Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
-
Павловтың ілімі бойынша анализатор дегеніміз не?
-
Талдағыштар қандай негізгі бөлімдерден құралған?
-
Орталық бөлімдердегі талдағыштардың сигналдық детектирлену қалай жүргізіледі?
-
Талдағыштардың қабылдағыш бөлімі қандай функцияны атқарады?
-
Талдағыштарда ақпарат қалай кодталады?
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Физиология кафедрасы
№14 Дәріс
Тақырыбы: Талдағыштардың жеке физиологиясы.
Сағат саны: 1
Курс: 1
Мамандығы: 051101 «Мейірбикелік іс»
Автор: Ибраева С.С.
Астана – 2010ж.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Физиология кафедрасы
№ 14 Дәріс.
Дәріс тақырыбы: Талдағыштардың жеке физиологиясы.
Мақсаты: Талдағыштық жүйені зерттеу ілімі, бөлек талдағыштар туралы білім беру, негізгі талдағыштар анализаторлар қызметтерінің механизмдерін түсіндіру; көру, есту, иіс, дәм сезу және ауырсыну талдағыштарын зерттеу ілімі.
Дәріс тезисі:
Көру талдағышы – адам мен жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық сезім мүшелерінен миға келетін мәліметтің 90%-ін жеткізеді. Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп, сондағы қабылдағыштарды қоздырады. Сөйтіп, қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдарышының жоғарғы бөліміне жетіп талданады.
Көздін оптикалық жүйесі. Заттарды анықтап қарау үшін көзді аударып, оған тура бағыттау керек. Сондықтан табиғатта жануарлардың көптеген түрлерінде көз алмасы шар тәрізді болып келеді. Көз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан. Оны сыртынан склера қаптайды, бұл тығыз дәнекер тінен тұрады. Склераның артқы жағында тесік болады, ол арқылы көру жүйкесі енеді. Ақ қабықшаның алдыңғы бөлімі молдір қасаң қабыққа өтеді.
Ақ қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан. Тамырлы қабықшаның алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Торлы қабық (ретина) – көздің ішкі үшінші қабықшасы.
Нұрлы қабықтан кейін екі жағы да дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.
Жарық сәулесін сындыратын орта (қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене) және торлы қабық көздің негізін құрайды. Осы ортаның әркелкі қисықтығы және сыну көрсеткіштері көздің ішіндегі жарық сәулесінің сынуын айқындайды.
Көру талдағышының өткізгіш жолдары мен орталығы
Торлы қабықтың, тораптық жасушаларының қозуы салдарынан, олардың аксондары құрайтын көру жүйке талшықтарымен серпіністер миға қарай ұмтылады.
Ганглиоздық жасушалардың жарықты қосқанға, оны сөндіргенде және екеуіне бірдей жауап беретін негізгі үш түрін ажыратады. Көрші жатқан ганглиоздық жасушалардың қабылдағыш аумақтары бірін-бірі жапсарлас жартылай жауып жатады. Сондықтан бірнеше нейрондар жауабының құрамына әрбір кез келген қабылдағыш үлесін қоса алады.
Қыртыс астындағы көру жолдарының бірінші орталығы сыртқы иінді дене, төрт төбешіктің алдыңғы бұдырлары мен бағанының тектумға (шатырға) дейінгі нейрондарынан тұрады.
Сыртқы иінді дене нейрондарының аксоны ми қыртысының шүйделік бөліміне жетеді, ал ол жерде алғашқы жобаланыстық көру аймағы орналасқан. Адамдар мен приаматтар ми қыртысының осы бөлімінде, торлы қабық пен сыртқы иінді денеге қарағанда, өте күрделі және арнайы бағытталған акпараттар өңделеді,
Мидың көру аймағында терең бойлап, бағыты мен орналасуы бірдей қабылдау аясының нейрондары шоғырланады. Бұлар ми қыртысының барлық қабаттарымен тікелей өтетін нейрондар саласын (колонкасын) құрастырады. Салалық - ми қыртысы нейрондарының әрекеттік бірлесуінің үлгісі. Олар бірін-бірі толықтырып, ұқсас қызмет атқарады.
Көру талдағышының шүйде аймақтары басқа ұласқан аймақтармен тығыз байланысты. Ми қыртысының төбе аймақтары көру серпіністерін одан әрі өңдейді. Олар нәрселерге қадалғанда, бастың және көздің қимылдарын реттейді. Сонымен қатар ми қыртысының самай аймақтарында шүйде орталықтарымен бірігіп, адамның бет әлпетін танитын құрылым табылды.
Бұл аймақтар екі жағынан бірдей зақымданса аурулар таныс адамдарды танымайды. Ал, егер төбе-шүйде ұласқан аймақтары бұзылса, онда заттардың пішіндері танылмайды. Мидың сол сыңарының көру аймақтарында әрекеттік ауытқулар болса, ауру оқи алмайды.
Көру талдағышының бірінші жобаланыстық аймағы заттың қарапайым белгілерін, екіншісі - біршама күрделі белгілерді іріктеп ажыратуға және тануға мүмкіндік туғызады. Ал көру талдағышының үшінші ұласқан аймағы ми қыртысының шүйде, самай және артқы төбе бөлімдерінде орналасады. Бұл бөлімдер тітіркеністерді ажыратып және тиімді түзіліп қана қоймайды, олар сөз мағынасын түсіну, дерексіз ойлау, яғни И.М. Сеченов айтқандай, түйсіктің синтездік сипатын анықтайды.
Есту талдағышы
Есту жүйесі - мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім жүйесі оған ең жоғары дәрежеде қызмет атқарады.
Есту мүшесі негізгі үш бөліктен - сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтан тұрады. Есту қабылдағышы ішкі құлақтың иірімді түтігінде орналасады, ол самай сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше жүйелі құрылымдар: сыртқы дыбыс тесігі, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері, лабиринт сұйықтығы және иірімді түтігіндегі негізгі жарғақ арқылы тікелей жеткізіледі. Есту талдағышының сигналдарды өңдеп, жүзеге асыратын көптеген дөйекті қосылған бөлімдері бар.
Сыртқы құлақ. Құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен дабыл қуысын немесе ортаңғы құлақты бөліп түрған перде сияқты қалындығы 0,1 мм әртүрлі бағытқа таралып өрілген талшықтардан тұрады. Оның ауданы 75 мм2, пішіні, түбі ішіне қарай бағытталған құйғыш тәрізді. Дабыл жарғағы сыртқы есту тесігі арқылы келетін дыбыс толқындарының әсерінен соған сәйкес тербеліске келеді.
Ортаңғы құлақ. Ауамен толған ортаңғы құлақтың негізін аса маңызды өткізгіш қызметін атқаратын бір-бірімен дәйекті байланысқан балғашық, төс және үзеңгі сүйекшелері құрайды. Олар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлаққа жеткізеді. Осы сүйекшелердің бірі балғашық тұтқалары арқылы дабыл жарғағымен жалғасқан, оның басқа жағы төс сүйекшесімен қосылады, ол өзінің тербелісін үзеңгіге береді.
Ішкі құлақ және дыбыс түйсігі. Ішкі құлақта кіреберіс аппаратынан (кіреберіс пен имекті арналардан) басқа дыбыс тербелісін қабылдайтын есту қабылдағыштары орналасқан иірімді түтігі болады. Иірімді түтігі шиыршық тәрізді біртіндеп кеңейтілген сүйектен құралған арна, адамдарда ол 2,5 өрімнен тұрады. Иірімді түтігінің түп жағындағы сүйекті арнаның диаметрі 0,04 мм-ге тең, ал төбесінің диаметрі 0,05 мм-ге тең. Иірімді түтігінің сүйекті арқасы ұзына бойына, тіпті оның ең соңына дейін, екі жарғақты пердемен бөлінеді: жұқасы - кіреберістік (Рейснер мембранасы), ал тығыз және серпіндісі - негізгі мембрана деп аталады. Иірімді түтігінің төбесіне жеткенде бұл екі мембрана қосылады және оның үстінде тесігі болады.
Дыбыс тербелістерін өткізу. Дыбыс тербелістері үзеңгі арқылы сопақша терезенің мембранасына беріледі және иірімді түтігінің жоғарғы, төменгі арналарындағы перилимфаны тербеліске келтіреді. Ол дөңгелек терезеге жетіп оның мембранасын ортаңғы құлақ қуысына қарай ығыстырады.
Кіреберістік мембрана өте жұқа болғандықтан, жоғарғы және орталық арналардағы сұйықтық тербелісі мембранамен бөлінбегендей біркелкі келеді және екеуі де біртұтас жалпы арна болып есептеледі.
Жалпылай есептелетін жоғарғы арнаны төменгіден бөліп тұрған негізгі мембрана серпімді келеді. Жоғарғы және ортаңғы арналардың сұйықтықтары арқылы толқын тәрізді тарайтын дыбыс тербелістері осы мамбрананы қозғалысқа келтіреді, сөйтіп сол арқылы төменгі арнаның перилимфасына беріледі.
Есту талдағышының шеткі бөлімі
Дыбыс қабылдағыштары. Негізгі мембранада екі түрлі қабылдағыштық түкті жасушалар орналасқан: ішкі және сыртқы, олар бір-бірінен спиральды (шиыршықты) доғалармен бөлінген.
Ішкі түкті жасушалар жоғарғы арнаның ұзына бойына бір қатар болып орналасады. Олардың жалпы саны 3500-ге жетеді. Сыртқы түкті жасушалар 3-4 қатардан тұрады, жалпы саны 12000-20000. Түкті жасушалардың әрқайсысы ұзынша пішінді. Оның бір үйегі (полюсі) негізгі мембранаға бекітілген, екінші жағы иірімді түтігінің жарғақты арнасының қуысында орналасады. Қабылдағыштар осы үйектегі түктердің әрбір ішкі жасушадағы саны 30-40, өте қысқа (45 мкм), ал сыртқы жасушадағы түктердің саны 65-120-ға жетеді, бірақ олар жіңішкелеу және ұзынырақ болады. Қабылдағыш түктері эндолимфамен жуылады және жарғақты арнаның ұзына бойында бұлардың үстінде орналасқан жабынды (тектория) мембранаға тиіп тұрады.
Дыбыс әсерінен негізгі мембрана тербеле бастайды, қабылдағыштардың түктері жабынды мембранаға тиіп майысады. Бұл өзгерістер электрлік шаманың өрістеуіне әкеліп соғады да, синапстар арқылы есту жүйесінің талшықтарында қозу толқынын тудырады.
Иірімді түтігіндегі электрлік құбылыстар. Иірімді түтігінің әрбір бөлімінен электрлік шамалар тіркелгенде, зерттеушілер 5 түрлі электрлік құбылыстар барын тапты. Олардың екеуінің (есту қабылдағышының мембранасы мен эндолимфаның потенциалы) дыбыс әсеріне қатынастары жоқ (бұлар дыбыс тітіркенуінсіз де байқалады). Қалған үш құбылыс - иірімді түтігінің микрофондық потенциалы, жиынтық (суммациялық) және есту жүйкесінің әрекет потенциалы дыбыс тітіркенуінің әсерінен пайда болады.
Есту қабылдағыштарының мембраналық шамасы оған микроэлектрод енгізу арқылы тіркеледі. Басқа да жүйелер немесе құрылымдар сияқты, есту қабылдағышы мембранасының ішкі беті теріс зарядталған. Олардың түктері оң зарядталған эндолимфамен жуылатын болғандықтан, мембрананың ішкі және сыртқы беттерінің арасындағы шама айырмашылығы - 160 мВ-қа жетеді. Бұл әлсіз дыбыс тербелістерін қабылдауды өте жеңілдетеді.
Тыныс бұзылғанда немесе цианидтермен тотығу үрдістерін тойтарғанда, эндолимфаның потенциалы азаяды немесе жойылады. Егер күшейткішке және радиоға қосылған электродты иірімді түтігіне кіргізіп дыбыспен әсер етсе, онда радио осы дыбысты дәл қайталап шығарады. Мұндай құбылыс иірімді түтіктің микрофондық туындысы деп қаралады, ал тіркелетін электрлік шамасын шиыршықтың микрофондық потенциалы дейді. Бұл потенциал есту қабылдағыштарында, оның түктерінің қозғалысы өзгергенде пайда болады деп дәлелденген. Микрофондық пәрмен дыбыс тербелісінің жиілігіне сәйкес келеді. Оның шайқалуы белгілі шекте құлаққа әсер ететін дыбыс күшінің қарқынына мөлшерлес болады.
Микрофондық және жиынтық шамалар түкті жасушалардың қабылдағыш пәрмені ретінде қаралады. Теріс жиынтықты потенциал ішкі, ал микрофондық және оң жиынтықты потенциалдар сыртқы түкті жасушалардан шығады деген ұғым бар.
Сонымен дыбыс тербелістерінің әсерінен түкті жасушалардағы микрофондық және жиынтық потенциалдар пайда болу нөтижесінен есту жүйесінің талшықтарында қозу толқыны туады. Жүйке талшығына түкті жасушалардан қозудың электрлік және сонымен қатар, химиялық жолмен берілуі де мүмкін.
Есту талдағышының жолдары мен орталығы
Есту жүйкесінің талшықтарына, тіпті тыныштық кезінде де біршама жоғары жиілікті (1 секундта 100-ге дейін), өздігінен пайда болатын дүркіндер (бедерсіз серпініс) тән.
Дыбыспен тітіркендіргенде жүйке талшықтарындағы серпіністер жиілігі дыбыс қанша уақыт әсер етсе, сонша өседі. Дүркіннің жиілеу дәрежесі әртүрлі жүйке талшықтарында бірдей емес және ол әсер етуші күшке байланысты. Есту жүйкесінің әрбір талшығына сай дүркіннің ең жоғарғы және ең төменгі жиілігін табуға болады. Бұл оңтайлы жиілік негізгі мембранадағы осы жүйке талшығымен байланысқан қабылдағыштардың түрлерімен анықталады.
Сөйтіп, есту жүйкесі талшықтарының жиілікті таңдап алуы, оның құрылымымен анықталатын иірімді түтігіндегі кеңістіктік кодпен хабарлауды бейнелейді.
Есту талдағышының орталық бөліміндегі нейрондардың қозу кескіні әркелкі болады. Есту талдағышының төменгі деңгейінде дыбысты тек қосқанда және алып тастағанда немесе оның күші кенет төмендегенде, жауап беретін нейрондар аз кездеседі. Ал жоғары деңгейлерінде мұндай нейрондар көп байқалады. Ми қыртысының есту аймағында, дыбыс әсері тоқтағаннан кейін де, қоздырылған дүркіндері оншақты секундқа созылатын көп нейрондар бар.
Дыбыс жиілігін талдау. Дыбыс толқындары иірімді түтігінің жоғарғы, төменгі арналарының ұзына бойындағы перилимфасын тербеліске бірдей келтірмейді. Оның мембранадағы жоғарғы тербелу шегінің орналасуы дыбыс жиілігіне тәуелді.
Иірімді түтігінің табанына жақын жері жоғары дыбыстарды, ал, төбесі төмен дыбыстарды талдайды.
Жоғары үндер әсер еткен кезде, негізгі мембранадағы қозған қабылдағыштар, әртүрлі орналасауына сәйкес, оны тек кеңістіктік қодпен жеткізеді. Орта және төменгі үндерде, сонымен қатар уақыттық кодпен хабарлау да байқалады. Бұл кезде мәліметтер есту жүйкесінде белгілі серпіністер түрінде өтеді. Оның жиілігі иірімді түтігі қабылдайтын дыбыс тербелістерінің жиілігіне сәйкес келеді.
Тепе-теңдік талдағышы
Тепе-теңдік (вестибуляторлық) мүшесі, көру және қозғалыс талдағыштарымен қатар, адамның кеңістікке бейімделуінде жетекші орын алады. Оның шеткі не болмаса қабылдағыш, өткізгіш және орталық немесе қыртысты бөлімдерін ажыратады. Ол түзу сызықты немесе айналмалы қозғалыста, сонымен бірге кеңістікте бастың қалпы өзгергенде пайда болатын жеделдету, баяулату ақпаратын жеткізеді және оны талдайды. Бірқалыпты қозғалыста, не тыныштық жағдайда тепе-теңдік жүйесі қабылдағыштарында қозу болмайды. Кіреберістік қабылдағыштардан шыққан серпіністер бұлшықеттердің тонусын қайта реттейді де, дене қалпының сақталуын, қозғалысты үйлестіріп және олардың дәл орындалуын үздіксіз бақылап отырады. Бұл әсерлер ОЖЖ-нің бірқатар бөлімдері арқылы рефлекстік жолмен жүзеге асырылады.
Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөлімі самай сүйегінің қалың бөлігінде орналасқан кіреберіс аппараты болып табылады. Ол кіреберіс (vestibulae) және үш имекті арналардан тұрады. Лабиринттің құрамына кіреберіс аппаратынан басқа иірімді түтігі кіреді, онда есту қабылдағыштары орналасқан. Имекті арналар өзара байланысқан үш түрлі жазықтықта: жоғарғысы - фронталды (маңдайлас), артқысы - сагиталды (жебетәріздес), сыртқысы - көлденең орналасқан.
Температура талдағышы
Адамның дене қызуы қалыпты жағдайда айтарлықтай тұрақты болады, сондықтан оны реттеу тетіктеріне қажет сыртқы ортаның температурасы туралы ақпараттың маңызы өте зор. Терморецепторлар теріде, көздің қасаң қабығында, шырышты қабықшаларында, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі гипоталамуста, таламуста, жұлында орналасады. Олар жылу және суық қабылдағыштары болып екі түрге бөлінеді. Бет пен мойын терісінде терморецепторлар көп орналасқан. Маманданған қабылдағыштардан басқа, олардың құрамында сезгіштік нейрондардың миелинсіз дентрит ұштары болуы мүмкін деген пікір бар.
Дәм талдағышы
Дәм сезу жүйесі ауыз қуысына түскен тағамның сипатын, мөлшерін және түрін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді.
Дәм қабылдағыштары - дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу баданасы болады. Олардың әрбіреуі 8-12 қабылдағыш және тірек жасушаларынан тұрады. Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді, ұзындығы мен ені шамамен 70 мкм, төбесінде тесігі болады.
Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады. Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады. Қабылдағыштардың ұзындығы 10-20 мкм, ені 3-4 мкм, олардың ұшқары жері өте сезімтал 30-40 шағын түктерден тұрады. Демеуші заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың тесіктері арқылы өтеді.
Қабылдағыштардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін ажырату сезімталдығы дсп аталады. Адамда дәм сезудің әркелкі абсолют табалдырығы болады. Ол организмнің әртүрлі (аштық, тоқтық т. б.) жағдайларына байланысты.
Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады, яғни оның сезімталдығы төмендейді. Талдағыштар бөрінен де тәтті және тұзды тітіркендіргіштерге тез бейімделеді. Ал қышқыл, әсіресе ащы тітіркендіргіштерге бейімделісі өте баяу өтеді.
Ағзалық талдағыш
Адамның мінез-құлығы мен психакасы үшін, И.М. Сеченовтың айтуынша, ішкі ағзалардың сезімталдығы өте маңызды орын алады. Қазір ішкі ағзаларда және қантамырларында орналасқан көптеген қабылдағыштар кеңінен зерттелген. Ішкі қабылдағыштар сезім жүйелерінің бірлестірілген әрекеттерінде зор орын алады. Бұлар сезімтал жүйке ұштарынан тұрады, ағзалық немесе висцералдық қабылдағыштар деп аталады. Олар организмнің ішкі ортасының өзгерістерін қабылдайды. Сөйтіп, ОЖЖ-сі және вегетативтік жүйке арқылы барлық ішкі ағзалардың жұмысын реттейді, олардың гомеостаз сақтайтын және қорғаныш-икемделу әсерленістерін қалыптастыратын іс-әрекеттерін үйлестіреді.
Илюстрациялы материал Д-МІ-14
Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
-
Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.
-
Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.
-
Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.
-
Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
-
Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.
Қосымша:
-
Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.
-
Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.
2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.
3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.
4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .
Қосымша:
-
1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.
-
2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .
-
Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .
-
Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.
-
Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.
-
Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .
-
Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.
-
В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.
-
Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
-
Павловтың ілімі бойынша анализатор дегеніміз не?
-
Талдағыштар қандай негізгі бөлімдерден құралған?
-
Орталық бөлімдердегі талдағыштардың сигналдық детектирлену қалай жүргізіледі?
-
Талдағыштардың қабылдағыш бөлімі қандай функцияны атқарады?
-
Талдағыштарда ақпарат қалай кодталады?
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
№ 15 Дәріс.
Дәріс тақырыбы: П.К.Анохиннің қызметтік жүйе қағидасы бойынша біртұтас тәртіптік актінің архитектурасы.
Мақсаты: Анохин қызметтік жүйесі бойынша тәртіптік актінің мехнизмі туралы көзқарасты қалыптастыру, ағзаның қызметтік жүйесі жұмысын түсіндіруге үйрету
Анохиннің қызметтік жүйесімен байланысты жоғарғы психикалық қызметтер
Дәріс тезисі:
П.К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұүжырымды байланысты ашты. Бұл жүйе бойынша, "жағдайлық әсерлер" сатысы адамға кездескен ахуалдың әралуан ықпалдарының жиынтығын көрсетеді. Олардың көбісі бағдарлау әсерленісін тудыруы мүмкін. Ол "қозғаушы түрткі" ретінде белгіленеді. Бұлар сезу және түйсік арқылы бұрынғы тәжірибесі (зерде мен меселі) негізінде адамның өзіндік бейнеленісін жасайды. Содан болашақ мінездік әрекеттің бірнеше нұсқасының саналы түрде жоспары мен бағдарламасы өрнектеледі. Мақсат-тілектің орындалуы ырықтың қатысуымен түзіледі.
Орталық жүйке жүйесінде болашақ әрекет нәтижесін салыстырғыш (акцептор), кері байланыс арқылы жеткен оның көрсеткіштерін, белгіленген нышандармен сәйкестігін анықтайды. Мақсаттың орындалған нәтижесіне қарай, жағымды немесе жағымсыз эмоция қалыптасады. Осыған орай әрекет тиылады немесе жаңа шешімдер қабылданады.
Психикалық әрекетті бірнеше әдістер арқылы зерттейді. Олар физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық, моделдеу, электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша жауап, бақылау, тәжірибе, әртүрлі техникалық (радио-, видео-, кино-, ЭЕМ) аспаптар, психологиялық сынамалар жиі қолданылады. Адамның психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, тіл, сана іспетті психикалық үрдістердің әрекеттік негізін анықтаған дұрыс.
Ықылас - зейін, көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.
Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас - туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыратын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс-әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.
Ықыластың әртүрлі көріністері бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу үрдістеріне, сезім мүшелерінің әсерленісі мен организмнің табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық қасиетін ұғыну үшін И.П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау-синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді.
Сонымен қатар, А.А. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс индукция (кезеліс) үрдістері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды. Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның қыртыстық жобаланысы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпіністерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді.
Торлы құрылымның белсендіруші әрекеті әртүрлі сезім мүшелері қозғанда немесе ми қыртысының (ұласқан) аймақтарының құлдыраушы ықпалдарынан пайда болады.
Таламустың бейарнамалы жүйесі ми қыртысына берілетін мәліметті іріктеп, ықыласты бір тітіркенуден басқасына ауыстырады.
Торлы құрылым ұзақ және жалпылама сергектікті, ал таламустың арнамалы жүйесі зейін пен сергектіктің қысқамерзімді өзгерістерін қамтамасыз етеді.
Ми қыртысы және оның ұласқан аймақтары ықылас қасиетінің негізгі орталық бөлімі болып саналады. Мұнда ақпаратты іріктеп алу арқылы түйсік, ықылас және сананың талғамыс түрлері жүзеге асырылады.
Ми қыртысы мен торлы құрылым тетіктері ерікті ықыласты, оның шоғырлануын жіті кадағалайды. Еріксіз ықылас тетіктері қыртысасты құрылымдарда қалыптасады.
Соңғы жылдары ерікті ықыластың ерекше "парасатты ықылас" деп аталатын түрі айтылып жүр. Ықыластың бұл түрі ми қыртысының маңдай бөлігінің арнамалы нейрондары мен олардың өзара байланыстары арқылы іске қосылады. Сөйтіп ықыластың әркелкі құбылыстарына жауапты құрылымдардың иерархиялық (көп сатылы) құрылысы байқалады (торлы құрылым-таламус - гипоталамус-лимбия жүйесі-ми қыртысы).
Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық көріністер арқылы сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аударақосушылығы болады.
Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның танымгершілігі, ақыл-ойы және ісәрекеті үшін жетекші орын алады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.
Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нысанға шоғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылығы құбылмалы келеді.
Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сипаттайды. Мұнда ықыластың шашырауы немесе шоғырлануы өте маңызды.
Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке бағытталады. Ықылас аударақосу кезінде басқа нәрселерге оңай не қиын ауысады. Ал ықыластың қарқындылығы, жоғары немесе темен түрінде болады.
Адамдардың тынымды ықыласымен қатар ықылассыздығы байқалады. Ықылассыздықтың бірінші түрі зейін шашыраудан, қажудан кейін білінеді. Бұл көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда, торыққыш адамдарда кездеседі. Ықылассыздықтың екінші түрі, керісінше, жоғары қарқынды, қиын ауыстырылатын және ішке бағытталған болады. Мұны өз ойына терең берілетін "оқымыстының ықылассыздығы" деп те атайды. Ықылассыздықтың үшінші түрінде әлсіз қарқын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады.
Ықыластың сапасын арнайы тестілер мен санамалар арқылы тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |