Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет180/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
жаққа барған соң тағы көредi. Мiлисаға қол көтергеннiң 
қандай екенiн бiлiп жүрсiн.
Сүлеймен сүйретiле орнынан тұрды.
— Апаратын жерiңе апар, нәлетi! Кеңес заңы әдiл болса, 
әдiлiне жетiп көрейiн. Бiрақ менi артымнан айдамаңдар. Өлiп 
кетсем де жүрмеймiн.
— Сонда қалай жүрмексiң? — деп мысқылдады бастық.
— Алдымда жүрiңдер. Мен арттарыңнан iлесем.
— Тапқан екенсiң ақымақты. Әйда, жiгiттер! Алдарыңа салып, 
көк өгiздей айдаңдар.
Мiлисалар Сүлеймендi мылтықтарымен түртiп айдай 
бастады. Сүлеймен жүрмедi. Содан тағы ұра жөнелдi. Бұл тағы 
қозғалмады. Бiр орнында сiресiп тұр. Болмаған соң екi мiлиса 
шекпенiнiң етегiнен ұстап алға тартқылады. Әйткенмен қозғауға 
әлдерi келмедi. Оларға екеуi көмектесiп, Сүлейменнiң жамбасына 
қолдарымен жабысып итердi.
— Не деген мызғымайтын адам. Жаңа қалай жықтық өзiн? 
— дедi мiлисалардың бiрi. — Оның бұл сөзiне базар iшiндегi 
адамдардың бiразы мырс-мырс күлiстi. Әрi қарай тағы да күлкiге 
қалғысы келмедi ме, бастық сөйледi: — Жә, тоқтаңдар. Ал сен, 
мiз бақпаған өгiз неме, бiздiң артымыздан шынымен жүресiң бе? 
Онда бiз алда жүрейiк. Тек, байқа. Қашуға әрекеттенсең, атып 
тастай саламыз.
Бұлардың бәрiбiр жiбермейтiнiн Сүлеймен сездi:
— Мен екi сөйлеген емеспiн. Еремiн соңдарыңнан.
Мiлисалар алға түсiп, Сүлеймен ақсаңдай соңдарынан ердi. 
Қарап тұрған жұрт бұған тағы күлiстi. Құдды бiр мiлисалар 
Сүлеймендi емес, Сүлеймен мiлисаларды айдап бара жатқан 
сияқты. Олар кеткенде, Төребектiң жанына Қаратай келдi.
— Пәлi, ақыры мыналарға айтқанын iстеттi ме?
— Сүлейменге Құдай ерекше бiр рух қондырған екен. Басқа 
небiр дәулердi де көремiз ғой, мiлисаның алдына түссе, зытып 
жүретiн. Ай, ай, не деген қаһарман адам... 
Сүлеймен олардың сөздерiн естiмедi. Мiлисаларға ерiп, базар 
шетiндегi ескiлеу, ұзын тамға келдi. Мiлисалар есiк алдына 
кiдiрiп, бастық iшке кiрдi. Сүлейменге бұрылып, «жүр» дегендей 
белгi жасады.
Мiлисаханасы осы екен. Бастық iште отырған бiр мiлисаға 
бұйырды:


377
Сүлеймен қарақшы
— Мынаны түпкi бөлмеге апарып қама. Байлауын шешпей-ақ 
қой.
Сүлеймен жолда «тағы да темiр торлы есiгi бар абақтыға 
қамалам-ау» деп ойлаған. Мұндағы есiктер темiр торлы емес, 
кәдiмгi ағаш есiктер. Әлгi мiлиса солардың бiрiне Сүлеймендi 
кiргiздi. Iште екеу отыр. Бiреуi — қаракөк бурыл сақалы мен 
қоңқақ мұрнына қарағанда таулық секiлдi. Екiншiсi — кәдiмгi 
сарт. Бұл кiрiп келгенде екеуi де өре түрегелдi. Сосын екеуi де 
қолдарын кеуделерiне қойып амандасты.
Сүлеймiн абақты өмiрiне бiршама үйренген.
— Уағалайкумассалам. Бiрақ сендердiң қолдарыңды алатын 
мұршам жоқ. Қолдарым байлаулы. Қамауға кiргiзгенде мiлисалар 
байлауды шешушi едi. Бұл жолы шешпедi. Әлде мұндағылардың 
әдетi осындай ма? Қане, бiреуiң қолымды шешiңдершi.
Қолын шешсек, мiлисалардан бiр бәлеге қалармыз дедi ме, 
анау екеуi мiз бақпады. 
— Немене, қорқып тұрсыңдар ма? 
Қаһарлы дауыстан дiр еткен екеуi бастарын көтердi. Алайда 
тұрмады.
Қолыңызды шешсек, мiлисалардың тоқпағына қалармыз, 
— деп мiңгiрледi бiреуi.
— Иә, иә, аямай ұрып тастайды, — дедi қасындағысы оны 
қостап.
Олардың мұншалықты қорқақтығына налыған бұл:
— Шешiңдер деймiн! — дедi ызғарлана тiстенiп. 
Оның мұнысы жаңағы қаһарлы дауыстан бетер әсер еттi-ау 
әстi, екеуi де ұшып тұрды.
— Жақсы, әка. Шешейiк, шешейiк.
Қолы босағасын, Сүлеймен белбеуiн шешiп, шалбарын төмен 
сырды.
— Сендердi бекерге қинағаным жоқ. Көрмейсiңдер ме, саныма 
пышақ кiргенiн. Нәлетi қаскөй, пышақты тағы терең ұра алмапты. 
Сонда да кесiлген жер ашытып барады. Немен таңсақ екен?
Қара саннан төмен қарай жылымсып аққан қанды көргенде 
бурыл сақалды сөйледi:
— Етiгiңiздi шешiп, шалбарды сыпырып тастаңыз. Байлайтын 
бiрнәрсе табармыз. 
Қан Сүлейменнiң балағын бойлап, табанына дейiн жетiптi. 
Пышақ кiрген жерi ырсиып тұр.


378


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет