Дәрістер тезисі



бет22/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Неке түрі: моногамия, полигамия, аралас неке (этникалық, нәсілдік), бір жынысты неке (қаіргі заманда пайда болып жатқан әлеуметтік құбылыс).
Сонымен, әлеуметтану ғылымының отбасы институтын жан-жақты зерттейтін саласы - отбасы әлеуметтануы деп аталады. Отбасы әлеуметтануы - отбасы мен некенің тарихи типтері, отбасының атқаратын қызметі, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасының баланы әлеуметтендіруші ролі, отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, некедегі гендерлік рольдер, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі, отбасылық рольдер, ата-ана ролі, ана болу, әке атану, отбасының табысы, тұрмысы, үй шаруашылығы, ажырасу мәселесі, өгейлік, жар таңдау сияқты отбасыға қатысты алуан түрлі мәселелерді зерттейді.
Қазіргі отбасындағы мәселелерді былайша топтастыруға болады:

  • Әлеуметтік-экономикалық мәселелер (отбасының тұрмысы, материалдық қажеттіліктері, отбасының бюджеті, т.б.)

  • Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер (мағынасы жағынан экономикалық мәселелерге ұқсайды, баспана, тұтыну, жақсы, ыңғайлы өмір сүруге ұмтылу)

  • Психологиялық мәселелер (некеге дейінгі қарым-қатынас, жар таңдау мәселесі, құдалардың арасындағы қатынас, отбасылық рольдер, махаббат, гендерлік қатынастар, зорлық-зомбылық мәселелері)

  • Отбасы тұрақтылығы мәселесі (қазіргі заманда белең алған ажырасу мәселесі, мысалы статистикалық мәліметтер бойынша елімізде әрбір құрылған 3 некенің біреуі алғашқы бір жыл ішінде ажырасып кетеді екен)

  • Тәрбие беру мәселесі;

  • Қатер тобындағы отбасылар (ата-ананың біреуінің ғана болуы, мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасы, табысы төмен отбасылар, табысы төмен көп балалы отбасылар, ата-анасының екеуі де немесе біреуі ішімдікке салынған, ата-анасының бірі немесе отбасының бір мүшесі түрмеде отырған немесе жақында босап шыққан отбасылар, т.б.)

Тексеру сұрақтары:

  1. Отбасының атқаратын қызметтерін атаңыз

  2. Отбасының тарихи типтеріне мысалдар келтіріңіз

  3. Қазіргі заманғы отбасылардың әлеуметтік мәселелерін сипаттаңыз

Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  6. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет