Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет18/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
кабель

DECnet стегі.
Digital Equipment корпорациясы хаттамалардың меншік стегін – DECnet-ті қолдайды, ол физикалықтан 
бастап қолданбалыға дейінгі барлық деңгейлердің сервисінен тұрады. DECnet хаттамасының стегінің бес 
фазасы (Phases) немесе нұсқалары бар. Корпоративтік желілерде қолдану үшін ең қолайлы болып Phase IV 
және Phase V нұсқалары табылады.
DECnet Phase IV стегін Digital Equipment корпорациясы 1982 жылы OSI стандарттық үлгісіне сәйкес 
келмеген меншік көпдеңгейлі тәсілді қолданып жасап шығарған. Барлық жерде қолданылатын Ethernet 
типіндегі хаттаманы төменгі деңгейде қолдай отырып, бұл стек негізінен меншік, фирмалық хаттамалардан 
тұрған және көбінесе VAX компьютерлерінде қолдануға бағытталған.
1987 жылы Digital корпорациясы Phase V стегін жариялады және оны Advantage – Networks деп атады 
(стектің алғашқы өнімдері тек 1991 жылы пайда болды). Оны жариялау кезінде қолданушыларға 
көпхаттамалы желіні жасауға және оны басқаруға көмектесуге ұмтылу ерекше атап өтілді. Бұл стектің 
ерекшелігі болып, оның Phase IV-те іске асырылған DECnet меншік стегімен қатар, TCP/IP және OSI 
стектерінің хаттамаларын біруақытта қолдануға мүмкіндік беретіндігі табылады.
Phase V стегі қосымша стандартты хаттамаларды қосудың есебінен Phase IV стегін дамыту ғана болып 
табылмайды. Ол OSI үлгісіне сәйкес толығымен қайта жазылған, сондықтан хаттамалар модульді жұмыс 
істей алады. TCP/IP және OSI хаттамаларымен өзара әрекеттесуден басқа, ол сондай-ақ атаулардың 
таратылған қызметін және желіні таратылған басқаруды қоса алғанда, корпоративтік желіде өте қажет 
дамыған сервистерді ұсынады.
Беттері көрсетілген негізгі әдебиет 
1. [с.52-54] 
2. [с.83-85] 
3. [с.66-73] 
4. [с.54-57. 267-274]
5.[с.85-87, 109-178] 
 
Беттері көрсетілген қосымша әдебиет 
1. [с.187-216] 
Бақылау сұрақтары 
1. ТСР/ІР стегі деген не? 
2. ТСР/ІР-дің кең таралуының ерекшелігі неде? 
3. ТСР/Ір хаттамаларының құрылымын келтіріңіз? 
4. ТСР/ІР стегінің әрбір деңгейінің хаттамаларын сипаттаңыз? 
5. IPX/SPX стегін сипаттап беріңдер. 
6. IPX/SPX хаттамалар стегінің әрбір деңгейінде жүзеге асырылған хаттамаларды атап 
беріңіздер. 
7. NetBIOS/SMB стегі нені білдіреді? 
8. NetBIOS/SMB хаттамалар стегінің әрбір деңгейінде жүзеге асырылған хаттамаларды 
атап беріңіздер. 
9. SNA стегі нені білдіреді? 
10. SNA үлгісінде қандай деңгейлер жүзеге асырылады? 
11. APPC деген не? 
12. APPN деген не? 
13. DECnet стегі нені білдіреді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет