Дәрістер тезисі


Әлеуметтік мәртебе (статус)



бет12/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Әлеуметтік мәртебе (статус) - қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіруде қолданылатын маңызды ұғым. Әлеуметтік мәртебе құқықтар мен міндеттердің, әлеуметтік күтілімнің, материалдық және моральдық игіліктердің мөлшерінің, жүріс-тұрыстың тұрақты нормативтік нысандарының жиынтығын білдіреді. Әр адамның туа біткен және қол жеткізген мәртебелері болады. Әлеуметтік мәртебе – табыс, білім, кәсіп немесе олардың комбинациясына байланысты адамдарды әлеуметтік таптарға жіктеу өлшемі.
Мәртебелік ұстаным (статусная позиция) – әлеуметтік кеңістіктегі белгілі-бір мәртебеге ие орын. Бұл орын тұрақты емес, қозғалыста. Тұрақты нысанға ие. Ұстаным жеке және топтық болады. Әлеуметтік статустың екі түрі болады: туа біткен статус (ұлты, діні, жынысы, азаматтығы) және жүре пайда болған статус (қызметі, лауазымы, білімі, ата-ана атану, ата-әже болу, т.б.).
Каста дегеніміз әлеуметтік стратификацияның тарихта орын алған элементі. Белгілі-бір кастада дүниеге келген адам сол кастаның шеңберінен шықпайды, сол кастада үйленеді, дүниеден кетеді. Әр кастаның өзіндік кәсібі, өмір салты, әдет-ғұрпы болады.


Стратификция құрылымының түрлері.
1) Сословиелік жүйе. Сословие дегеніміз заңдармен құқықтық түрде, не болмаса дәстүрлер, әдет-ғұрып арқылы бекітілген және осыған байланысты
ұрпақтан ұрпаққа қарай, беріліп отыратын, әлеуметтік топтың құқығымен міндеттері. Европада IV ғасырдан XIV ғасырға дейін негізгі стратификациялық топтар сословиелер болған. Мысалы, Францияда сословие деп әр дәрежедегі страталарды атаған. XVIII ғасырдың аяғында, Француз революциясының қарсаңында, бұл елде үш сословие болғаны тарихқа белгілі. Олар дворяндар, діни сословие және үшінші сословие деп аталатын қалың бұқарадан тұратын топтар болған. Бұл жайда айта кететініміз, тек қана дворяндар, яғни ең жоғарғы сословиеге жататындар өзінің нәсілдік, ұрпақтық құқығын сақтай алатындығы. Мысалы, әкесі дворян болса, баласы да, туған-туыстары да осы сословиеге міндетті түрде жататын. Ал қалған сословиелердің сословие деп аталғанымен де ондай құқығы болмаған. Сословиелік әлеуметтік құрылым орта ғасырларда көпшілік елдерде орын алған. Мысалы, Ресейде үш сословие орын алған. Олар дворяндар, діни сословие, шаруалар. Соңынан бұл елде басқа да сословиелер пайда бола бастаған. Сословиелік құрылым қазақ даласында да орын алған. Қазақ жерінде хан, сұлтан, төрелер, одан кейін қожалар сословиесі болған. Бұл сословиелер үстемдік еткен, елді басқарған және олардың статусы атадан балаға көшіп отырған. Әдет-ғұрып, дәстүр бойынша, Шыңғысханнан бастап тек қана соның тұқымдары хан, сұлтан болуға, таққа таласуға мүмкіндік алатынды. Бұл ең жоғарғы сословие. Бұларда европалық, азиялық елдердегідей сословиелік белгілер мен құқықтар орын алған. Қазақ даласында көпке дейін сақталып келген әліде қалдықтары бар сословие қожалар деп аталады. Қожа әрі сословие, әрі ру ретінде қалыптасқан. Сословие ретінде қожалар (көпшілігі) діни, миссионерлік іспен айналысқан, олардың статусы өте жоғары болған. Қожалардың ісі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берген. Ал ру ретінде қожалар қазақтардың ру жүйесіне кірмеген. Сондықтан олар қазақтардың руы деп қарастырылмайды. Қысқаша айтқанда, қазақ даласындағы сословиелер ру дәрежесінде берілген, бірақ та олардың жоғарғы лауазымы хан, сұлтан, қожа деген сословиелік статусқа байланысты болған. Ал Европаны алсақ, онда рулық белгі сословиелерде көрсетілмеген. Қазақтың қалың бұқарасы шаруалар, байлар, кедейлер, орта шаруадағы адамдар жоғарыда айтылған сословиелерге кіре алмаған, бұлар төменгі сословиені құраған. Бірақ та, осы бұқара халық, өзіде әр-түрлі, осы күнгі терминмен айтқанда, страттарға бөлінген. Халықтың өзіндік әлеуметтік құрылымы орын алған. Олар жоғарғы топ, орта топ, кедей топтар. Әрбір сословиенің өзіндік ішкі құрылымы болады. Оның ішінде түрлі атақтар, дәрежелер, рангалар бар. Ол мәселені біз бұл жерде талдап жатпаймыз. Сословиелік жүйе 5 мың жылдай қоғамда орын алған. XVIII ғасырға дейін дүние жүзінде бұл жүйеден күшті әлеуметтік құрылымда, жүйе болмаған. Ал соңғы 150 жылдың ішінде бұл жүйе бүкіл дүние жүзінде құрып кетті десе де болады. Бірақ та, кейбір Европа елдерінде,
мысалы Ұлы Британияда, Азия елдерінің кейбіреулерінде осы жүйенің қалдықтары осы күнге дейін кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет