Дәрістер тезисі


Білімнің қоғамдағы тұрақтылық пен өзгеріске ықпалы



бет32/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Білімнің қоғамдағы тұрақтылық пен өзгеріске ықпалы. Қазақстан қоғамын жаңғыртуда білімнің атқаратын ролі, ықпалы жоғары. Қоғам дамыған сайын ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отырады. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреске жетелейтін құрал, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Білімнің негізгі атқаратын қызметі-адамның рухани-адамгершілік, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған байланысты қоғам дамуының басты алғышарты - білім беру жүйесінің сапасын арттыру болып таьбылады.
Қазіргі уақытта әлемде және оның құрамдас элементі ретіндегі отандық экономикада түбегейлі терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастыруда. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылып, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталып келді.
Қазіргі Қазақстан қоғамының жаңғырылуы экономиканың тиімді сапалық және құрылымдық өзгерістерге қабілеттілігі қоғамдық байлықтың материалды емес формаларына және адамды қалыптастырушы салаларға тікелей тәуелділікте. Білімнің қоғам мен адам дамуындағы маңызды рөлін тану адам дамуының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Білім еңбек тиімділігін арттырудың факторы. Білім - ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы. Білім – құндылық және ең сенімді капитал.
Бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілігі - жаһандық экономика мен саясатта ең ықпалды тұжырымдамалардың бірі, өйткені тек экономикалық көрсеткіштерді қамтып қана қоймайды, сонымен бірге экономикалық емес маңызды құбылыстардың экономикалық салдарын бағалай алады.
Оны өлшеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі жан басына шаққанда келетін ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, ел мен оның азаматтары соғұрлым бай, өмір сапасы соғұрлым жоғары.
Жекелеген өлшемдер бойынша ҚР халықтың «өнертапқыштық» деңгейі (яғни, технологиялық идеялардың дамуы), ғылыми-зерттеу базасының, дәл ғылымдағы білімнің сапасы бойынша, сондай-ақ базалық инфрақұрылымның жаман емес жағдайына қатысты айтарлықтай жоғары бағаланады.
Алайда елдегі «ақыл-ойдың сыртқа кетуінің» жоғары болуы, жаңа технологиялар мен қызметтерді лицензиялаудың күрделі рәсімделуі, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау деңгейінің төмендігі, білім беру мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды инвестициялауға қатысты кедергілер жетерлік. Осыған байланысты елдегі сауаттылық деңгейі бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұруына қарамастан әлеуметтік экономикалық даму деңгейі алаңдатарлық деңгейде.
Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына – білімділік деңгейіне байланысты екенін көрсетеді. Мемлекет дамуындағы стратегиялық міндет - әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына шығу міндетін қоя отырып, ҚР ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауы маңызды. Осының негізінде оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік, тәжірибені іргелі ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру, оның халыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің маңызы зор.
Елдер бүгінге дейін ғылым, білім беру және жоғары технология саласындағы шығындар мемлекет экономикасына түсіп келген «ауыртпалық» ретінде қаралып келсе, ал бүгінде керісінше көзқарас: мемлекет бұндай шығындарды ҚР бұдан былайғы бәсекеге қабілетін арттыру үшін адам капиталына жұмсалатын инвестиция ретінде бағаланады.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіндегі оң нәтижелерге тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет