Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет28/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Акт кітаптары. Оларды сақтау тәртібі мен мерзімдері
АХА мем-ік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын ҚР Үкіметі бекітеді. Қатаң, жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған, тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген акт кітаптары бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін аумақтық әділет органдарының лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.
Акт кітаптарының бірінші даналары – азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны бойынша ауданның тіркеуші органының мұрағатында, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының мұрағатында сақталады.
Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір үй-жайда(ғимаратта) сақтауға тиым салынады. Респбулика бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары ҚР заңында айқындалған уәкілетті органда жеке тұлғалар туралы мем-ік дерекқордың орталық серверінде сақталады.
Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мем-ік мқрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.
Мемлекеттік баж
АХА тіркелгені үшін ҚР салық заңнамасына сәйкес мем-ік баж алынады.
Тууды, қайтыс болуды, әке болуды анықтауды, ҚР азаматарының бала асырап алуын тіркеу, сондай-ақ АХА тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру ҚР салық заңнамасына сәйкес меме-ік баж алынбай жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету тәртібі
Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде АХА жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде АХА жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері сот тәртібімен шешіледі. АХА жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі.
Шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматтарының, сондай-ақ АХА ҚР тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері ҚР шетелдегі мекемелері арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
АХА жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. АХА жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
АХА жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініш сол өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері ойынша тіркеуші органға, ал шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін ҚР тіркеуші органдарында тіркелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері ҚР шетелдегі мекемелері арқылы бастапқы жазбаның мем-ік тіркелген (жоғалған) орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
АХА жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған кезде немесе мем-ік тіркеу орны мен уақыты көрсетіле отырып, акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Тарихи отанына қайта оралған адамдарға қатысты туу туралы АХА жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті нездер болған кезде және осы фактіні құжаттық растау (акт жазбасының болмауы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) мүмкін болған кезде немесе ІІО осы адамдардың ҚР заңды түрде келгені туралы растамасы және олардың ҚР азаматтығын беру туралы өтініш болған кезде ғана жүргізіледі. Оралмандардың туу туралы қалпына келтірілген жазбаларын мем-ік тіркеу олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
АХА жазбаларының жоғалғанын сол жоғалған жазба жасалған жері бойынша АХА жазбасының облыстық (қалалық) мұрағаты растауға тиіс. Тіркеуші органның жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде АХА мем-ік тіркеу фактісі ҚР АІЖК белгіленген қағидалар бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруді мем-ік тіркеуді жоғалған жазба жасалған жері бойынша тіркеуші орган жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет