Дәрістер тезисі


Білім беру саласындағы қазіргі қайшылықтар



бет33/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Білім беру саласындағы қазіргі қайшылықтар
Бақылау қабілеті мықты оқушылар үшін пайдалы болғанымен, қабілетті төмен оқушыларға кері әсерін тигізеді. Аса маңызды тестілеу білім сапасын арттырады, бірақ оқу бағдарламасын қысқартып, тек тестілеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлуге мәжбүрлейді. Мектепті таңдау оқушылар мен ата-аналарға үлкен мүмкіндік береді. Бірақ теңсіздікті нығайтып, мемлекеттің қолдауын азайтады. Жоғары білім алу толықтай ақталады, себебі кейін табысы жоғары, жақсы жұмысқа орналасады, жұмыссыз қалу ықтималдығы сирейді. Сонымен қатар қаржылай артықшылық болмаса да, ұзақ өмір сүру сияқты мүмкіншілік береді.
Тексеру сұрақтары:

  1. Білім беру әлеуметтануы қандай мәселелерді қарастырады?

  2. Білім беруге теориялық көзқарастарды сипаттаңыз

  3. Білім және теңсіздік мәселелері

  4. Білім берудің әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы маңыздылығы

Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  6. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы

11-дәріс. Масс-медиа, технологиялар және қоғам
Дәрістің жоспары:

  1. БАҚ әлеуметтануының зерттеу аясы, қазіргі қоғамдағы масс-медианың әсері

  2. БАҚ-тың атқаратын қызметі

  3. БАҚ-ты зерттеу әдістері

  4. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне тигізетін әсері

  5. Төртінші индустриялық революция жағдайындағы ғаламдық өзгерістер



Дәрістің мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтануының зерттеу аясын, атқаратын қызметін және зерттеу әдістерін қарастыру. Сондай ақ қазіргі заманға ақпараттық технологиялардың адам өміріне әсерін сипаттау.

БАҚ (немесе масс-медия) дегеніміз халыққа ақпаратты жеткізудің каналы (баспасөз, кітап, радио, тв, интернет, т.б.). БАҚ – бұқаралық көлемдегі ақпаратты жинау, өңдеу мен таратуды қамтамасыз ететін әлеуметтік институт. Әлеуметтану БАҚты әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастырып, ақпаратты жасау, тарату және қабылдау процесін зерттейді. БАҚ – тұлғаны әлеуметтендіруші институт, БАҚ-тың арқасында қоғамдық пікір қалыптасады, медиа арқылы адамдарды біріктіру ыңғайлы.


БАҚ-тың атқаратын қызметі:

  1. Ақпаратты тарату

  2. Интеграциялық (біріктіруші)

  3. Қоғамдық пікірді қалыптастырады

  4. Мәдениетті қалыптастырушы, таратушы

  5. Пропаганда (саяси, мәдени)

  6. Білім берушілік

  7. Тәрбиелік

  8. Көңіл-көтеру

Қазіргі заманда ғаламтор үлкен танымалдыққа ие. Ғаламтордың үш қызметі:

  1. Байланыс құралы

  2. Ақпарат алу көзі

  3. Бизнес көзі



БАҚ-ты зерттеу әдістері: мониторинг жасау, контент-талдау, рейтингтік әдістер.
БАҚтың қоғамға тигізетін әсерін зерттеген америкалық зерттеуші Г.Лассуэль болды. Ол қоғамдағы коммуникацияның моделін ұсынған (Бұны басқаша 5W немесе 5 дабл-ю үлгісі деп те атайды):
1.Коммуникатор (ақпаратты жеткізуші кім?)  2.информация (қандай ақпаратты жеткізеді?)  3.канал (не арқылы?)  4.реципиент (кімге?) 
5. эффект (әсері қандай?).

Жыл сайын Давос қаласында өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін қалаушысы және президенті Клаус Шваб «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты еңбегінде қазіргі замандағы елеулі өзгерістерді жазады. Бұл революцияның алдыңғыларына қарағанда масштабы орасан, өйткені бұл өзгеріске глобализацияның әсер етіп отыр. Революция дегеніміз қоғамдағы күрт, радикальды өзгеріс. Автордың айтуы бойынша: «...адамзат қоғамындағы бірінші өнеркәсіптік революция 1760-1840 аралығында болды. Бұл кезеңде теміржолдар салынып, паравоздар пайда болды. Екінші өнеркәсіптік революция – 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында жүрді: электричество, ковейерлік технология. Үшінші өнеркәсіптік революция 1960-жылдары цифровизациямен басталды. Бұл кезде компьютер дамып, интернет кірді. Ал, төртінші өнеркәсіптік революция әлі басталған жоқ деййді автор. Ол қашан келеді? Автордың болжамы бойынша 1925-жылы орнайды. осы жылға дейінгі онжылдық өзгерістерге толы болады деп жазады автор. Ол өзгерістер: цифрлық волюта (криптоволюталар), Big Data – мәліметтерді өмір бойы сақтау, қоғамда өзгерістер көп болады: байлар баий түседі, кедейлер кедейлене береді, 1% бай адамдар әлемдегі 90% байлыққа ие болып отыр. Осы кезде тұлға өзгереді. Қарым-қатынас жасау ережелері өзгеріске ұшырайды. Мамандықтар өзгереді. Бірқатар мамандықтар жаңа дәуірде керексіз болып қалады. Олардың орнын жаңа мамандықтар басады. Алайда, адам жанын түсінуге тырысатын, адамның сезімін көрсететін мамандықтар қалады. Ол мамандықтар: психология, хореография, әлеуметтік жұмыс, т.б...».


Біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ақпараттық қоғамның белгілері - Big Data, мәліметтер, таргетинг, әлеуметтік желілер сияқты терминдер күнделікті өмірде қолданыста, бүгінгі күні өзекті болып отыр. Қазіргідей өзгермелі заманда бұндай жаңа терминдер үнемі жаңаруда. Қазір интернет-мусор деген ұғым бар. Сапалы контентті қалай ажыратамыз деген проблема туындайды. Интернеттегі толып жатқан алуан түрлі ақпараттар бір сәтке ғана, жалған білім береді.
Цифрлық сана ұғымы. Цифрлық балалар ұғымы: туыла салысымен саналарына цифрлық қоғамның барлық ақпараты құйылады. Дәстүрлер қақтығысы осының әсерінен туындап жатады. Ұрпақтар арасында мәдениет алшақтығы, мәдени айырмашылықтар орын алып жатыр.
Гаджеттердің адам санасына әсері. Кейбір зерттеушілер моральдық және интеллектуалды деградация, өз миының мүмкіндіктерін пайдаланбай, интернетке жүгіне салу тенденциясының етек алғанын айтады. Осыған байланысты смайло-лайкты кеңістік деген термин пайда болған.
Цифрлық диктатура деген ұғым бар. Яғни кімнің қолында әлеуметтік желі, ақпарат бар сол үстемдік етеді. Әлеуметтік желілердің оң және теріс жағы бар. Теріс әсеріне мысалы, ақпаратты тез арада тарату арқылы тез арада тобырды жинауға болады.
Масс-медиа арқылы трансұлттық компаниялардың санаға әсері қарқынды жүріп жатыр. Трансұлттық компаниялар (Мак-Доналдс, Кока-Кола, КФС, т.б.) тауарымен қоса елімізге мәдениетін де әкеліп жатыр. Бүгінгі күнде социологияда сананың мак-доналдизациясы деген ұғым бар. Мысалы, Мак-Доналдс, КФС сияқты қызмет көрсету орындары тамақпен қоса бізге сол елдің мәдениетін де әкеп жатқанын ескеруіміз қажет. Осы арқылы жаһандану кіріп жатыр. Глобализация жекелеген мемлекеттердің дәстүрі мен салтына, тіліне орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Жұтылу қаупі тұр. Ақпараттық қоғамның осындай кері әсерін зерттеген әлеуметтанушы ғалымдар – Ю.Хабермас, Т.Адорно, Маркузе.
Тексеру сұрақтары:

  1. БАҚ әлеуметтануының объектісі мен пәні

  2. БАҚ-тың тұлғаны әлеуметтендірудегі ролі

  3. Әлеуметтанудағы БАҚ-ты зерттеу әдістері

  4. БАҚ және жаһандану процесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет