Дәрістің жоспары



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#129081
1   2   3   4

Түйін

Аталмыш тақырыпта материалдық игілікті жасаушы және тұтынушы ретіндегі адамның мінез-құлқы (тәртібі) қарастырылған, ол өндіріс құралдарын қолданысқа келтіру­ші ғана болып саналмайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін айқындайды. Осы­дан «адам факторы», «адам капиталы» деген экономикалық категориялар мен олардың маңыздылығы пайда болады.

Экономикалық категория материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстардың шектеулілігі жағдайында кімге және қалай шығару керектігін таңдау, осылардың барлығы адам қажеттіліктерінің шектеусіз екендігін барған сайын күшейте түседі. Адамдардың қажеттілігін қанағат­тандыру сияқты экономиканың басты міндеттерін шешу кезіндегі өндіріс ресуртары мен факторлары арасындағы бір-бірін өзара толықтырушылықтар көрсетілген.

Қоғамдық өндіріс құрылымдары (материалдық және материалдық емес өндіріс), қарапайым және ұлғайтылған ұдайы өндіріс проблемалары, оларды дамытудың экстен­сив­ті және интенсивті жолдары көрсетілген. Өндірістің негізгі және айналым қорларының айналымы туралы үз­дік­сіз айналымдары, сондай-ақ олардың қозғалыс саты­лары мен уақыты, қорлардың изикалық және моральдық тозуына талдау жасалған.


Жаңа терминдер мен негізгі түсініктер
Адам капиталы

Экономикалық адам мінез-құлқы (тәртібі)

Біліктілік

Адам модельдері

Өндіріс ресурсы мен факторлары

Ресурстардың шектеулілігі

Материалдық және материалдық емес ресурстар

Қарапайым «жай» және кеңейген ұдайы өндіріс

Дамудың экстенсивті және интенсивті жолдар капиталдың үздіксіз айналымы және айналымы.
І. Практикум


  1. Адам капиталы дегеніміздің не екенін түсіндіре алу

  2. Адамның, оның физикалық және рухани қабілеттері қай уақытта капитал жұмсау объектісіне айналады?

  3. Әдеттегі капитал (станоктар, жабдықтар, фабрикалар) мен адам капиталы арасындағы айырмашылықты түсіндіре білу, егер алғашқысы тозып және тұрақты толықтырып және қалпына келтіріп отыруды талап етсе, онда екіншісі капитал ретінде өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетіне ие болғандағы олардың айырмашылықтары мен ортақтықтары неде?

  4. Экономиканы дамытудағы өндіріс ресурстары мен факторларының маңызы мен орны

  5. Таңдау, ресурстардың шектеулілігі және адам қажеттілігінің неге шексіз екендігі турасындағы экономикалық категориялардың маңызын түсіндіру

  6. Өндіріс құралымының, оның түрлері мен маңызы түсінігіне талдау жасау

  7. Қарапайым (жай) және кеңейтілген ұдайы өндіріс түсінігін, қоғамдық дамудағы экономикалық игіліктер үздіксіз айналымы мен айналымының маңызын түсіндіру.


П. Қайталауға арналған сұрақтар
1. Адам капиталы түсінігінің маңызы қандай?

2. Адам капиталының өзге капитал формаларымен несі ортақ? Ол неге капитал деп аталады?

3. Біліктілік түсінігінің мазмұнын түсіндіріңдер. Жауапкершілік, ептілік, білгіштік, тәжірибе, білім түсініктерінің мағынасын ашып беріңдер

4. Ұлттық экономика әрекетінің материалдық-заттық нәтижелері неден тұрады?

5. Ресурстардың шектеушілігі және дұрыс таңдау - экономикалық категориялар түсініктерінде не ортақ?

6. Ұдайы өндірістің негізгі формаларына сипаттама бер және олардың формалары арасында не ортақ?

7. Кеңейтілген ұдайы өндірістің екі құрылымдық бөлімдері (Маркс формуласы бойынша) арасындағы пропорцияны көрсетіңдер?
Ш. Өз білімін бақылауға арналған тестілер
1. Адам капиталы түсінігіне инвестициялар кіреді:

а) білім беруге, денсаулық сақтауға;

б) жол құрылысына, мешіттер мен шіркеулер құрылысына;

в) жұмыс күші миграциясына және ақпараттар алуға;

г) ұлттық банкі және опера театрлары ғимараттары

құрлысын салуға;

д) а) және в) жауаптары ғана дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.



2. Өндірістік ресурстар мыналардан тұрады:

а) табиғи ресурстар - қалпына келтірілмейтін табиғи

күштер мен заттар;

б) ұсақ тауар өндірушілер жасаған материалдар мен

шикізаттар;

в) ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің жеке ресурстары;

г) зауыттағы жолданбалы жұмыс күші;

д) мемлекеттің ақша қаражаттары;

е) а) және г),д) жауаптары ғана дұрыс;

з) барлық жауаптар дұрыс.



3. Өндірістің негізгі факторлары болып саналатындар:

а) жер, аспаз еңбегі;

б) капитал, ұсақ және орта кәсіпкерлердің еңбегі;

в) мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін

жұмысшылардың еңбегі;

г) педагогтың, ғылымның, дәрігердің, министрдің

жауынгердің еңбегі;

д) саудагердің, менеджердің, маркетологтың еңбегі;

е) а), б), в) жауаптары дұрыс;

з) барлық жауаптар дұрыс.



4. Қоғамдық ұдайы өндіріс мына кезеңдерде тұрады:

а) сапалық өзгерістер, қозғалулар;

б) өркендеу, құлдырау;

в) өндіріс, бөлу;

г) айырбас, тұтыну;

д) барлық жауаптар дұрыс;

е) в), г) жауаптары ғана дұрыс.

5. Қосымша құнның (m) жинақтау қорына m1) және тұтыну қорына түсуі (m2) мыналарға (m = m1 + m2) қатысты болады:

а) қосымша өнім құнның шамасына;

б) өндірістің меншік иелерінің қалауына;

в) еңбек өнімділігі деңгейі мен капиталдың техникалық

құрылысына;

г) жұмыс істеуші капиталдың өзінің мөлшеріне;

д) а), в), г) жауаптары дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.



6. Келесі анықтамалар экономикалық өсудің қандай түрлеріне (экстенсивті және интенсивті) жатады?

а) біліктіліктерін арттырусыз, жұмыс істейтін жұмыскерлер

санын көбейту;

б) өндірістің материалдық факторларын (шикізат,

материал­дар, отын және т.б.) ұлғайту;

в) өндіріске капитал жұмсауды көбейту;

г) негізгі қорларды жаңарту;

д) өндірісті ұйымдастыруды (басқару, маркетинг,

кооперация және т.б.) арттыру;

е) негізгі және айналым қорларының айналым

жасаушылығын жеделдету;

з) жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, еңбекті ғылыми

тұрғыдан ұйымдастыруды жақсарту.

5 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
Дәрістің жоспары:

кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері;

кәсіпкерлік қызметтік түрлері және олардың артықшылығы мен кемшіліктері;

ҚР кәсіпкерлік: экономикалық және құқықтық жағдайы, қалыптасу және даму проблемалары.


Тақырыптың мақсаты:

Тақырып материалымен танысқаннан кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре аласыз:




5.1 кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және оны сипаттайтын ерекшеліктері
Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.

Экономикалық теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып қолданылған ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» - бұл адам белгісіз фиксерім делінген табыс табу, (шаруа шаруашылығы, ремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын белгілі бағамен сатып алып, оған белгісіз бағамен сатады, осының негізінде тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар рыногында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар рыногында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит.

Рыноктық экономикада кәсіпкерліктің қызметін француздың ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді өндіру оның айтуынша, ол кәсіпкерліктің белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру арқылы білімімен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.

Ж.Б.Сәй кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты бейнеледі, оның табысының бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі.

Кәсіпкерлік теорияны дамытуды неміс экономист В.Зомбарт кәсіпкер және австриялық экономист И.Шумпетер үлкен үлес қосты.. В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын рухани ойы бай, жігерлі және табынды) «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары.

Кәсіпкерлік мақсатын жан-жақты жазу арқылы, оның ішіндегі бастысы деп Зомбарт анықтайды негізгі мақсаты ісінің өсуіне жағдай жасау.

И.Шумпетер зерттеуші кәсіпкер өндірістік меншігі болуы міндетті емес, жеке адам капиталист – болуы мүмкін, банк басқарушы не акционерлік қоғамның мүшесі.

Құралдар түрлерінің пайдалы қызмет ету уақыты көп жағдайда пайдаланған мезгілінен артық болуы мүмкін. Ұсыныс пен сұраныстың жоғары жағдайға байланысты, кейбір құрал-жабдықтарға, үкіметтің рұқсаты арқылы амортизациялық пайызды өсіруге болады. Өз құнын жаңадан өндірген тауарларға толық аударылған құрал-жабдықтар табиғат байлығы ретінде қызмет етеді. Фирмаға, қоғам үшін де пайдалы.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүлікті жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Басталуы барлық шаруашылық қызметі емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік белгілері болып саналады.

Кәсіпкерлікте тұлға және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым кооперативтері және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.



Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.


  1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;

  2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;

  3. Жаңа өткізу рыногына шығу;

  4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;

  5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.

Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:



  • түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін

  • бизнес көлемі шектелмеген

  • қатаң бағамен шектелмейді.

Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:

  • жеке тұлғалар

  • серіктестік (жолдастық)

  • корпорация (акционерлік қоғам)

Жеке кәсіпкерлік деп, бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Серіктестік деп – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

Корпорация деп бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады.

Кәсіпкерлік экономикалық ойлардың ерекше түрі, көзқарастық жиынтығы ретінде сипатталады және шешім қабылдайды, оны практикалық қызметте іске асырады.

Кәсіпкерлік болудың мәні біреудің істегенін істемеу дейді И.Шумпетер. Ескішілікке елестетуге ие болу, көріп білу, тұрақты қарсы тұру.Жаңаны табуға дайын болу және оның мүмкіншілігін пайдалану үшін тәуекелге баруға үйрену, қорқуды жеңу және игілікті ықпал ету болып жатқан жағдайға байланысты емес – бұл процесті өзің анықтау керек.

Кәсіпкер ой өрісі жағынан өте тайыз, себебі оның көзқарасы өте тар шеңберге негізделген. Кәсіпкердің көзқарасының шектесуі, көп жағдайда өз вариантын іске асыруда өте көп тербелуді керек етуі мүмкін. Кәсіпкердің дамуы капитализм кезінде жоғары сатыда.

Біздің отандық әдебиетте кәсіпкерлікті шаруашылық искуствосының призмасы ретінде қарастырады. Экономикалық және ұйымдастыру творчествосы ретінде инициативасының еркін, новаторлық, тәуекелге бару табыс табу үшін. Бұл толық табиғи мүмкіншілік: басқарудың өзі мүмкіншілік искусствосы өндірісті ұйымдастыру нақты шаруашылықта индивидуалдық бейімділікке әдет, тапқырлық, ой жүйріктігі.

Кәсіпкердің қаралып отырған қызмет түрі материалдық, еңбек, финанс, информациялық ресурстарын пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан да тәуекелділік бұл ресурстарды толықтай немесе кейбір бөліктерін жоғалту қаупы жөнінде болуы мүмкін. Бұдан басқа тәуекелдің апатты аймағы да болады. Мұндағы шығынның ең көп мөлшері кәсіпкер мүлкінің құнына тең келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын қарызын төлеуге дәрмені болмай, күйрейді.

Сондықтан да ол өз төлеуге дәрмені жетпей, мүлкін сатып, кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, оны кәсіпкерліктің формалары мен ерікті экономикалық түрлерінен көруге болады.
Фирма жӘне кӘсіпкерлік
1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі тәуекел

2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері

3. Фирма нарықтық қатынастар жүйесінде. Фирма теориясы

4. Фирманың жетілген және жетілмеген бәсеке рыногындағы экономикалық тепе-теңдігі

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда, рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Кәсіпкерлік тәуекелділігі потенциалды қауып-қатерлі болуы. Ресурстарды жоғалту немесе ресурстарды рационалды пайдалану жолымен белгілегенге қарағанда табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шағын жұмсау қаупінің төнуі.

Егер тәуекелділік ресурстарды жоғалту немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын болса, онда абсолютті түрде анықтағанда, оның материалдық-заттай формасымен немесе ақша формасында да өлшеуге болады.

Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды категория, бұл мағынада алғанда ғылыми тұрғыдан неғұрлым барынша негізделген және белгілі деңгейде шығын болуы ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады.

Тәуелділікті жан-жақты талдап, бағалағанда абсолют және салыстырмалы түрде мүмкін болатын шығындар көлемінің әрқайсысының пайда болуы ықтималдығы жеке-жеке қарастырылған жөн.

Ықтималды қисық сызықты сызу - тәуекелділікке баға берудің алғашқы сатысы. Бірақ та шамамен кәсіпкерлікке мұны келтіру аса күрделі міндет болып табылады.

Тәуекел – айтып өткендей кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

Енді тәуелділіктің кейбір негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтелік. Осы мақсатпен шығын көлеміне байланысты тәуекел жасау аймағын бөлу қажет.

Егер шағын қуат болмайтын болса, онда оны тәуекел жасалмайтын аймаққа жатқызуға болады. Ал, тәуекел жасау аймағына – кәсіпкерлік қызмет түрінің экономикалық жағынан пайдалылықтың болуын жатқызуға болады. Мұнда, әрине, шығын болады, бірақ, оның мөлшері алынатын пайдадан аз.

Келесі неғұрлым ең қауіпті болатын – қиын-қыстау аймағы.

Мұнда шығын көлемі алынуға тиісті пайдадан асып кетуі де мүмкін тіптен бұл аймақта кәсіпкерлік іске жұмсалған барлық шығындардың орыны толмай қалу жағдайына жетуі де мүмкін Мұндай жағдайда кәсіпкер өз ісінен зиян шегіп, барлық шығынды өз мойнына алады.

Жоғарыда аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: бірінші – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.

Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған:


  • Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;

  • шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т.б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау (өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т.б.);

  • шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу – ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін қарастыру.

Қазіргі уақытта Ақмола мен Қостанай облыстарынан басқа барлық аймақта іс жүзінде шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінен құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылған.

«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар ендіру туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы» Заңдар дайындалды және қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.

Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.

Шағын кәсіпорындардың кейбір салаларындағы қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статесеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар ағынды болып келеді екен.

Кәсіпорындардың және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының тұрақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселе, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық жергілікті масштабта, ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде әлдебір бүтін секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.

Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:

- меншіктік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі ролі мен мәнін күшейтеді;

- кәсіпорын масштабының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынан - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;

- кәсіпорын мүмкіндігі мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы рынок жағдайына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады, екінші жағынан – қызметтің түрін тез өзгертуге жағдай жасайды;

- тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы, бір жағынан, сатуды кеңейтуді шектейді, екінші жағынан – тұрақты сұранымды қалыптастырады және қызмет көрсету сапасын көтеруге ынталандырады;

- қаржылық ресурстарға жол ашуды шектеу, бір жағынан өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы рыноктарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.

Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:

- өте бимәлімділігімен, белгісіздігімен және стихиялығымен сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың бір маңайдың аумағынан аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бұл – ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;

- мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен, қаржылы-несиелі институттармен, ұйымдасқан қылмыспен объективті түрде «әлжуаз» позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;

- өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді.

Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл ос саласына қайтадан бағдарлап жіберді.

Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды жалпы қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы сферадағы күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай дағдарысқа ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «сұрғылт» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.

Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.

Экономиканың бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.

Экономиканың бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:

- ел экономикасының құрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады;

- бюджетке салық төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;

- орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде кадрлар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады;

- қай жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, рыноктың сол секторында тауарға, тауарға, жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады;

- қай жерде бәсекелі орта тұрақты сақталса және негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;

- еңбекті қоғамдық бөлуді тереңдетіп және болымсыз шығынмен нарықтық инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік тудырады.

Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:

- болашақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілшісі секілді, орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі болып саналады;

- көрсеткен қолдауынан бүгін белгілі бір нәтиже алып және оны болашақта ұлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.

Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:

- еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады және оның экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол ұшын береді;

- халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады.


КӘсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі
Өмірдің басқа салдарының өкілдері секілді Қазақстандағы іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және тұтынушылармен әділ қатынас жүргізгісі келеді. БИзнестің этикасы деп аталатын тұтынушылар туралы қам табыс туралы қаммен қатар жүруі тиіс. Ерте ме, кеш пе, тұтынушы кәсіпорынның өз істеріне жауапкерсіздігін біліп қалса, онда ол онымен сауда жүргізуден бас тартқан.

Нарықтық экономикалық елдерде тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасы жасалынып, ол ойдағыдай қолданылып келеді. Оның өмірге келуі тұтынушыларды өнім өндірушілер мен сатушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғау қажеттілігінен туған. Тұтынушыларға жеткен тауарлар сапасының нашарлауы жиілеп, оларға берілген сипаттама, көбінесе, жарнамада айтылғандармен сәйкес келмейді. Монополистер мен сатушылар тұтынушыларды көбінесе лажсыз алуға мәжбүр етеді.

Тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау проблемасы нарықтық экономикалы елдерде өткен ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, өмірде ұйымдасқан қозғалыстарды тудырды. Бельгия мен Құрама Корольдікте тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда – 1963 жылы құрылды.

АҚШ-та тұтынушылар қозғалысы өткен ғасырдың басында пайда болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі жағдай мен медициналық препараттарды патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туды. Тұтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті дау-дамайдан шықты. Үшінші рет констъюмеризм толқыны 60-шы жылдары көтерілді.

Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің барлық елдерін қамтып отыр.

Оның себебі, сол кезеңде ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды және т.б. қолдану елеулі түрде өрістеген еді.

Бұл кезеңде дамыған капиталистік елдерде тұтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда емес, тек кейбір салаларда (несие беру, тұрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативті актілері бар болатын.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған жекелеген құқықтар салаларында да бекітілген еді. Алайда, экономиканы монополизациялау жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты құралдарының өмірге келуі тұтынушылардың бұрыннан бар құқықтық қорғау құралдарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықтық құқықтарын қорғау тікелей қатысты арнайы нормативті актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

Оған мыналарды жатқызуға болады: Францияда – сауда мен игі қызметтер көрсету кезіндегі алдау мен жалғандық туралы Заң (1905), «қардан қала тұрғызу» принципіндегі сауда туралы Заң (1953), «алдамшы жарнамаларды болғызбау» туралы Заң (1935); Данияда – тауарды сатып алу-сату келісімі туралы Заң (1906), тауарды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), тұтынушылармен жасалған келісімдердің әрқилы түрлері туралы Заң (1978); Ұлыбританияда – тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда практикасы туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы сауда мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген тұтынушылар қорғайтын заңдар ондап саналады.

Тұтынушыларды қорғаудың төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда қол қойған болатын. Олар:



  • тауарлардың қауіпсіздігіне құқық;

  • ақпараттарға құқық;

  • өз мүддеңді білдіру құқығы;

Халықаралық тұтынушылар одақтарының ұйымы (ХТОҰ) бұған тағы төртеуін қосты:

  • негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы;

  • зиянның орнын толтыру құқығы;

  • тұтынушылық білімге құқық;

  • қоршаған ортаның саулығына құқық.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілік пен соттың қолда бар құралдарының көмегімен тиісті нормативті көлемділікке құрылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар ретінде Бас Ассамблеясында мақұлданған.

Бас Ассамблеяның күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылық принциптерді есепке ала отырып, тұтынушылар құқығын қорғау жөнінен белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының қаулыларына қарай нақтылықпен бұл салада өздерінің бірінші кезекте тұрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

Тұтынушылардың заңды мүдделері болып мойындалатындар:



  • қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;

  • олардың экономикалық мүдделерін сақтау;

  • жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дұрыс таңдауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;

  • тұтынушыларды сауаттандыру;

  • арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;

  • тұтынушылардың құқықтары сөз болып, шешім қабылдау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар тұтынушылар топтары мен ұйымдарын құруға еркіндік.

Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Айрықша бөлімімен, «Тұтынушыларды қорғау туралы» Заңымен және т.б. реттелінеді.

1998 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдары тұтынушылар құқықтарының жағдайларына 5000 тексеру жүргізген, оның 2816-да әртүрлі заң бұзушылық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені құрап, тұтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

Біріншісі өте қарапайым саналады. Кейбір фирмалар өздерінің адалдықтары мен туралықтары жөнінен жасы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар рынокта ұзақ уақыт тұрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын жүзеге асыра салып, түнге қарай тайып отыру. Соңғы уақытта мұндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі ұшырасатын болды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалаудың тәжірибесі ретінде республиканың халыққа сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет, көлік, байланыс, комунальды-тұрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

Азаматтардың 1944 ой-тілектері қаралды, олардың бәрі негізді болып шығып, тұтынушылар мүддесінің пайдасына шешілді.

Тұтынушылар құқығының бұзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталынып, материалдық зиянның мөлшері 175 млн.теңгені құрады.

Тұтынушыларға қайтарылған материалдық зиянның сомасы 162 млн. теңгені құрап, мемлекеттік бюджет есебіне 152 млн. теңгені түсірілді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің аттарына 939 ұсыныс, нұсқама, ескертпелер жасалды.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары сот органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа тартылып, 145 млн.еңге материалдық залал өтелді.

Рынок, мүмкін өнімнің пайдалану сапасы жөнінде өзіне пайдалы ақпараттарды жеткілікті білмейді. Тұтынушылар сатушылардың арыздарын салыстыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстанда ең маңыздылықтардың бірі. Тұтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

Мұндай тұтынушылар өздері таңдап тұрған тоңазытқыштың басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей ақпараттар оқығысы келетіндігі табиғи нәрсе. Айта өтер болсақ, өндірушілер тұтынылған электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның тұтынылу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мұздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталынып болғаннан кейін де энергияны тұтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің единицасымен білдіруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланылуының орта бағасын және тағы басқаларды тілдеріне тиек етеді.

Электр энергиясын тұтынуды тестілеудің жалпы жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны жұмсау туралы мәлімдеме жасауға құлшынғанның өзінде де тұтынушылар, ойлап алыстырып көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, мысалы АҚШ тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда приборлар тұтынған энергияны Мемлекеттік таңбалау туралы заң әзірлеп және қабылдап, оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл заң барлық негізгі приборлар тұтынған электр қуаты туралы хабарлама мен сынақтан өткізу жағдайларының жалпы әдістерін түсіндіреді. Тұтынушылар осы заңдарға байланысты өз құқықтарын қорғай отырып, өз кезеңінде өндірістің дамуына әсер етеді.

Экономика қарқыны Қазақстанда 2000-2002 жылдары 10 пайыздан асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніміз біз Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрмеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ.

Бұдан кейін 5 жылда экономикалық өсу байқалды. 1999 жылы ІЖӨ-нің өсуі 2% шамасында болса, 2000 жылы – 9,6%, 2001 жылы 13%-ға жетті. 2002 жылы ІЖӨ-нің артуы 9,5 пайызды құрады.

2003 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 2002 жылдан сәйкес мерзімімен салыстырғанда Қазақстан ІЖӨ 10,4%-ға, өнеркәсіп өндірісі (тұрақты бағамен есептегенде) – 9,6%-ға өсті. Көлік кәсіпорындарының жүк тасымалы (труба құбырын есептемегенде) - 17%-ға, бөлшек сауда айналысы (тамақ кәсіпорындарының айналымын қоспағанда) – 9,9%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі индексінің өсу қарқыны 2002 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8%-ды құрады. Экономикалық қызметтің ірілендірілген түрлері бойынша өнімнің артуы тау-кен өнеркәсібінде – 7,7%-ға, өндеу өнеркәсібінде – 8,5%-ға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлуде 7,2%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемі осы жылдың қаңтар-қазанында 3,1%-ға ұлғайды. Бұл мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 2002 жылғы тиісті кезендегі деңгейден 10,8% артық болды. 2003 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызметің көлемін өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 25,8%-ға өскен. Биылғы тоғыз айдағы сыртқы сауда айналымы 15,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қалыптасты. Мұның өзі былтырғы осы мерзімге қарағанда 31% өскен, бұл ретте экспорт 38%-ға, импорт 20%-ға ұлғайған.


  • Республиканың тұтыну рыногында тауарлар мен қызметтердің бағасы 2003 жылғы қазанда 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2%-ға өскен. Доллардың теңгеге қатысты айырбас бағамы 2003 жылғы қазанда қыркүйек айындағымен салыстырғанда 0,01%-ға ұлғайған. Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7% деңгейінде белгіленген.

  • Елде қолайлы инвестициялық ахуал жасалды. Елдің шаруашылық кешеніне қаржы ресурстарын тарту үшін осы заманғы институттық және нормативтік-құқықтық база жұмыс істеуде.

Шетелдік инвесторлар үшін табыс салығынан, жер салығынан және мүлік салығынан босатуды көздейтін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі, кеден жеңілдіктері белгіленеді.

Инвестиция саласындағы проблемаларды анықтап, шешу мақсатында мамандандырылған өкілетті орган және Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды.

Қазақстанның инвестициялық ахуалы тартымды екендігін мынадай жәйтпен де қуаттауға болады: шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2003 жылы 5300 болды. Салыстыру үшін мұндай кәсіпорындар Ресейде – 1042, Қырғызстанда – 99, Украинада 74 екенін айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Экономикасына тұтастай алғанда 21 млрд. долларға жуық инвестиция тартылған. Он жылда игерілген тікелей шетелдік инвестицияларды жан басына шағу көрсеткіші бойынша республика ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда асып түсті.



  • Нарық институттары мен шаруашылық жүргізу­дің тетіктерін қалыптастыру саласындағы бір­қа­тар түбегейлі қадамдарды жүзеге асыру нәти­жесінде Қазақстан рефор­ма­лау қарқыны жағына ТМД елдерінің көпшілігін басып озды.

  • Елімізде мамандандырылған Ұлттық қор құрыл­ды. Ол мұнай секторында алынған табыстардың бір бөлігін болашақ ұрпақтар үшін жинақтауы тиіс. Сонымен қатар қор форс-мажор жағдай­ларында Мемлекеттік бюджеттің стратеиялық резерві функциясын қамтамасыз етеді.

Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында 2015 жылға дейінгі республика дамуынан Индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған.

Ел дамуының басым стратегиялық бағыттарын орта және ұзақ мерзімге кредиттеуге жұмыс істейтін Даму банкі құрылған.

Елорданы Астана қаласына көшіру республика экономикасының дамуына айтарлықтай серпін береді. Жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Тұтастай алғанда Қазақстан экономикасындағы инвестициялық -өндірістік процестердің белсенділігі арта түсуде. 2000 жылдың аяғына қарай ІЖӨ көлемінің, өнеркәсіп өндірісінің, инвестициялық қызметтің және бірқатар басқа көрсеткіштердің өсуінде айтарлықтай прогресс байқалады. Өсу іс жүзінде экономиканың барлық салаларында жүріп жатыр, мұның өзі ел дамуының кешендік және жүйелік сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстан ТМД-дағы реформалардың танымал көшбесшыларының бірі болып табылады.


  • Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Қазақстан бірінші болып: 2000 жылдың аяғында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылдың наурызында Америка Құрама Штаттары тарапынан нарық экономикасы қалыптасқан ел ретінде танылды.

  • Қазіргі кезде Қазақстан экономикалық өсудің жоғары қарқының танытып отыр. Өтпелі Экономикасы бар көптеген басқа елдер секілді біздің елімізде де экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тағы ұлы дағдарыс атанған 30-шы жылдары болған өндіріс құлдырауына әлдеқайда асып түсетін құлдырау орын алғанын ескерер болсақ, бұл үлкен табыс. АҚШ-та 1929 жылға қарағанда, 1933 жылы өндірістін құлдырауы 27% болған еді. Қазақстанда экономикалық құлдырау 1991-1995 жылдары 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,6% болып, яғни бес жыл ішінде жыл сайын шамамен 8% төмендеп отырған.

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьев (РҒА ИМЭМО) «Қазақстан – көшірмесіз реформалар» атты мақаласында (4.7.2003, Регнум. Ру, мақаланың кең нұсқасы «Ресей бизнес-газетінде» 2003 жылғы 10 маусымда жарияланған) былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу ҚР банк жүйесі жоғары дамуына қанжақты жағдай жасады».

Екінші деңгейдегі банкілердің экономика салала­ры­на салған кредиттері 2003 жылғы 1 қазанда 879,4 слрд. теңге болды. Мұның үлестік шоғырлануы өнеркәсіпте - 29%, саудада – 28,3%, ауыл шаруашылығында – 11,5%, құрылыста – 8,1% болып отыр. Мемлекеттік бюджеттің кірісіне (Ұлттық қорға түсімдерді есептемегенде) 2003 жылғы он айда жоспардағы 803,1 млрд. теңгенің орнына 826,5 млрд. теңге түсті.



  • Қазақстанда ТМД елдерінің ішінде ең үздік қаржы жүйесі жасалған. 2003 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік, шетелдік қатысудағы (ҚР резиденті емес банктердің еншілес банктерін қоса алғанда) 16 банк жұмыс істеп тұрды. Республика банк жүйесінің жинақталған меншік капиталы шілде айында 3,7 пайызға, 1,3 миллирад долларға дейін, ал жинақталған активтер 1382,9 млрд. теңгеге немесе 9,4 млрд. долларға дейін өсті. Сөйтіп, соңғы төрт жылда бес есеге ұлғайды.

Қазақстан экономикасына бөлінген банк кредиттерінің көлемі 2003 жылғы 18,6%-ға ұдғайып, 797,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте ұзақ мерзімді кредиттер 4,8%-ға өсіп, 495,4 млрд. теңге болса, қысқа мерзімді кредиттер 2,3%-ға төмендеп, 301,8 млрд, теңгені құраған.

Халықтың банкілердегі салымдарының өсуі 2 млрд. долларға жеткен. Соның ішінде, теңге депозиттерінің үлес салмағы 33,8%-ға жетіп отыр.



  • Қазақстанның алтын-валюта қоры 7,421 млрд. долларға дейін өсті, оның ішіндегі Ұлттық қордың қаржысы 2675,6 миллион долларды құрады. Бүгінде ол елдің халықаралық қарыздарынан көлемі бойынша асып түсті, яғни Қазақстан нетто-кредитор елге айналды.

Республикада ТМД елдерінің арасында бірінші болып зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдендіру жүйесі, бірқатар сыртқы міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу, ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан бағамдық залал

  • Тұтастай алғанда тәуелсіздік жылдары экономиканың нақты секторында рыноктық-бәсекелестік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделді. Өнеркәсіп өндірісінің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты. Дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлік-коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резервтері баршылық.

Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономика бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады.

  • Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 75%-дан астамы шығарылады.

Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындар тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады.

2003 жылғы тамыздың басында 126 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорындарды тіркелген, бұл 2002 жылғы сәйкес датаға қарағанда 13,5%-ға көп. Республикадағы шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7%-ға ұлғайып, 482 мың адамға жеткен. 2003 жылғы шілдеде өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2002 жылғы шілдедегі деңгейден 11,9%-ға артық.


Түйін
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасының жоғары қарқынды дамуына жағдай жасауда.

Ел экономикасында шикізаттық бағдардан отандық өнеркәсіп өндірісін жеделдете дамыту бағытына қарай қадам басуда.

Инфрақұрылым нысандарын дамыту, әсіресе жол құрылымын дамыту өте жоғары жағдайда іске асырылып дамуда.
Өзін-өзі тексеру мен қайталауға арналған сұрақтар


  1. Кәсіпкер дегеніміз кім?

  2. Кәсіпкердің құқығын қорғаудың әдістері.

  3. ҚР шағын кәсіпкерлік, оның перспективасы.

  4. «Заңды тұлға» мен «Жеке тұлға» ұғымдары бір- бірлерінен қалай ажыратылады?

  5. Кәсіпкерлік фирмалар ҚР-да қалай тіркеледі?


Өз білімін бақылауға арналған тестілер
1. Кәсіпкер тауарлар шығаруды сол кезге дейін жалғастыра береді, қашан?

а) қоғамда тиісті қажеттілік болып тұрған кезге дейін;

б) ол одан табыс алғанша;

в) шығын мөлшері табыс пен теңесе алғанша;

г) қолындағы ресурс бар оған мүмкіндік бергенше;

д) артық тауарлар табылғаша.




1 Барр Р, Политическая экономия. В2-х т. Т.І.М., 1995, с.16

1 К. Маркс, Ф. Энгельс 12т, 732 бет

2 К. Маркс, Ф. Энгельс 20т, 150 бет

3 Барр Р№. Политическая экономия. В2-х томах. М.,1995, 16 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет