Дәрістер тезисі


-дәріс. Денсаулық және медицина



бет36/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

13-дәріс. Денсаулық және медицина


Дәрістің жоспары:

  1. Медицина әлеуметтануының зерттеу аясы

  2. Әлеуметтік денсаулық әлеуметтік мәселе ретінде



Дәрістің мақсаты – білім алушыларға денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтанудың зерттеу аясын түсіндіру, ауруға теориялық көзқарастарды салыстыру, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді қарастыру.

Медицина әлеуметтануының зерттеу объектісі - медицина, зерттеу пәні медицина саласындағы әлеуметтік механизмдер.


Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығы дегеніміз ағзаның өмір сүруі барысында биологиялық және психикалық әрекеттерінің, еңбек етуге қабілеттілігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы. Яғни денсаулық – адам ағзасының қалыпты жағдайы. Жеке адамның денсаулығын жасына, жынысына, әлеуметтік-экономикалық, климаттық және географиялық жағдайларға байланысты анықтайды.
Жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.
Денсаулық физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Әлеуметтану денсаулық және денсаулық сақтауды әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Ауруға теориялық көзқарастар. Құрылымдық-функционалдық теория: науқастың ролі. Науқас ролін анықтау. Науқас адамның ролін сынау. Конфликт теориясы: медикализация. Символдық интеракционизм теориясы: ауру тәжірибесі. Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері. Алдын алуға болатын өлімнің себептері. Микродеңгейдегі жауаптар: денсаулыққа сенім үлгісі. Макродеңгейдегі жауаптар:ауру туғызушылар. Саулық пен науқастықтың әлеуметтік таралуы. Гендер. Әлеуметтік тап. Нәсіл және этнос. Жас. Case-study: бұрыңғы Кеңес Одағындағы халықтардың өмір жасының қысқаруы.
Менталдық аурулар. Психикалық аурулар саны қанша? Психикалық ауруларға кімдер шалдығады? Әлеуметтік тап ерекшелігі. Гендерлік ерекшеліктер.
Денсаулық сақтау саласында жұмыс істеу. Дәрігерлер: кәсіби автономия үшін күрес. Дәрігерлердің табысы мен беделіне деген ықылас. Дәрігерлер мәртебесінің өзгеруі. АҚШ-тағы денсаулық сақтау саласы. АҚШ-тағы денсаулық сақтау құны. Жеке сақтандыру қорлары. Денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар. АҚШ-тағы медициналық сақтандыруы жоқ адамдар. Медициналық сақтандыруды кеңейту үшін күрес. Басқа елдердегі денсаулық сақтау саласы.
Ұлттық денсаулық сақтау саласы.
Дені сау адамдардың денсаулығын сақтау, нығайту мәселелері (валеология).
Салауатты өмір салты және денсаулық. Салауатты өмір салтының негізгі аспектілері. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар. Әлеуметтік гигиена мәселелері.
Тексеру сұрақтары:

  1. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анықтаңыз.

  2. Жеке адам мен халықтың денсаулығын анықтау көрсеткіштері.

  3. Денсаулық пен теңсіздіктің арақатынасы.

Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет