Дәріс 3. Педагогикалық зерттеулер.
Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.
Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары.
Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.
Педагогика ғылымының дамуының маңызды факторы – оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Ең алғаш педагогикалық теорияға әдістерді енгізген Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б.
19 ғасырдың аяғы–20 ғасырдың басында эксперименталдық педагогика кең етек алды. Оның көрнекті өкілдері: неміс педагогы В.Лай (1862-1926 ж.ж.), Э.Мейман (1862-1915 ж.ж.), американ педагогтары және психологтары С.Холл (1846-1924 ж.ж.), Э.Торндайк (1874-1949 ж.ж.).
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.
Педагогикалық зерттеулер, ең алдымен, әлеуметтік қалыптасу мен тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде дамушы жеке тұлғаның іс-әрекеті пәнін зерттеуге бағытталады. Педагогикалық құбылыстар, эмпирикалық бақылаулардың сыртқы жақтарын ғана зерттеумен шектелмей, педагогикалық факті, құбылыс және үрдістерді терең және жан-жақты зерттеу, олардың мәнін, заңдылықтарын ашу, диалектикалық ойлау тәсілдері – индукция және дедукцияны, талдау, жинақтау, абстрактілі ойлаудан нақтылауға көшу т.б. қолдану керек.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі компонеттері: зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу міндеттерін анықтау; танымдық міндеттері мен деңгейлерін анықтау әдістерін, шарттарын белгілеу және ақпаратты алдын-ала талдау; бастапқы болжамдарды қалыптастыру; оларды теориялық және экспериментальдық тексеру; алынған нәтижелерді талдау; оларды ғылыми интерпретациялау; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелік кеңестер жасау, құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |