Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет110/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127
Дәрістер мазмұны

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- оқушылардың оқығандығының педагогикалық диагностикасын жүргізу пәндік білімнің құрылымымен негізделеді, оқушы дайындығының сапасын және білім беру үдерісінің тиімділігін тексеру мен бағалаудың құралы және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып келеді;
- «оқығандық», «оқығандықтың педагогикалық диагностикасы» ұғымдарының анықтамасы; – мақсатты-тұжырымдамалық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мазмұндық-құралдық блоктардан тұратын, оқушылардың оқығандығының педагогикалық диагностикасының үдерістік моделі;
-оқығандықтың өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері;
- оқушылардың оқығандығының педагогикалық диагностикасын ұйымдастыру технологиясы, тарих пәндері бойынша оқығандықты диагностикалауға арналған тестілік және деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау-өлшеу материалдары;
– орта мектептің білім беру үдерісіндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері, оқушылардың оқығандығын диагностикалау барысында ғылыми негізделген ұсыныстар.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар - зерттеушінің алған нәтижесі болғандықтан, оны қорғау керек. Мәні жағынан олар болжамдағы бейнеленген авторлық идеялар. Мазмұны қорғалуға тиісті қағидалар болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар реттелген тезистер түрінде беріледі. Әрбір тезис қорытынды тұжырым реінде көрсетіледі. Диссертацияда 3-4 немесе кейде одан да көп қағидалар қорғалады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Зерттеу нәтижелері дегеніміз не?
2. Зерттеу нәтижелерінің негізгі бөліетерін сипаттаңыз.
3.Іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерінің айырмашылықтарын негіздеңіз.
4. Қорғауға ұсынылатын қағидаларды құрастыру ережелері қандай?
5. Қорғауға ұсынылатын қағидаларда зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығы мен теориялық мәнін баяндауда ашылған мәселелер қайталанбауына қалай қол жеткізуге болады?
6. Өз диссертацияңыз бойынша қорғауға ұсынылатын қағидаларды сипаттаңыз.

15-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің және дипломдық жұмыстың орындалу сапасын бағалау.
Зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері. Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады және тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы “ақ таңдақтардың” орнын толтырады. Дегенмен, өзекті тақырып бойынша орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе, бұл ретте жетілдірілген әдістеме қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соңғы жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиже өзекті болмауы мүмкін.
Демек, зерттеудің көкейкестілігін одан ары ойластыру қажет. Бұл жағдайда біз В. М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынандай анықтама береді: «Зерттеудің көкейкестілігі» – ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға «зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі» түсінігін ендірді. Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі.
Диссертациялық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселенің шешімінің қажеттілігі мен дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік. Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі әдіснамашы В. В. Краевский ұсынды (1-сурет). Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрамында өзектендірудің келесі шарттары көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі ретіндегі зерттеу нысанын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу көкейкестілігін анықтау.
Зерттеу тақырыбындағы мәселе шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған мәселелермен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздемесін талап етеді.
Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды ұстанымдары, білім жүйесін басқару нысандарының заңдылықтары жөнінде жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отырып, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен, жүйелілігімен, мақсаттылығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет