243
Сүлеймен қарақшы
— Мiне, бiз ендi ахыреттiк доспыз. Осы серттi бұзған адамды
әруақ атып, Құдай жазаласын, — дедi Сүлеймен.
Бұлай қан iшiсiп, ант берiсу — бiр топта басы қосылған
қарақшылар арасында бұрыннан бар салт едi. Бұл салт алдымен
араздасып, кейiннен ажырамас татулыққа сөз байласқан батыр-
ерлердiң арасында да жиi қолданылатын. Сүлейменге мұны
баяғыда нағашысы — Көбек үйреткен-дi. Содан берi ол қаншама
адамдармен осылайша қан iшiстi. Солардың ешқайсысы мұны,
ал өзi оларды сатпады. Ендi бүгiн сондай жаңа дос тапқан соң
бәрi шешiлiп, кешке дейiн сыр ақтарысып отырды. Әсiресе,
Құрақ көп сөйледi. Оның сөзiнен Сүлеймендер Тәшкендегi
бәсекелестердiң бар сырын ұққандай болды. Бәрiнен бұрын анау
ашыққан қазақтардың тағдыры жанына батқан Сүлеймен:
— Менiң ойым — елдегi ашыққан қазақтарға көмек беру.
Бекабаның жөнiн содан соң табармыз. Айтыңдаршы, қайсыларың
менiмен iлесiп, елге барасыңдар? — дедi.
Отырғандардың ешқайсысы
бұдан қалмайтындықтарын
айтты. Әңгiме Құрақ жайына ауысқанда:
— Сен бiзбен iлеспей-ақ қой. Ертерек Тәшкенге оралып, әйел,
бала-шағаңды құтқарудың амалын тап. Бiз ел жақтан оралған
соң Тәшкенге барамыз. Өзiңдi Тәшкеннiң қай жерiнен табамыз?
Осыны айтып кет.
— Тәшкенге барсаңдар, “Өрiкзар” маңындағы “Ескi жоба”
мен “Шора” базарынан Андақұл, Сыбанқұл деген делдалдарды
тауып, менi сұрасаңдар, қай жерде жүргенiмдi айтады.
Сол күнi кешке Құрақ аттанып кеттi. Ертесiне Сүлеймендер
де жолға жиналды.
—
Бiз Аязбек, Төрекелдi, Ажан төртеумiз қайта оралғанша,
әйелдерiмiзге бас-көз бола тұр. Дилданың айы-күнi жақындап
қалды. Босанған кезде қолыңа алып қарайлас.
Өтеуiн жерде
қалдырмаспын, — дедi Пұсырманқұлмен қоштасарда.
— Бұлар үшiн алаңдама. Бiз қауiп қылатын жаулардың
бастарын лайға тығып тастадыңдар. Өздерiң аман-сау барып
қайтыңдар. Қыдыр ата шылауларыңда болсын.
Әлден уақытта шаһардан шыққан салтаттылар Қоқанның
шығысындағы мидай жазық дала төсiне iлiктi. Ең алдында —