Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет26/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
кабель

Оптоталшықты Ethernet
Деректерді беру ортасы ретінде 10 мегабиттік Ethernet оптиклық талшықты қолданады. Оптоталшықты 
стандарттар кабельдің негізгі түрі ретінде арзан көпмодты оптикалық талшықты ұсынады, ол кабельдің 1 
шақырым ұзындығында 500-800 МГц өткізу жолағына ие.
Функционалдық түрде оптикалық кабельдегі Ethernet желісі 10Base-Т желісі сияқты элементтерден 
тұрады – желілік адаптерлер, көппортты қайталаушылар және адаптерді қайталаушының портымен 
жалғастыратын кабель кесіндісі.
FOIRL (Fiber Optic Inter-Repeater Link) стандарты Ethernet желілерінде оптоталшықты қолдануға 
арналған 802.3 комитетінің алғашқы стандарты болып табылады. Ол 2500 м-ден артық емес желінің жалпы 
ұзындығында 1 шақырымға дейінгі қайталаушылардың арасындағы оптоталшықты байланыстың 
ұзындығына кепілдік береді. Желінің кез-келген түйіндерінің арасындағы қайталаушылардың барынша көп 
саны – 4. 2500 м барынша көп диаметрге бұл жерде қол жеткізуге болады, бірақ барлық 4 
қайталаушылардың арасындағы кабельдердің, және де қайталаушылар мен соңғы түйіндердің арасындағы 
барынша көп кесіндіге рұқсат етілмеген - әйтпесе желінің ұзындығы 5000 м болады.
10Base-FL стандарты FOIRL стандартының аздаған жақсартылуы болып табылады. Берушілердің 
қуаттылығы көбейтілген, сондықтан түйін мен концентратордың арасындағы барынша көп қашықтық 2000 
м–ге дейін көбейтілді. Түйіндердің арасындағы қайталаушылардың барынша көп саны 4-ке тең болып 
қалды, ал желінің барынша көп ұзындығы – 2500 м.
10Base-FB стандарты тек қана қайталаушылардың қосылуына арналған. Соңғы түйіндер бұл стандартты 
концентратордың портына қосу үшін қолдана алмайды. Желінің түйіндерінің арасында бір сегменттің 
барынша көп ұзындығы 2000 м болғанда және желінің барынша көп ұзындығы 2740 м болғанда, 5-ке дейінгі 
10Base-FB қайталаушыларын орнатуға болады.
10Base-FB стандартындағыдай Ethernet оптоталшықты стандарттары концентраторларды тек қана 
тармақтәріздес иерархиялық құрылымға қосуға рұқсат етеді. Концентратордың порттарының арасында кез-
келген ілмектердің болуына рұқсат етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет