Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет31/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Бала ата-анасының қай ұлтқа жаататынын жазу тәртібі
Егер тууды тіркеу кезінде өтініш беруші ата-анасының қай ұлтқа жататынын көрсетуге тілек білдірсе, онда баланың туу туралы акт жазбасында ата-анасының – ҚР азаматтарының ұлты ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарында көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі.
Шетелдік болып табылатын ата-ананың қай ұлтқа жататыны туралы мәлімет оның ұлттық паспортына сәйкес көрсетіледі. Шетелдіктің қлттық паспортында ұлты туралы мәлімет болмаған кезде оның ұлты өз азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкін.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін, атын, әкесінің атын беру тәртібі
Тууды мем-ік тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әр-түрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасынынң тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүр ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазылады. Баланың тегіне қатысты ата-анасы арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
Азаматтардың тілегі бойынша қлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуда қазақ тіліне тән емес:-ов,ев,ова, ева, ин, н, ины, на, овна, евна, ович, евич аффикстері алып тасталады, ал олардың орнына әкесінің атына: - ұлы, -қызы деген сөздер қосылып бірге жазылады.
Жеке адамның тегіне «тегі, ұрпағы, немересі, шөбересі, келіні» деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді. Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты жазылмайды. Басқа ұлт адамдардың тілегі бойыша олардың тегін, атын және әкесінің атын жазу олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
ҚР тыс жерде туған баланың тууын мем-ік тіркеу келген елдің аумағында орналасқан ҚР шетелдегі мекемелерінде не басқа елде қызметін қоса атқаратын ҚР шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.
Тауып алынған, тастанды(бас тартылған) баланың тууын мемлекеттік тіркеу тәртібі
Бұл балалардың тууын ііо, қорғанышылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немсе бала орналастырылған мед.ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап 7 тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс.
Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып, ііо немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт, тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын мед.ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәліметтер қоса тіркеледі.
Мед.ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкімшілігі ҚР заңында белгіленген нысан бойынша анасынынң жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қолданады. Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда мед.ұйымның әкімшілігі екі куәгердің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мем-ік тіркеу кезінде хаттамалар тастанды(ата-ансы бас тартқан) баланы тіркеу туралы мед.ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
Ата-аналардың тілегі бойынша тіркеуші орган баланың тууын салтанатты жағдайда мем-ік тіркеуді өз үй-жайында не арнайы осыған арналған мем-ік неке сарайында қамтамасыз етеді.
Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу
Бұндай балаларды мем-ік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап 5 тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі.
Баланың өлі тууы мед.ұйым немесе жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігер берген перинатальдық қайтыс болуы туралы мед.куәліктің негізінде тіркеледі. Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Ата-анасының өтініші бойынша өлі туған баланы мем-ік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
Бала өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болған жағдайда оның тууын мем-ік тіркеу – туу туралы мед.анықтаманың негізінде, ал қайтыс болған жағдайда перинатальдық қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.
Туу және қайтыс болу туралы жасалған актілер жазбасының негізінде тек қайтыс болуы туралы куәлік қана беріледі. Ата-анасының өтініші бойынша баланың тууын мем-ік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
Одан әрі қайтыс болу туралы куәлік қана қайтадан беріледі.
Тіркеуші органға баланың өлі тууы туралы немесе баланың тууы және өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болғандығы туралы мәлімдеу міндетті:
- бала туылған немесе бала шетінеген мед.ұйымның басшысына;
- дәрігер баланың өлі тууы, баланың өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болуы фактісін анықтаған мед.ұйымның басшысына;
- мед.ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрігерге жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет