227
Сүлеймен қарақшы
Пұсырманқұл кеттi. Бұл үшеуi сол жатқаннан кешке бiр-ақ
тұрды. Күн бата Аязбек пен Төрекелдi келдi. Бөтен сарттың кiм
екенiн бiлген соң Аязбек:
— Иә, сен туралы Пұсырманқұл айтқан. Ендi Сүлеймен,
Ажан, менi тыңдаңдар. Пұсырманқұл бүгiн келе алмайды. Бүгiн
ол үш жiгiтпен өзiн және өз үйiндегi адамдарын күзетедi. Себебi
бағана осы көше мен үйдi ала шапан, ала топы киген төртеу ұзақ
аңдыпты. Тiптi Сүлеймен, сенiң дарабазаңның қалай жабылып
тұрғанын байқағандай, ары-берi тартқылап та көрiптi. Келтелеп
айтқанда, үй маңын әбден зерттептi. Пұсырманқұл олардың жүзiн
көрiп қалайыншы деген оймен жақындаса, iшiндегi бiреуi таныс
боп шығыпты. “Сыр бермегенiмен, олар секем алды-ау деймiн.
Менi көрген соң бәрi дереу тайып тұрды. Қанша дегенмен менiң
кім екенiнiмдi бiледi ғой ол. Егер олар бүгiн түнде ойларын iске
асырмақ болса, онда Сүлейменге де, бiздiң үйге де бiр мезгiлде
шабуылдайды. Сол үшiн мен өз отанымды қорғайын. Ал сендер
Сүлейменмен бiрге бола берiңдер”, — дедi Пұсырманқұл. Сөйтiп,
ол өз үйiн күзететiн болды. Бiз Сүлеймен, Төрекелдi үшеумiз
осында қалайық. Сен, Ажан, көшедегi жiгiтермен сыртты бақыла,
— дедi.
— Пұсырманқұлдың күдiгi орынды.
Қоқан қарақшылары
көптен берi сенiмен бiрге оны да қарауылға алып жүр, — дедi
Төрекелдi.
— Ай, Құдай ұрып, бiз бәрiмiз осы жерде отырғанда бiреулер
сендердiң де үйлерiңе барып жүрмесiн. Екеуiңнiң де шақалақ
балаларың бар. Соны ойладыңдар ма?
— Қатындарымыз бен балаларымызды басқа үйлерге тығып
келдiк.
Аязбек пен Төрекелдi әкелген асты бесеуi отырып, iшiп алған
соң:
— Ал ендi мен сыртқа кеттiм.
Iшке бiреу-мiреу кiретiндей
болса, Құдай сендерге қуат берсiн, — дедi Ажан.
— Осы сендер, түнiмен көшеде тiкелерiңнен тiк тұрып, уақыт
өткiзесiңдер ме?
— Бiз саған айтпаппыз ғой, — дедi Аязбек. — Көшенiң арғы
бетiндегi үш көршiң мен жан-жағыңдағы екi ауылдасыңды бiр-бiр