Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет13/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
кабель

OSI стегі.
OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі – бұл концептуалдық үлгі ғана емес, хаттамалардың 
келісілген стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жинағы. Бұл хаттамалар стегін 
АҚШ үкіметі өзінің GOSIP бағдарламасында қолдайды. 1990 жылдан кейін барлық үкіметтік мекемелерде 
орнатылған барлық компьютерлік желілер OSI стегін тікелей қолдаулары тиіс, не болмаса болашақта осы 
стекке ауысуға арналған құралдарды қамтамасыз етуі тиіс. Дегенмен, OSI стегі АҚШ-на қарағанда Еуропада 
әйгілі, өйткені Еуропада өзінің меншік хаттамаларын қолданатын ескі желілер азырақ орнатылған. Еуропада 
сондай-ақ жалпы стекке деген үлкен қажеттілік сезіледі, өйткені мұнда әртүрлі мемлекеттердің көп саны 
бар.
Бұл халықаралық, өндірушілерден тәуелсіз стандарт. Ол корпорациялардың, серіктестердің және 
жеткізушілердің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете алады. Бұл өзара әрекеттесу адрестеу, атау 
беру және деректердің қауіпсіздігі мәселелерінен күрделенеді. Барлық осы мәселелер OSI стегінде жартылай 
шешілген. OSI хаттамалары орталық процессордың есептеу қуаттылығының үлкен шығындарын талап етеді, 
бұл оларды дербес компьютерлердің желілері үшін емес, қуатты машиналар үшін қолайлы етеді. 
Ұйымдардың көпшілігі әзірге OSI стегіне ауысуды жоспарлап қана отыр. Бұл бағытта жұмыс істеп 
жатқандардың арасынан АҚШ-ның Әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін атауға болады. OSI–
ді қолдаушы ірі өндірушілердің бірі болып AT&T компаниясы табылады. Оның Startgroup желісі толығымен 
OSI стегіне негізделген, бұл AT&T ішінде қолданушыларды OSI-дің әлемдегі ірі инсталляциялық базасы 
етеді.
OSI стегі (4.1. сурет) ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің барлық жеті деңгейлеріне арналған 
спецификациялардан тұрады.
Предствительный протокол OSI – OSI өкілдік хаттамасы 
Сессионный протокол OSI – OSI сессиялық хаттамасы 
Транспортные протоколы OSI (классы 0-4) – OSI көліктік хаттамалары (0-4 кластары) 
Сетевые протоколы с установлением и без установления соединений – қосылыстарды орнатумен және 
орнатусыз желілік хаттамалар 
Уровни модели OSI – OSІ үлгісінің деңгейлері 


2.7сурет – OSI стегі 
Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегі Ethernet, Token Ring, FDDI хаттамаларын, және де LLC, 
X.25 және ISDN хаттамаларын қолдайды. Бұл хаттамалар оқулықтың басқа тарауларында нақты 
қарастырылатын болады.
Желілік, көліктік және сессиялық деңгейлердің сервистері сондай-ақ OSI стегінде де бар, дегенмен олар 
аз таралған. Желілік деңгейде қосылыстар орнатусыз хаттамалар да, қосылыстары орнатылған хаттамалар да 
іске асырылған. OSI стегінің көліктік хаттамасы OSI үлгісінде оған арналып анықталған функцияларға 
сәйкес, қосылыстар орнатылған және қосылыстар орнатылмаған желілік сервистердің арасындағы 
айырмашылықтарды жасырады, сондықтан қолданушылар төмен жатқан желілік деңгейге тәуелсіз қызмет 
көрсетудің қажетті сапасын алады. Мұны қамтамасыз ету үшін, көліктік деңгей, қолданушының қажетті 
қызмет көрсету сапасын көрсеткенін талап етеді. Көліктік сервистің 5 кластары анықталған, төменгі 0 
класынан жоғарғы 4 класқа дейін, олар қателерге деген орнықтылық деңгейімен және қателерден кейінгі 
деректерді қалпына келтіру талаптарымен ерекшеленеді.
Қолднбалы деңгейдің сервистері файлдарды жіберуден, терминалды эмуляциялаудан, каталогтар 
қызметінен және поштадан тұрады. Олардың ішінен ең болашағы зор болып каталогтар қызметі (Х.500 
стандарты), электрондық пошта (Х.400), виртуалды терминал хаттамасы (VT), файлдарды жіберу, рұқсат 
алу және басқару хаттамалары (FTAM), жұмыстарды жіберу және басқару хаттамасы (JTM) табылады. 
Соңғы уақытта ISO өз күш-жігерін жоғарғы деңгейдегі сервистерге жинақтады.
Х.400 – Телеграфия және телефония жөніндегі халықаралық кеңесшілік комитеттің нұсқауларының 
жинағы (ССІТТ), онда электрондық хабарламаларды жіберудің жүйелері сипатталған. Бүгінгі күні Х.400 
нұсқаулары хабар алмасудың ең әйгілі хаттамалары болып табылады. Х.400 нұсқаулары хабарлама алмасу 
жүйесінің үлгісін, осы жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесу хаттамаларын, және 
де хабарламалардың түрлерінің көптігін және жіберілетін хабарламалардың әрбір түрі бойынша жіберушіде 
бар мүмкіндіктерді сипаттайды.
Х.400 нұсқаулары қолданушыларға берілетін қызметтердің келесідей ең аз қажетті жинағын анықтайды: 
қолжеткізуді басқару, хабарламалардың бірегей жүйелік ұқсастырушыларын жүргізу, хабарламаның 
жеткізілгендігі немесе себебін көрсетіп жеткізілмегендігі туралы хабарлау, хабарлама мазмұнының түрін 
индикациялау, хабарламаның мазмұнын өзгертуді индикациялау, жіберу және жеткізу кезіндегі уақыттық 
белгілер, жеткізу санатын таңдау (шұғыл, шұғыл емес, қалыпты), көпадрестік жеткізу, бөгелген жеткізу 
(белгілі уақыт сәтіне дейін), үйлеспейтін пошталық жүйелермен өзара әрекеттесу үшін мазмұнды өзгерту, 
мысалы, телекстік және факсимильдік байланыс қызметтерімен, нақты хабарлама жеткізілгендігі туралы 
сұраныс жасау, біріне бірі салынған құрылымы бар болуы мүмкін таратулар тізімі, қоғамдық кілттердің 
ассимметриялық криптожүйесіне негізделген хабарламаларды рұқсат етілмеген қолжеткізулерден қорғау 
құралдары.
Х.500 нұсқауының мақсаты болып жаһандық анықтама қызметінің стандарттарын жасап шығару 
табылады. Хабарламаны жеткізу процесі алушының адресін білуді талап етеді, бұл желінің мөлшері үлкен 
болған жағдайларда мәселе туындатады, сондықтан жіберушілер мен алушылардың адрестерін алуға 


көмектесетін анықтама қызметі болуы керек. Жалпы түрде Х.500 қызметі атаулар мен адрестердің 
таратылған деректер қоры болып табылады. Барлық қолданушылар белгілі атрибуттардың жинағын қолдана 
отырып, осы деректер қорына кіруге потенциалды құқығы бар.
Атаулар мен адрестердің деректер қорымен келесі операциялар жасауға болады:
- оқу – белгілі атау бойынша адресті алу;
- сұраныс – адрестің белгілі атрибуттары бойынша атауды алу;
- деректер қорына жазбаларды қосудан және өшіруден тұратын жаңарту.
Х.500 нұсқауын іске асырудың негізгі мәселелері бүкіләлемдік анықтама қызметі роліне үміткер осы 
жобаның ауқымдылығына байланысты. Сондықтан Х.500 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ететін 
бағдарламалық қамтамасыз ету өте үлкен болып шығады және аппаратураның өнімділігіне жоғары талаптар 
қояды.
Х.400 және Х.500 нұсқауларын электрондық поштаны жобалау кезінде ескеру әртүрлі өндірушілердің 
пошталық жүйелерін түйісуін принципиалды мүмкін етеді және концептуалды түрде қарапайым етеді.
VT хаттамасы терминалдарды эмулдяциялаудың әртүрлі хаттамаларының үйлесімсіздік мәселесін 
шешеді. Қазір IBM PC-мен үйлесімді дербес компьютердің қолданушысына VAX, IBM 3090 және HP9000 
компьютерлерімен біруақытта жұмыс істеу үшін әртүрлі типтегі және әртүрлі хаттамаларды қолданатын 
терминалдарды эмуляциялау үшін үш түрлі бағдарламаларды сатып алу керек. Егер әрбір хост-компьютерде 
өзінің құрамында ISO терминалын эмуляциялау хаттамасының бағдарламалық қамтамасыздауы бар болса, 
онда қолданушыға да VT хаттамасын қолдайтын бір ғана бағдарлама қажет болар еді. Өзінің стандартында 
ISO терминалдарды эмуляциялаудың кеңінен таралған функцияларын шоғырландырды.
Файлдарды жіберу – бұл кең таралған компьютерлік сервис. Жергілікті және де қашықтықтағы файлдарға 
қолжеткізу барлық қосымшаларға керек – мәтіндік редакторларға, электрондық поштаға, деректер қорына 
немесе қашықтықтан іске қосу бағларламаларына. ISO мұндай сервисті FTAM хаттамасында қарастырған. 
Х.400 стандартымен қатар, бұл OSI стегінің ең әйгілі стандарты. FTAM жергілікті ету және файл мазмұнына 
қолжеткізу құралдарын қарастырады, және файл мазмұнына қою, ауыстыру, кеңейту және тазарту 
директиваларының жинағынан тұрады. FTAM сондай-ақ файлды жасау, өшіру, оқу, ашу, жабу және оның 
атрибуттарын таңдауды қоса алғанда, файлды біртұтас ретінде басқаруға арналған құралдарды қарастырады.
Жұмытарды жіберу және басқару хаттамасы JTM қолданушыларға хост-компьютерде орындалуы тиіс 
жұмыстарды жіберуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды жіберуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды басқару 
тілі, қандай іс-әрекеттер және қандай бағдарламалармен және файлдармен жасалуы керектігін хост-
компьютерге көрсетеді. JTM хаттамасы әдеттегі дестелік өңдеуді, транзакцияларды өңдеуді, қашықтықтағы 
тапсырмаларды енгізуді және таратылған деректер қорына қолжеткізуді қолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет