231
Сүлеймен қарақшы
Шалқасынан сiлейiп жатқан ол,
шөл далада ұзақ жатып,
қаталап қалған адамдай, суды апыл-ғұпыл қомағайлана жұтты.
Содан басын сәл көтердi де, өзiне үңiлгендерге алақ-жұлақ көз
тастады.
— Аһ, — дедi сосын желкесiмен жердi бiр ұрып. — Әттең-ай,
қапы қалғанымды қарашы.
— Қапы қалғаныңа емес, тiрi қалғаныңа тәубе де. Әйтпесе
менiң ұрғанымнан онша-мұнша адам аман қала бермейдi… Ой,
мынау қазақ қой. Сонда тәшкендiктер қазақты өлтiруге қазақты
жұмсағаны ма? О, ата-бабаңның көрiн… Жатқан жерiңде жайрата
салайын ба, осы?
— Қой, қоя тұр, Сүлеймен. Алдымен мұның кiм екенiн бiлiп
алайық. Ей, қыран тырнағына өзi iлiккен түлкiдей болған неме.
Ныспыңды және кiм екенiңдi айт. Жаңылмасам, Тәшкендегi
Бекаба жөйiттен келген баскесер сен ғой.
— Қап,
әттең-ай, өмiрiмде бiрiншi рет мүлт кетiп, шарасыз
қалыпқа түскенiм бұл, — дедi анау тағы өкiнiшпен тiстене
ышқынып, жауап берудiң орнына.
— Бұрын ылғи әлсiз бен аңғалды шауып үйренгенсiң де.
Тәшкендiктерге қарағанда қоқандық қарақшылардың низамы
мен тәсiлi бөлек екенiн ендi ұққан шығарсың. Әй,
мен сенiң
құсалығыңды тыңдап тұруға шыдамым жетпейдi. Айтасың ба,
кiм екенiңдi?! Әлде бауыздала салғың келiп жатыр ма?
Шырақ жарығына жалт-жұлт етiп шағылысқан қылыш
жүзiнен анау көз алмай жатты да:
— Сүлеймен деген қайсың? — деп сұрады. —
Әне бiр
ұйқыдағы томардай болып қорылға басып жатқан ба, әлде төбесi
көк тiреп тұрған сен бе?
— Бiрiншiсi — мен. Анау жатқан — екiншiсi. Қоқандықтар
қайсымызды өлтiр деп едi?
— “Сол көзiнiң астында адам шошырлық тыртығы бар дәудi
көрсең, iшегiн ақтарып, басын кесiп алып кел”, — деп едi. Сiрә,
Сүлеймен ол емес, сен боларсың. Бұлай күткендерiңдi бiлгенiмде,
бiр ай бойы келмей, қапыда басатын едiм-ау. Бұл қырсық шалған
түн болды өзi. Амалымның жүзеге аспай, қолдарыңа түсiп,
өлiммен жазаланатыным ештеңе емес-ау. Өзiмнiң артымнан
қатын, бала-шағамның қырылатыны жаныма батады.
— Өлтiрсек, өзiңдi өлтiремiз. Қатын, бала-шағаңда немiз бар.
— Түкке түсiнбей тұрсың, Сүлеймен.
Бекаба менi мұнда
жiберер кезде: “Сүлеймендi өлтiрмей келсең, болмаса айлаң