Дәрістер тезисі


-дәріс. Отбасы әлеуметтануы



бет21/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

6-дәріс. Отбасы әлеуметтануы
Дәрістің жоспары:

  1. Отбасы әлеуметтік институт ретінде

  2. Отбасы институтының атқаратын қызметтері

  3. Отбасы және некелік қатынастардың тарихи типтері

  4. Қазіргі заманғы отбасының түрлері және неке қатынастары, негізгі проблемалары



Дәрістің мақсаты: отбасы әлеуметтануының зерттеу аясымен, отбасының тарихи типтерімен таныстыру, отбасы институтының қоғамда атқаратын қызметтерін және түрлерін, қазіргі заманға отбасылардағы негізгі проблемаларды қарастыру.

Қазіргі заманғы отбасы бірқатар қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісіне айналған: әлеуметтану, психология, демография, экономика, педагогика ғылымдары отбасын әр қырынан қарастырады. Әлеуметтанушыларды отбасындағы тәрбие мәселесі, некелік қатынастар, ажырасу проблемасы, отбасы құндылықтары, отбасының табысы, ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық дәстүрлердің сақталуы сынды мәселелер қызықтырады.


Ерте заман ойшылдарынан бастап отбасындағы проблемаларға арналған зерттеулер аз емес. Мысалы, Платон мен Аристотель отбасындағы қарым-қатынасты, некеге қатысты ой-толғамдарын білдіріп, өз заманындағы отбасы типтерін сынаған.
Жалпы адамзат тарихында қоғамның дамуына байланысты үш тарихи дәуір болған: жабайылық кезең, варварлық кезең, өркениет (цивилизация). Осы үш дәуірге тән отбасылық-некелік қатынастар орын алып отырған. Қоғам дами келе отбасы типтері де төменгі формадан жоғарғы, замануи формаға жеткен. Отбасының тарихи типтері: промискуитет (реттелмеген жыныстық қатынастар), топтық неке, эндогамия (тайпа ішілік), экзогамия (жарды басқа тайпадан іздеу), полигамия (матриархат, патриархат), моногамия. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтарда қабылданған Вавилон патшасы Хаммурапи заңдарында ер мен әйел арасындағы теңсіздік айқын көрсетілген, патриархат бекітіліп, отбасындағы ер адамның ерекше статусы, оның ұрпақ жалғастырушылық ролі жазылған. Әйелдің міндеті отбасының ұйытқысы болу, жарына адал болу, бала туу деп көрсетілген. Ерте замандардағы отбасы мен неке формаларын зерттеген ойшылдар - Л.Морган («Ежелгі қоғам» еңбегі), Ф.Энгельс («Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» атты еңбегі), И.Бахофен («Аналық құқық» еңбегі) болды.
Қоғам мен отбасы типтерінің дамуымен қатар отбасындағы балаға деген қарым-қатынас заманына сайын өзгеріп отырды. Мысалы, ерте заманда әлсіз, ауру болып туылған балаларды өлтіріп отырған, орта ғасырларда балаға амбивалентті көзқарас – баланың әрбір қадамы регламенттелген, қатаң бақылауда болған. 19-20 ғасырда отбасының баланы әлеуметтендіретін ролі басым болды, балаға - тәрбиелеу мен оқыту объектісі ретінде қарап, баланы өз бетінше өмір сүруге үйрету, дайындау үрдіс алды. 21-ғасырда баланың индивидуалды дамуы, баланың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып тәрбиелеу, эмоционалды байланыс орнату сияқты тәрбиелеу түрі басты орынға қойылып отыр. 19-ғасырда отбасы мүшелерінің қажеттіліктері, отбасындағы эмоциялық байланыстар, сезімдер, адамгершілік мәселелері ғалымдар тарапынан зерттеле бастады. Сондай ғалымдардың бірі Фредерик Ле-Пле.
Одан кейінгі ғалымдар мысалы, З.Фрейд, отбасындағы коммуникация, отбасы мүшелері арасындағы байланыстар, отбасылық рольдер, отбасы беріктігіне әсер ететін факторларды зерттеді.
Отбасының атқаратын қызметі (функциясы):

  • Репродуктивті - баланың туылуы, яғни халық санын көбейтуге үлес қосу;

  • Тәрбиелеу;

  • Әлеуметтендіруші,

  • Жыныстық мінез-құлықты реттеу;

  • Тұрмыстық;

  • Әлеуметтік-статустық;

  • Экономикалық;

  • Асырауындағы балаларға, қарттарға, науқастарға, мүгедектерге қамқорлық көрсету, экономикалық қолдау;

  • Достық, қамқорлық, эмоциялық қолдау көрсету.

Отбасы – әлеуметтік топ, әлеуметтік институт. Отбасы дегеніміз адамдар арасындағы туысқандық, некелік, жыныстық қатынастарға негізделген әлеуметтік институт. Немесе отбасы дегеніміз белгілі-бір міндеттемелер (неке, туысқандық, тәрбиелеу, асырау, қорғау, сыйлау, т.с.с.) арқылы байланысатын адамдар тобы.
Отбасының іргетасы – неке. Неке дегеніміз екі адамның ресми, әлеуметтік (қоршаған ортаның ол екеуін ерлі-зайыпты деп тануы) немесе заңды түрде мойындаған одағы. Неке - екі адамның міндетін заң жүзінде анықтайтын келісім деген түсінік те бар. 1970 жылдарға дейін ер мен әйелдің өз міндеттері қатаң түрде сақталатын еді. 70-жылдары феминистер қозғалысы (феминизм - әйел теңдігі, дүниеге, әр құбылысқа әйелдің көзқарасымен қарау) пайда болған соң бұл қағида өзгере бастады.
Отбасының түрлері:

  • Кеңейтілген отбасы (бір үйде бірнеше ұрпақ, туыстары бірге тұрады);

  • Нуклеарлы отбасы немесе заманауи отбасы (бір үйде ата-анасы және олардың кәмелетке толмаған балалары ғана тұрады);

  • Аралас отбасы (ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен туған балалары және екеуінің қазіргі балаларымен бірге тұруы);

  • Толық емес отбасылар (қазіргі кезде көбінесе ажырасудың көптігі себебінен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет