237
Сүлеймен қарақшы
болмағанын бiлген ақ дамбалды екi қадам шегiнiп барып,
қылышын тағы көтере берiп едi,
арт жақтан келген Аязбек
оны бiр атты. Ақ дамбалдының қылыш қолынан сусып түсiп,
шалқалай құлады. Оның ендiгi қауiпсiз екенiн көрген Сүлеймен
арғы бөлмеге кiрiп барды. Төсек үстiнде отырған еңгезердей бiр
еркек: “Ой, кiмсiңдер-ей, кiмсiңдер?!” — деп дереу жастығының
астын сипалана бастады. Iздегенiн қолына iлiктiруге үлгертпеген
Сүлеймен, оның қос иығынан шап берiп, берi тартып, детектетiп
есiк алдына бiр-ақ шығарды. Бұл уақытта Ажан да жаңағы кiрiп
кеткен есiктен шықты.
— Мына бөлмеде бiр қатын мен бала-шағадан басқа ешкiм
жоқ. Жаңа кiмдi аттыңдар?
— Ажан, Тұрдақты ұстап алдым. Сен кiрiп, қатынының үнiн
өшiршi. Неғып сұңқылдап кеттi қаншық, — дедi Сүлеймен
Ажанға жаңағы өзi шыққан бөлменi нұсқап. Содан соң: — Мына
тырайып жатқан кiмдер? — дедi Тұрдаққа:
— Қарауылдар ғой.
— Өзiме өштiк iстеген жаудың он қарауылы болса да айламды
асырып кететiнiме ендi көзiң жеттi ме?
Еркек болсаң, сонау
Тәшкеннен менi өлтiруге адам жалдағанша, өзiмдi жекпе-жекке
шақырмадың ба? Ай-ай, осы бет-аузын жүн, үстi-басын түк
басқан күпiрмелер маған жаулық ойлағанды қашан қоясыңдар?
Әлде мен Қоқанда жүрсем, сендерге ауа жетпей, күндерiң
көлегейлене ме? Болмаса, суларың лайланып, жерлерiң шайқала
ма? Айт, тап қазiр. Менi не мақсатпен өлтiрмек болдың?
— Базарларды да, көшенi де билеп, бiздiң жұмыс iстеуiмiзге
мұрша бермей қойдың.
— Қай жұмысыңа кедергi болып едiм?
— Хоженд, Ош жақтардан бiздiң
жiгiттер ұрлап әкелген
малдардың бiразын үнемi тартып аласың. Өкiметтiң қоймасынан
ұрланған заттарға тағы еншiлес боласың. Керек болса, өзiң
ұрламайсың ба? Одан соң сен осында келместен бұрын мұндағы
қазақтарды бiз Исманқұл, Шалпар бәрiмiз құлша жұмсайтынбыз.
Сол қазақтар сен келгелi берi құтырып кеттi. Қанша айла iстесек
те, өлмейтiн не пәлесiң өзiң?
— Мен өздiгiмнен ешқайсыңа тиiскенiм жоқ. Ал базардағы
ұрланған малдар
мен заттарға еншiлес болсам, олар сенiң