Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет28/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
кабель

 
100 Base-FX 
100Base-FX-тің физикалық деңгейі – көпмодты оптоталшық, екі талшық.
Бұл спецификация Fast Ethernet хаттамасының көпмодты оптоталшық бойымен жартылай дуплексті және 
толықдуплексті режимдерде жақсы тексерілген FDDI кодтау сұлбасының негізінде жұмыс істеуін 
белгілейді.
Оптоталшықты интерфейске арналған 100Base-FX спецификациясы сегменттің ұзындығын 100 метрге 
дейін белгілейді, дегенмен желінің рұқсат етілген диаметрі 412м. 100Base-FX спецификациясы бойынша 
әрбір қосылу үшін екі желілі көпмодты талшықты-оптикалық кабель керек, онда біреуінің бойымен сигнал 
беріледі, ал екіншісінің бойымен сигнал қабылданады. Бұл талшықтар жақсы қосылады және сондықтан RX 
және TX деп белгіленеді. Талшықты-оптикалық кабельдердің көп түрлері бар, қарапайым екі талшықты 
кабельден бастап арнайы көп талшықты кабельге дейін.
100 Base-T4 
100Base-Т4-тің физикалық деңгейі – UTP Cat 3 есулі қоссымы, төрт жұп.
100Base-Т4 стандарты сондай-ақ кабельдің ұзындығын 100 м етіп белгілейді. Бұл кезде 3,4 және 5 
санаттағы кабельдерді қолдануға рұқсат етіледі, дегенмен 5 санаттағы кабельдерді қолдануға ұсыныс 
жасалады. Қолданылатын төрт жұптың ішінен екеуі бірбағытталған беру үшін, ал қалған екеуі – 
екібағытталған берулерге арналған. Жұптар келесі түрде белгіленеді: Т
х
– деректерді бірбағытты беру үшін; 
R
х
– бірбағытталған қабылдау үшін, BI – екі қалған жұптар екі бағытта да деректерді алмасуға арналған.
100 Base-TX 
100Base-TX-тің физикалық деңгейі – UTP Cat 3 есулі қоссымы, екі жұп.
100Base-TX жүйесі өткізгіштердің екі жұбын қолданады: біреуін беру үшін, екіншісін – деректерді 
қабылдау үшін. 100Base-TX-те есулі қоссымды қолдануға негізделген, деректердің берудің физикалық 
ортасына арналған стандарттың спецификациясы ANSI TP-PMD, экрандалмаған 5 санатты (UTP) және 
экрандалған есулі қоссымдарды (STP) қолдануға рұқсат етеді.
Кең таралған орта болып, экрандалмаған есулі қоссым табылады. Бұл кабельде өткізгіштердің жұптары, 
кабельдің ажыратқыға қосылатын ұштарынан басқа жерлерінде, барлық өн бойында есілген болуы тиіс. 
Есілмеген бөлімнің ұзындығы 1-1,5 см-ден аспауы тиіс. 100Base-TX желісіндегі 5 санаттағы толқындық 
кедергісі 100 Ом UTP кабеліндегі сегменттің ұзындығы. Бұл шектеу беруші ортадағы сигналдың 
таралуының рұқсат етілген бөгелу уақытымен байланысты және едәуір қатаң болып табылады. 
Бөгеуілдердің әсерін төмендету мақсатында биополярлық беру қолданылады: өткізгіштердің бірімен оң, ал 
екіншісімен – теріс потенциал беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет