Дәрістер тезисі



бет20/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Әлеуметтену агенттері мен институттары

Тұлғаны әлеуметтендіруші агенттер мен институттар: ата-анасы, отбасы, қоршаған ортасы, достары, туыстары, бала бақша, мектеп, колледж, унверситет, әріптестер, БАҚ, т.б.
Әлеуметтендіруші агенттер бастапқы және екінші реттік болып бөлінеді. Бастапқы әлеуметтендіруші агенттер: отбасы, жақын туыстары, күтуші, мұғалім, дәрігер, жаттықтырушы, достары, яғни баланың өмірінде маңызды орын алатын жекелеген тұлғалар. Екінші реттік деп отырғанымыз – мектеп, бала бақша, полиция, мешіт, түрме, жұмыс орны, универстет, т.б.
Адамның өзінің бастапқы қалыптасу кезеңінде басқалардың көмегіне мұқтаж болады. Осы көмек берушілер әлеуметтену агенттері мен институттары деп алады.
Әлеуметтену агенттері – бұлар мәдени нормалар мен әлеуметтік ролдердің дұрыс игеруіне жауапты нақты адамдар.
Әлеуметтену институттары – бұл әлеуметтену үрдісіне бағыт беретін, оған әсер ететін ұйымдар.
Әлеуметтену агенттері мен институттары бастапқы, қосымша болып жіктеледі. Әлеуметтенудің бастапқы агенттері – ата-анасы, аға-апалары, басқа да қандас туыстары, достары, мұғалім, дәрігер және т.б. адамның жақын айналасын құрайтын орта.
Әлеуметтену қосымша агенттеріне мектеп, университет, кәсіпорын әкімшіліктері, әскер, полиция, діни ұйым, партия, БАҚ және т.б. өкілдері, яғни адамға сырттай әсер етушілер жатады.
Әлеуметтенудің қосымша агенттерінің әсері бастапқы кезеңде әлсіз болғанымен, ересек кезеңге ауысқан кезде өте күшейеді.
Әлеуметтену институттары осы агенттердің ұйымдық құрылымдалуы. Мыс., мектеп әлеуметтенудің бастапқы институты, ал нақты бір мұғалім бастапқы агент.
Әлеуметтенудің қосымша агенттері мен институттары адамның ересек ғұмырын толық қамтиды.
Әлеуметтенудің бастапқы агенттері ішінде әке-шеше мен құрдастар үлкен рол атқарады. Әдетте бұлар бір-біріне қарама-қарсы позицияда болады. Ата-анасы ұнатпаған нәрсені құрдастары қолдайды немесе керісінше. Бала дамуында құрдастар оның тәуелді жағдайдан әлеуметтік тәуелсіздікке өтуіне көмектеседі.
Әлеуметтенудің бастапқы агенттері бір-бірімен тығыз байланыста болса, қосымша агенттер мүлдем байланыссыз болады. Әлеуметтенудің қосымша агенттерінің әрқайсысына адам жеке-жеке шығады.
Бастапқы агенттер адамға шын көңілдерімен тегін көмек көрсетсе, қосымша агенттер өз әлеуметтік ролдері үшін қоғамнан ақы алады.



  1. Де-әлеуметтену мен ре-әлеуметтену

Бұлар әлеуметтену үрдісінің ересек кезеңіне тән құбылыстар. Әлеуметтену үрдісі адамның басты өмір айналымымен (цикл) байланысты. Мысалы, оқуға түсу (жастық), үйлену (отбасылық), жұмысқа кіру (кәсіби), зейнетке шығу (қарттық). Әрбір өмір айналымы жаңа әлеуметтік рөл, әдет, жаңа орта, достар, өмір үлгісінің өзгеруіне әкеледі.
Сонымен қатар адам белгілі бір себептер әсерінен, мыс., бас бостандығынан айырылу, қалыпты өмір айналымынан түсіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда де-әлеуметтену және ре-әлеуметтену құбылыстары басталады.
Де-әлеуметтену – ескі құндылықтар, рөлдер, нормалар мен мінез-құлық ережелерінен бас тарту, оқшаулану.
Ре-әлеуметтену – осыдан соң өзіне бұрын тән емес жаңа құндылықтар, рөлдер, нормалар мен мінез-құлық ережелерін игере бастау.
Әдетте бұлар адам санасы мен өміріне өте терең өзгерістер әкеледі, адам мүлде басқаға айналады.
Американдық социолог Ирвинг Гоффман бұл құбылыстардың пайда болуына әкелетін белгілерді көрсетті:
- сыртқы ортадан оқшаулану (темір тор, биік қабырға);
- бір адамдарды сәт сайын көріп, тек солармен ғана қатынаста болу;
- киіміндегі бұрынғы сәйкестікті жоғалту (арнайы, бәріне бірдей киім);
- өз жеке атының номерге айналуы;
- жеке белгісі жоқ, сұр топтың ортасында қалу;
- бұрынғы түсініктерінің, әдеттерінің, мінез-құлқының өз құнын жоғалтуы;
- іс-әрекет еркіндігін жоғалту.
Бұлар адамның адамгершілік, құлықтық (мораль) жабайылануына (деградация) әкеледі. Сондықтан өркениетті елдерде адам жазаға тартылғанның өзінде де оның үйреншікті ортасының кейбір элементтері қалыпқа келтіріледі. Мыс., өз жерінде қамау, туыстарымен үздіксіз байланыста болу, үйіне жіберіп тұру және т.б.
Әлеуметтену процесі әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік статус, әлеуметтік роль ұғымдарымен тығыз байланысты.
Әлеуметтік бейімделу – тұлғаның әлеуметтік орта шарттарына бейімделуі. Әлеуметтену ұғымымен тығыз байланысты. Бейімделудің басты қыры – тұлғаның әлеуметтік ролін қабылдауы.
Әлеуметтік роль дегеніміз – адамнан талап етілетін және күтілетін мінез-құлықтың үлгісі. Адам өз өмірінде бір мезетте бірнеше роль ойнайды. Мысалы, әйел адам біреуге ана, біреуге жар, енді біреудің келіні, қызы, қарындасы, әпкесі, сіңлісі, әжесі, біреуге басшы, біреулерге әріптес, пациент, клиент, пассажир, тағысын тағы толып жатқан рольдерді ойнайды немесе атқарады.
Әлеуметтік роль әлеуметтік статуспен анықталады. Әлеуметтік статустың екі түрі болады: туа біткен статус (ұлты, діні, жынысы, азаматтығы) және жүре пайда болған статус (қызметі, лауазымы, білімі, ата-ана атану, ата-әже болу, т.б.)
Әлеуметтенудің түрлері: мәдени, саяси, экономикалық, діни, т.б. әлеуметтену.


Тексеру сұрақтары:

  1. Тұлға әлеуметтануының зерттеу аясын сипаттаңыз

  2. Әлеуметтену дегеніміз не?

  3. Әлеуметтенудің түрлерін атаңыз

  4. Әлеуметтік бейімделу дегеніміз не?



Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  6. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет