Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
кабель

10Base-Т стандарты.
Стандарт 1991 жылы қабылданған және 802.3і белгілемесін алған.
10Base-Т желілері орта ретінде экрандалмаған есулі қоссымды (Unshielded Twisted Pair, UTP) қолданады. 
3 санаттағы (санат кабельдің өткізу жолағын, NEXT қиылыстағы жеткізу шамасын және оның сапасының 
кейбір басқа да параметрлерін анықтайды) экрандалмаған жұптың негізіндегі көпжұпты кабельді 
телефондық компаниялар ғимарат ішіндегі телефон аппараттарын қосу үшін бұрыннан қолданып келеді. Бұл 
кабель Voice Grade деп аталады, ол оның дауыстарды беруге арналғандығын көрсетеді.
Соңғы түйіндер “нүкте-нүкте” топологиясы бойынша арнайы құрылғы – көппорттық қайталаушымен екі 
есулі қоссымның көмегімен қосылады. Бір есулі қоссым деректерді станциядан қайталаушыға беру үшін, ал 
екіншісі – деректерді қайталаушыдан станцияға беру үшін қажет.
Бұл жағдайда көппорттық қайталаушылар әдетте концентраторлар (hub немесе concentrator) деп аталады. 
Концентратор оның порттарына қосылған есулі қоссымдардың барлық кесінділерінде сигналдарды 
қайталаушының қызметін орындайды, сондықтан деректерді берудің біртұтас ортасы түзіледі – логикалық 
моноарна (логикалық ортақ шина). Стандарт деректерді берудің биттік жылдамдығын 10 Мбит/с және 3 
санаттан төмен емес сападағы есулі қоссым болған жағдайда 100м-ден артық емес тікелей 
байланыстырылған екі түйіндердің арасындағы есулі қоссымның кесіндісінің барынша көп қашықтығын 
анықтайды. Бұл қашықтық есулі қоссымның өткізу жолағымен анықталады – 100 м ұзындықта ол манчестер 
кодын қолдану кезінде деректерді 10 Мбит/с жылдамдықпен беруге мүмкіндік береді.
10Base-Т концентраторларын бір бірімен соңғы түйіндерді қосуға арналған порттардың көмегімен қосуға 
болады.
CSMA/CD кіру процедурасын іске асыру кезінде станциялардың синхрондалуын қамтамасыз ету үшін 
және станциялардың коллизияларды сенімді тануы үшін желінің екі станцияларының арасындағы 
концентраторлардың барынша көп саны, атап айтқанда 4, стандартта анықталған. Бұл ереже “4 хаб ережесі” 
атауына ие болған, және ол коаксиалдық желілерде қолданылатын “5-4-3 ережесін” алмастырады. 
Станциялардың көп саны бар 10Base-Т желісін жасау кезінде концентраторларды бір бірімен тармақ 
тәріздес құрылымды түзе отырып, иерархиялық әдіспен қосуға болады.
10Base-Т желісіндегі станциялардың жалпы саны 1024 жалпы шектен аспауы тиіс, және физикалық 
деңгейдің осы түрі үшін бұл санға шыныменде қол жеткізуге болады. 2500 м желінің барынша көп 
ұзындығы желінің кез-келген екі соңғы түйіндерінің арасындағы барынша көп қашықтық ретінде түсініледі 
(“желінің барынша көп диаметрі”). Желінің кез-келген екі түйіндерінің арасында 4-тен артық 
қайталаушылар болмауы тиіс, 10Base-Т желісінің барынша көп диаметрі 5*100=500 м құрайды.
10Base-Т стандартында соңғы түйіннің трансивері мен қайталаушының портын жалғастыратын есулі 
қоссымның екі кесіндісінің физикалық жұмысқа қабілеттігін тесттеу процедурасы анықталған. Бұл 


процедура байланыстылық тесті (link test) деп аталады, және ол әрбір есулі қоссымның арасындағы 
жіберуші мен қабылдаушының арасында манчестерлік кодтың J және K арнайы импульстерінің әрбір 16 мс 
беруге негізделген. Егер тест өтпесе, онда порт бұғатталады және мәселелі түйінді желіден өшіреді. J және 
K кодтары кадрларды беру кезінде тыйым салынған болып табылғандықтан, тесттік тізбектер ортаға 
қолжеткізу алгоритмінің жұмысына әсер етпейді.
Соңғы түйіндердің арасында түйіндердің жұмысын бақылай алатын және желіден дұрыс жұмыс 
істемейтіндерді оқшаулайтын белсенді құрылғылардың пайда болуы 10Base-Т технологиясының қолдануда 
күрделі болып табылатын коаксиалдық желілермен салыстырғанда басты артықшылығы болып табылады. 
Концентраторлардың арқасында Ethernet желісі істен шығуға орнықты жүйенің кейбір сипаттамаларына ие 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет