Дәрістер тезисі


-дәріс. Білім және әлеуметтік теңсіздік



бет30/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

10-дәріс. Білім және әлеуметтік теңсіздік
Дәрістің жоспары:

  1. Білім беру социологиясының зерттеу аясы

  2. Білім беруді социологиялық тұрғыдан қарастыратын негізгі мектептер

  3. Білімнің әлеуметтік тұрақтылық пен өзгерістерге ықпалы

  4. Білім мен теңсіздіктің арақатынасы



Дәрістің мақсаты: білім беру социологиясының зерттеу аясын, білім беру социологиясындағы негізгі теориялық көзқарастарды, білімнің әлеуметтік тұрақтылық пен өзгерістерге ықпалын, білім мен теңсіздіктің арақатынасын қарастыру.

Білім әлеуметтануы білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Сондай-ақ, адамның тіршілік әрекетін және әлеуметтік білім саласындағы процестерді кеңінен қамтып, олардың өзара ықпалын танып білуді қарастырады. Оқу қызметінің өзін ол оқушылар мен білім алушылардың өмірлік жоспарлары, бағыт-бағдарлары, өмір салтының ерекшеліктері, ғылымның, қоғамның бүкіл мәдени қажеттіліктері тұрғысынан қарастырады.


Білім беру социологиясы білім беруге қатысты мәселелерді әлеуметтану тұрғысынан қарастыратын әлеуметтанудың дербес саласы. Білім беру социологиясы әлеуметтанулық білім берудің дербес саласы ретінде 19-20 ғасырда қалыптасты.
Білім – тұлғаның сәтті әлеуметтенуінің басты шарты.
Білім берудің әлеуметтендірусіз, тәрбиесіз пайда болуы, өмір сүруі тіптен мүмкін емес. Білімнің адам мен қоғамға тигізетін ықпалы орасан зор.
Білім беру – ресми оқу жүйесіне жауапты әлеуметтік институт. Білім беру институтының атқаратын қызметтері: оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар білім қоғамдық өзгерістерге ықпал етеді.
Білім әлеуметтануының обьектісі - білім жүйесі және ол туралы ақпарат атқарады. Қазіргі қоғамда білім беру аса маңызды әлеуметтік институт. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы, адамның әл-ауқаты білімнің сапасына тәуелді. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреске жетелейтін құрал, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Білімнің негізгі атқаратын қызметі-адамның рухани-адамгершілік, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту.
Жиырмасыншы ғасырда білім беру социологиясының негізгі теориялары мен мектептері анықталды. Алайда білім беру социологиясының алғышарттары әлеуметтік философия мен ерте замандардағы әлеуметтік идеялардан бастау алады.
Білім берудің мақсаты мен оның қоғамда алатын ролі, әлеуметтік факторлардың білім беруге тигізетін әсері, білім берудегі әлеуметтік теңсіздік мәселелері сияқты ойлар Платон, Аристотель, Квинтиллианның шығармаларында қарастырылған. Айталық, Платон «Мемлекет» атты трактатында идеалды мемлекетті қалыптастырудағы білімнің ролін ерекше атап өткен. Билеушіде ерекше тәрбие мен білім болуы қажет, өйткені билеушінің аса жоғары дәрежеде білімді және жоғары моральды адам болуы шарт, сондықтан оларға философия, этика, құқық, әдебиет, тарих, математика, т.б. пәндерді оқыту қажет. Ал, халық, Платонның айтуы бойынша «адамзат тобыры», сондықтан оларды тек тәжірибелік білімге дағдыландырса да жетеді. Платон құрған Академияның тәрбиеленушілері сол қоғамның басты проблемалары төңірегінде пікір таластырып, математика, астрономия, философия сияқты ғылымдар бойынша білім алған. Платон оқу пәндерінің білім алушының жасы мен қабілетіне сай рет-ретімен оқытуды қалыптастырған. Платон білім алу процесінде ойын әдісін қолдану арқылы оқу материалын тиімді меңгеруге әсер ететінін айтқан және баланы оқытуды жеті жастан бастау керектігін алға тартқан.
Аристотель білім беру саласындағы өзекті мәселелерге, адамның әл-ауқаты үшін білімнің маңыздылығына тоқталған. Мемлекетке білімді адамдар қажет, сондықтан мемлекеттің білім беруге көңіл бөлуін маңызды деп санаған. Аристотельдің пікірінше адамға оның әлеуметтік ортасы ықпал етеді, адамның тұлғасының қалыптасуына оның табиғаты мен білім әсер етеді. Білім беру мен тәрбиелеудің қатар жүруінің маңыздылығын айтқан.
Квинтиллиан баланы әртүрлі ғылымдарға оқытудың әдістемесін қалыптастырған. «Оқу материалдарын тым көбейтіп жіберсе баланың бойында ғылымға деген жеккөрушілік пайда болады. Бала кезде алған әсер адамның бойында өмір бойы сақталып, ол оның тұлғалық қалыптасуына әсер етеді, сондықтан алғашқы ұстазға жоғары талаптар қойылу керек» деп айтқан көне римдік ойшыл. Сондай ақ Квинтиллиан, дұрыс берілмеген білім баланың бойында жалқаулық, білім алуға қызықпау сияқты қасиетті тудырады, сондықтан әр балаға оның қабілеттеріне сәйкес индивидуалды бағыт ұстанудың қажеттігі сияқты озық ойларын айтқан.
Ибн-Сина білім берудің мақсаты жан-жақты тұлғаны қалыптастыру деп және баланы оқытуды алты жастан бастау керектігін айтқан. «Бала мектеп қабырғасында білім алуы тиіс, бұл баланың дамуына әсер етіп, білімді бойға тез сіңіруге ықпал етеді. Мұғалім жастайынан баланың бойындағы қабілеттерге көңіл бөліп, сол қабілеттерге сәйкес болашақ мамандыққа баулуы тиіс деген. Мұғалім ақылды, иманды, тәжірибелі, ұстамды, көркем мінезді, салмақты, қайырымды, түсінігі мол, ұқыпты, әділ болуы шарт», дейді шығыс ойшылы.
Қайта құру дәуірінде М.Лютердің орта ғасырлық білім беру ісін жаңартуға қатысты пікірлері, мектепте білім алудың артықшалақтары мен мемлекеттің білім беруді халыққа міндеттеуі қажеттігін айтқан.
Білім беруге қатысты теориялық көзқарастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет