Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет15/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
кабель

IPX/SPX стегі.
Бұл стек Novell фирмасы 80-ші жылдардың басында өзінің желілік NetWare операциялық жүйесі үшін 
жасап шығарған хаттамаларының түпнұсқа стегі болып табылады. Стекке атау берген Internetwork Packet 
Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда едәуір аз 
дәрежеде таралған Xerox фирмасының XNS хаттамаларының тікелей бейімделуі болып табылады. Орнату 
саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен 
65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты.
Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі 
2.10 суретте көрсетілген. Физикалық және арналық деңгейлерде Novell желілерінде осы деңгейдің барлық 
әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары) 
Желілік деңгейде Novell стегінде IPX хаттамасы және де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF хаттамасына 
ұқсас) маршруттық ақпаратпен алмасу хаттамасы жұмыс істейді. IPX Novell желілерінде дестелерді 
адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері 
оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан 
келіп түсетін ақпаратқа негізделген. Мысалы, IPX дестелерді беру керек компьюбтерге немесе келесі 
маршрутизаторға беру үшін не болмаса RIP хаттамасы беретін, не болмаса NLSP (NetWare Link State 
Protocol) хаттамасы беретін ақпаратты қолданады. Өз жұмысында IPX сондай-ақ SAP жоғарғы деңгейінің 
хаттамасын да қолданады. IPX хаттамасы хабарламаларды алмасудың тек қана дейтаграммалық әдісін 
қолдайды, соның есебінен есептеу ресурстарын үнемді пайдаланады. Сонымен, IPX хаттамасы үш 
функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: адресті беру, маршрутты орнату және дейтаграммаларды 
тарату.
Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске 
асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді.
Жоғарғы қолданбалы, өкілдік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді. 
NCP (NetWare Core Protocol) хаттамасы NetWare серверінің және жұмысшы станцияның қабықшасының 
өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI 
үлгісінің жоғарғы деңгейінде жүзеге асырады. Осы хаттаманың функцияларының көмегімен жұмысшы 
станция серверге қосылуды жүргізеді, сервер каталогтарын дискжетектерінің жергілікті әріптерінде 
көрсетеді, сервердің файлдық жүйесін қарап шығады, өшірілген файлдарды көшіреді, олардың 
атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады. 
NCP хаттамалары Novell желісінің түпнұсқа хаттамасы болып табылады және басқа желілерде 
қолданылмайды.


 
 
 
 
 
 
 
 
2.10 сурет. - IPX/SPX хаттамалар стегі 
SAP (Service Advertising Protocol) – сервис туралы жариялау хаттамасы – RIP хаттамасына концептуалды 
ұқсас. SAP хаттамасы желілік құрылғыларға желіде қазіргі кезде қандай сервистік қызметтер бар екендігі 
туралы деректерді тұрақты түзетіп тұруға мүмкіндік береді. Старт кезінде серверлер SAP-ты желінің қалған 
бөлігін өз қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданады. Сервер жұмысын аяқтаған кезде, ол желіні өз 
қызметінің тоқтатылғандығы туралы хабардар ету үшін SAP-ты қолданады.
Novell желілерінде NetWare 3.х серверлері кеңхабарлаушы SAP дестелерін минут сайын таратады. SAP 
дестелері желіні біршама дәрежеде ластайды, сондықтан жаһандық байланысқа шығатын 
маршрутизаторлардың негізгі міндеттерінің бірі болып, SAP-дестелердің және RIP-дестелердің графигін 
фильтрлеу табылады. IPX/SPX стегінің ерекшеліктері NeyWare ОЖ-нің ерекшеліктеріен, атап айтқанда, 
оның ертеректегі нұсқаларының (4.0 дейін) жұпыны ресурстары бар дербес компьютерлерден тұратын 
шағын жергілікті желілердің жұмысына бағытталғандығына байланысты. Сондықтан Novell-ге іске 
асырылуы үшін оперативтік жадының ең аз мөлшерін қажет ететін (MS-DOS-тың басқаруындағы IBM-
үйлесімді компьютерлерде 640 Кбайтпен шектелген) және шағын есептеу қуаттылықтары бар 
процессорларда тез жұмыс істейтін хаттамалар керек болды. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің хаттамалары 
соңғы уақытқа дейін жергілікті желілерде жақсы жұмыс істеді де, үлкен корпоративтік желілерде – онша 
жақсы жұмыс істемеді, өйткені баяу жаһандық байланыстарды осы стектің бірнеше хаттамалары қарқынды 
қолданатын, мыслаы клиент пен сервер арасындағы байланысты орнату үшін қолданатын кеңхабарлаушы 
дестелермен тым көп жүктеді.
Бұл жағдай және де IPX/SPX стегінің Novell фирмасының меншігі болып табылатындығымен және оны 
жүзеге асыру үшін одан лицензия алу керектігімен, көп уақыт бойы оның таралуын тек қана NetWare 
желісімен шектеді. Дегенмен NetWare 4.0 нұсқасы шыққан сәтте Novell өз хаттамаларына оларды 
корпоративтік желілерде жұмыс істеуге икемдеуге бағытталған салиқалы өзгерістер енгізді және енгізуді 
жалғастыруда. Қазір IPX/SPX стегі NetWare-де ғана емес, басқа да бірнеше әйгілі желілік ОЖ-де - SCO 
UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT іске асырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет