Дәрістер тезисі



бет25/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Мәдениет ұғымы латынның cultura сөзінен шыққан, яғни өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу деген мағынаны білдіреді. Мәдениет - әлеуметтік өнім, яғни мәдениет – адамның қолымен жасалған және ой-санасы арқылы өңделген еңбегінің жемісі. Мәдениет қоғамның дамуы үшін қажет. Мәдениеттер салыстырмалы. Мәдениет – проблеманы шешетін құрал. Мәдениеттің екі формасы: материалды және рухани. Рухани формасына – тіл, құндылық, норма жатады.
Мәдениет әлеуметтану үшін маңызы қоғамнан кем емес түсінік. Егер қоғам – адамдар жиынтығы болса, мәдениет – олардың іс-әрекеті қорытындысының жиынтығы.
XVIII ғ. еуропалықтар үшін мәдениет рухани, ақсүйектік (аристократия) белгіге ие болды. Бұл сөз адам сапасының жетілуін көрсетті. Мәдениетті деп оқыған, мінез-құлқы инабатты адамды атады. Осы дәуірдің өзінде-ақ мәдениетті біз сөз сөйлей білумен, картина галереясымен, опера театрымен, жақсы тәрбиемен байланыстырамыз.
XX ғ. жабайы халықтарды зерттеген антропологтар бұл түсінікке жаңа мән берді. Мыс: австралия аборигендерінде опера театры не картина галереясы жоқ, бірақ оларды біріктіріп тұрған құндылықтар жүйесі бар. Бұл құндылық жүйесі тіл, ән, би, дәстүр, мінез-құлық түрі арқылы бейнеленеді. Өз жиынтығында ол сол қоғамның өмір сүру үлгісін көрсетеді. Ал мұндай белгілер өркениетті халықтарға да тән. Сөйтіп мәдениет түсінігі қоғамның рухани және материалдық жетістіктерін бейнелейтін жаңа мазмұнға ие болды.
Тіл – сөйлеу құралы, мәдениеттің тасымалдаушысы.
Құндылық – қажетті мақсаттар туралы ортақ идеялар.
Норма – белгілі-бір мәдениет шеңберінде қолданылатын мінез-құлық ережелері.
Мәдени этноцентризм – басқа мәдениетті өз мәдениеті тұрғысынан түсіну, бағалау.

Мәдениет құрамы
Әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан мәдениетте оның негізгі екі бөлігі бөлінеді: мәдени статика және мәдени динамика. Мәдени статикаға мәдениеттің ішкі құрылымын, яғни оның элементтерін және мәдениет нысандарын жатқызады.
Мәдени динамикаға мәдениет өзгеруін сипаттайтын механизмдер мен үрдістерді жатқызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет