңа қағидамен толықтырды: білімнің заманауи ғылым деңгейіне сәйкестігі; ғылыми таным әдістері жөнініде оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, таным процессінің басты заңдылықтарын ашу; Жаңару деңгейі теорияда бұрын болмаған оқыту мен тәрбиелеу саласындағы амал-тәсілдер, жаңа идеялармен сипатталады. Аталамыш саладағы белгілі ұғымдардан түбегейлі ерекшеленіп тұратын жаңа көзқарас ұсынылады.
Теориялық мәнділік критерия зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құндылық жағын, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы теориялық ұғымдар, идеялар, көзқарас, тұжырымдамаларға әсерін көрсетеді, педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды.
Өзектілік критеринен айырмашылығы зерттеу жұмыстарының дайын өнімін сипаттайды, өзектілікпен сәйкес келмеуі мүмкін.
Дәрежесі мен ауқымдылығы бойынша теорияға әсер етуі жағынан теориялық мәнділіктің бірнеше деңгейі бар: жалпы педагогикалық, салалық, жалпыға бірдей жағдай, жекелей мәселелі.Аталған деңгейлер шартты олардың арасындағы шек қозғалмалы, дегенмен, көпшілік жағдайда оларды анықтауға болады.
Зерттеу жұмыстарының теориялық мәнділігі оның жаңашылдығымен, теориялық күйінің қалыптасу дәрежесімен, яғни тұжырымдамалықпен қортындылардың дәлелділігімен, қолданбалы тақырыптармен жұмыс жасау үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігімен тығыз байланысты. Фундаменттік зертеулерде тұжырымдамалық автордың теориялық ұстанымын бейнелейді. Тұжырымдамасыз зерттеулер түрлі идеяларды дәйексіз пайдаланатын эклектик сипат алып, теориялық жағынан дәлелсіз болып қалады.
Жаңашылдықты бейнелейтін ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің теориялық мәнділік пен көп жұмыстарда толық сәйкес келетінін айта кету керек. Оған мысал ретінде Т.С. Базарованың докторлық диссертациясы дәлел.
Зерттеу жұмыстарының ғылыми жаңалығында:
жоғары оқу орындарында (философиялық, әлеуметі мәдени, білім) әлеуметтік қызметтеркердің кәсіби даярлық процесінің мәні мен маңызын құрайтын жағдайлар жиынтығы анықталады;
білім берудің барлық құрамдас бөліктері арасындағы қарама-қайшлықтың орны талданып, ашылады;
жоғары оқу орындарында кәсіби даярлық жүйесі және зерттеу жұмыстарының әдістемелік жинақтары ретінде салалық көзқарас қалыптасады;
полиэтникалық сала ерешеліктерінен тұратын кәсіби шеберлікті қалыптастыратын болашақтағы әлеуметтік қызеткердің жеке басының субъектілік мәні артып, өзектілік идеясы алға қойылады;
полиэтникалық салада кәсіби шеберліктің (арнайы, әлеуметтік, жеке басылық) компонентерінің жинақтығын көрсететін кәсіптік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің авторлық үлгісі жасалады.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызында:
полиэтникалық саладағы (көзқарастар, ұстанымдар, шарттар мен әдістер) кәсіби іс-әрекеті жүзеге асыратын майталман әлеуметтік қызметкер даярлаудың теориясы- әдістемелік негіздері анықталады;
аймақтық жоғары білім беру жағдайларында кәсіби даярлық жүйесін дамытудың алғы шартарын айқындайтын регионалдық көзқарас ұғымы қалыптасады;
полиэтникалық салада кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің үлгісі жасалады;
әлеуметтік қызметкердің жеке басының жүйелік сипаттамасы ретінде «әлеуметтік творчество» ұғымы қалыптасады;
жеке басы әрекетінің феномені ретінде әлеуметтік қызметкердің кәсіби шеберлігінің сипатамасы мен құрылымы жасалады;
болашақ маманның әлеуметтік креативтілігінің даму процесінде әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар кешенін қолдану логикасы мен мазмұнының негізі қаланады.

Ғылыми-педагогкалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анықтау әдістері


Негізгі нұсқаны салыстыру әдісінің қамтитындары: эталонның құрылуы; шығарылған нәтижелердің талдап, топталуы; талдап отырған жұмыс пен негізгі нұсқаның салыстырылуы; Негізгі нұсқада белгілі кесте бойынша іріктеліп, бейнеленген педагогика саласындағы осы уақытқа дейінгі белгілі теориялық және практикалық білім көрсетіледі. Базалық нұсқаның құрылуы ізделіп отырған мәселе бойынша әдебеттерді анықтауды, түрі мен оларды сипатына қарай бейнелеу арқылы білімдерді топтауды қарастырады. Сөйтіп, іздепт отырған мәселе бойынша негізгі нәтижелердің (тұжырымдамалар, әдістер, идеялар, ұсыныстар т.б.) тізімі алынады. Аталмыш эталон салыстырмалы болады және белгілі бір уақытқа тән.
Нәтижелерді талдап, топтау кезеңінде сарапшылар бағалап отырған жұмыс нәтижесіне талдау жасап, оны жаңашылдық деңгейімен мазмұнына қарай білім түрлері бойынша топтастырады.
Соңғы кезеңде талдап отырған жұмыс нәтижелері мен базалық нұсқаны салыстыру жүргізіледі. Олардың бірдей болып қалуы немесе үйлеспеуіне байланысты жұмыс қорытындысы бұрынан белгілі немесе жаңа деп бағаланады.
Жаңашылдықты анықтаудың ақпараттық әдісі – ізденіс жұмыстарынан ұқсас түйін болып қалатын құжатты қарауды қамтиды. Сарапшылар құжаттарды оқып, өз тәжірибелері мен түйсіктеріне сүйене отыра қорытынды жасайды. Құжаттардың ( диссертация, ғылыми есеп, мақала) тек атауы мен негізгі мақсаты ғана тіркеледі. Алынған нәтижелер бейнеленбейді.
Жаңашылдықтаоқыту әдістемесі мазмұны неғұрлым түпнұсқаға сай келетін релевантты құжат іздеуді қарастырады. Содан кейін сарапшылар құжаттарды іріктеп, жаңашылдығы жағынан өзара салыстырады. Бірдей түйін жасалған құжаттар кездесіп қалса онда ол қысқартылады.Кейде мәліметтер базасына енбеген, бірақ үйлесімділік түйіні бар құжат болып қалуы ықтимал.
Бірақ мұндай мүмкіндік жаңашылдықтың сараптамалық бағасына қарағанда неғұрлым төмендеу.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесінің жаңашылдығын бағалау үшін антиципация (күн ілгері білу) әдісі қолданылады. Бұл әдіс қарапайым ғана болғанымен, сенімді тұжырым жасайды. Ол алдын ала жоспарланған зерттеулерді талдау үшін тиімді. Бұл әдістің мәні: жұмыс нәтижесі сұрақ түрінде көрсетіледі. Сарапшылар сұраққа жауап береді. Жауап сәйкес келіп қалған жағдайда жұмысты көрсетілген нәтижелердің белгілі екені анықталады.Кейде тұжырымның белгілі болып, сарапшылардың жауабы сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жаңашылдық түйіндері қосымша дәстүрлі тәсілдермен анықталуы тиіс.
Соңғы кездері мәтіндік құжаттарды тексеру үшін AntiPlagiat.ru. интернеттік желісі пайдаланылатын болды. Бұл желі іске қосылу базадағы мәтіндердің түпнұсқалығын тексеруге үлкен мүмкіншілік берді. Жоғары оқу орындарының бірқатары РГБ (Ресей мемлекеттік кітапханасы) базасының мәліметтері бойынша курстық жұмыстар, рефераттар, диссертацияларды тексеруде. Аталмыш желі зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығын тексеру үшін де пайдаланылады. Ғылыми зерттеулердің жаңашылдығын анықтауда өте сақ болу қажет. Өйткені, электронды түрде материалдың аз ғана бөлігі болуы мүмкін. Авторлықты анықтау үшін интернетте бүкіл ақпарат болуы тиіс. Ғылыми мәтіндердің көпшілігі қағазда қалып қоюы мүмкін.
Көптеген авторлар түп деректі заңды түрде дәйектейді. Егер ол оны екінші рет қосымша нұсқасымен жариялайтын болса, авторды шығармашылық ұрлығы үшін айыптауы мүмкін.
Ғылымды дамыту үшін жұмыстың жаңашылдығын анықтау, көшірмеден сақтандыру, неғұрлым маңыздырақ болып табылады.
Ұсынып отырған ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын бағалау әдістерін практикаға енгізу әрине, бір жолға ғана акт болып табылуы мүмкін емес; Ол үшін белгілі бір ұйымдастырылған қайта құру, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуге қойлатын талаптар енгізу, педагогика ғылымының әр түрлі саласы бойынша қолда бар тұжырымдардың эталондарын жасау қажет.
Мұндай өзгерістер зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне, педагогикалық ғылым мен практиканы дамытуға оң көзқарасты танытады.
Педагогикалық зерттеулердің ең маңызды сипаттамасы, яғни жаңа идеялар, теориялық және практикалық жаңалықтар, жұмыстың алға қойған мақсаты мен нәтижелер жиынтығы болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапалы бағалануы педагогика ғылымына енгізілген бір жаңалық болса, практикаға енгізілсе оны оқыған кез-келген адамға ғылыми жұмыстың нәтижесін нақты көре алатын болса.
-концепциялар;
ойлар;
әдістемелік нұсқаулар;
ережелер және т.б.
В.М.Полонский педагогикалық зерттеудің сапалы аяқталуына 3 түрлі өлшемін ұсынады: жалпы ғылымдық, типтік, нақты ғылыми.
І. Жалпы ғылымдық өлшем.Негізгі мәселеден және ғылым ауқымынан тәуелсіз болатын аяқталған жұмыс нәтижесінің сапасына талап қояды.
жаңашылдық;
көкестілігі;
теориялық және практикалық мәнділігі;
ІІ.Типтік өлшемдер.
Негізінен ғылыми-педагогикалық сапасына талап қояды.
ІІІ.Нақты-ғылыми өлшем.Педагогика ғылымының бағыты мен негізгі мәселеге тәуелді болатын педагогикалық ғылым сапасының типтік талабын айқындайды.
1.1.Жаңалылық өлшемі.
Аяқталған зерттеудің сапасын бағалау үшін жаңашылдық өлшемдері қолданылады.Ол мынадай жаңа мінездемелерге ие:
теориялық және практикалық енгізулер;
тәрбие процесінің заңдылықтары,оның құрылымы және механизмі;
оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны;
педагогика әдебиетінде енгізілмеген осы уақытқа дейін белгісіз болған әдістер, міндеттер,тәсілдер.В.М.Полонский зерттеудің жаңалылығын келесі деңгейлерге бөледі:
нақтыландыру деңгейі;
толықтыру деңгейі;
түрлендіру деңгейі;
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие.Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделіорындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады.Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық өлшемдерін төмендегідей түрде көрсетуге болады.


Зерттеу нәтижесінің жаңалылық өлшемдері




Теориялық жаңашылдық

Практикалық жаңашылдық



Жаңа әдістер
Ережелер
Алгоритмдер
Бағдарламалар
Оқыту аумағындағы нұсқаулар
Құралдар
Модельдер
Преположения
Талаптар
әдістер
Эмпирикалық дәлелдер



Жаңа концепциялар
Болжамдар
Бағыт
Заңдылық
әдістер
классификация
модельдер
оқыту мақсаттары
мен тәрбие
педагогика теориясы мен тарихының мақсаттары
Түсінушілік
Жүйе
Тенденция
өлшемдер
ғылыми дәлелдер

1.2. Зерттеу көкейкестілігі.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні- оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблеималардың қажеттілігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.Cондықтан зерттеуде көкейкестілікті жазған кезде ескеру керек:
әлеуметтік қоғамға педагогика ғылымынан қажетті тапсырысы
практиканың қажеттілігі
мәселенің қаншалықты орындалған деңгейі;
МОН РК жоспарындағы тапсырысқа берілген іргелі және қолданбалы зерттеулер тақырыптарының мәселелері айқын көрінуі.

1.3.Теориялық маңыздылығы өлшемі.


Зерттеудің теориялық құндылығы ғылыми зерттеу нәтижелерінің болашақта педагогика ғылымының дамытуға қолданылу мүкіндіктерімен орындалады.Зерттеудің теориялық маңыздылығының деңгейлері:
жұмыстың жалпы педагогикалық маңыздылық деңгейі, зерттеу нәтижелері педагогиканың барлық аумағын қамтитын, оның жеке пәніне енетін.
пәндік маңыздылық деңгейі, жеке педагогикалық пәндердің дамуына қосылатын зертеу нәтижелері.Дидактикасына, тәрбиелеу теориясына,жекелік әдістерге,педагогика тарихына, этнопедагогикаға жаңалықтар енгізу.
жалпы мәселелік маңыздылығының өлшемі,педагогика пәндерінің белгілі бір саласындағы зерттелген теориялық зерттеулергеөзгерітер енгізу.
Теориялық маңыздылығы өлшемі – комплексті.
1.4. Практикалық мәнділік өлшемі.

Зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар ,нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.


Практикалық мәнділік көрсеткіштері:
зерттеу нәтижесіне қызығушылықтары бар тұтынушылар құрамы мен саны;
енгізілген материалдарды шығару (оқулықтар, оқу әдебиеттері);
ендіру масштабы: республика мектептерінде.
Іргелі және қолданбалы ғылыми-педагогикалық зерттеулер сапасының өлшемдері:
өзектілік;
жаңашылдық;
теориялық және практикалық маңыздылығы;
бөлшектеп іздеу;(эврикалық)
болашағы бар;
дәлелді;
тарихи;
сынау;
факты бола алатын материалдың толықтылығы;
концепциялардың жоспарлану деңгейлері;
халықаралық деңгейлілігі;
практикада қолданылуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет