Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ


Отбасылық құқықтық қатынастар – бұл некеде тұруына, туыстықта болуына, балаларды тәрбиге алуға байланысты тұлғалардың арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды отбасы құқығының нормаларымен реттеу



бет2/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Отбасылық құқықтық қатынастар – бұл некеде тұруына, туыстықта болуына, балаларды тәрбиге алуға байланысты тұлғалардың арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды отбасы құқығының нормаларымен реттеу.

Отбасылық құқықтық қатынастарды басқа құқықтық қатынастардан ажырататын өзіндік белгілер тән. Ондай белгілерге жататындар:

- отбасылық құқықтық қатынастар әрқашан екі субъектіден тұрады, сонымен қатар оған тек жеке тұлғалар ғана қатысады;

- қатынас субъектілерінің жеке-сенімдік сипаты және ол жойылған кезде бұрынғы отбасылық қатынас тоқтатылып, жаңа қатынас пайда болады.

Мысалы: ата-аналық құқығынан айырған кезде, оның орнына қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу сияқты қатынастар пайда болады және т.б;

  • қатынастар сипатының ұзақтылығы: Бұл белгі келесіні білдіреді:

  • біріншіден, субъектілердің қатынасының уақыт бойынша ұзақтылығы (мысалы сыйға тарту, сатып-алу-сату, айырбастау және т.б.),

  • екіншіден, көпшілік жағдайда міндеттер орындалғананан кейін де қатынастар жалғасады (кәмелетке толғанан кейін де бала ата-анасымен қатынасын тоқтатпайды, ерлі-зайыптылардың некелерін бұзбай бөлек тұруынан олардың некесі тоқтамайды және т.б.);

- құқық отбасы қатынастарына өте аз араласады, заң шығарушы отбасылық қатынастарға араласпауды қолдайды, отбасы мүшелерінің мүдделері талап етсе ғана.

Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері

Отбасы құқығының субъектілері деп тек ҚР Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексі қарастырылған тұлғалар танылады. Отбасы құқықтық қатынасының субъективтік құрамы отбасы заңында көрсетілген.

Отбасы құқығының кез-келген субъектісі бір мезгілде бірнеше отбасылық қатынасқа түсулері мүмкін және олардың әрқайсысында белгілі бір орын алады.

Мысалы, ер адам:

1. әйеліне қатысты, онымен некелік қатынасқа түсе отырып, ері деп аталады,

2. балаларына қатысты - әке,

3. немерелеріне – ата,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет