379
Сүлеймен қарақшы
Ышқына оянды. Құдды бiреу қылқындырып тастағандай
ентiге демалып, жүрегi тарс-тарс соғып жатыр екен. Кiшкене
терезеден түскен бозамық сәуле таңның ендi атып келе жатқанын
бiлдiрiп тұр. Сәл жатып, ентiгi басылған соң жаңағы түсiн есiне
алды. Есiне алғанда, осы түстiң айна-қатесiз көрiнiспен нешiншi
рет кiргенiн санамақ болды. Дәл санай алмады. Бiрақ он реттен
аса кiргенi анық. Бұрын қанша кiрсе де, бұл жайын ойламайтын.
Бүгiн ойлады. Осы түс ылғи
жаны қысылған немесе бiр
шырғалаңды оқиғаға тап болғанда кiретiн. Әрi осы түс кiргенде
кездескен қауiптен тез құтылатын. «Құдай қалап, осы жолы да
мына пәлелерден құтылып қалармын Бiрақ мiәлисаны ұрған
адамды өкiмет тектен-тек жiбере қоюшы ма едi?»
Бұл күнi түсiне сенгiсi келмедi. Бiрақ тәттi үмiттен қол үзгiсi
келмей, әрдеңенi бiр қиялдады. Содан кейiн түсiндегi ақбоз ат, қара
киiммен үнемi көрiнетiн әлгi шал туралы ойлады. Ол түсiнде ғана
емес, өңiнде де осы кейiппен көрiнедi. Ылғи көрiнбейдi. Жаны
қысылған қысылтаяң шақта келедi. Баяғыда Билiкөлде орыс
балуанынан жеңiлейiн деп тұрған шақта көрiнiп едi. Ол көрiнген
соң орыс балуанын жеңген. Одан соң Тұрлыбайдың қолына түсiп,
үш күн суық жертөледе қамалғанда да бiр көрiнген. Онда да ажал
аузынан құтылып кеткен-дi. Бұдан кейiн Алайда басмашы болып
жүргенде талай рет өлiм тырнағына iлiккен сәттерде де осы шал
көз алдына бiр жарқ ететiн. Сондайда қапиядан аман шығатын.
Сiбiрде Қара Иванмен төбелесiп жатқанда да елестеген. Қарап
тұрса, сол шал бiр жебеушiсi сияқты...
Бiр кезде есiк сыртында дүңк-дүңк деп басылған аяқ дыбысы
ойын бөлiп жiбердi. Артынша
бұлар жатқан бөлменiң есiгi
ашылды.
— Кешегi қамалған кiсi, атың кiм едi сенiң, Сүлеймен бе, шық
берi!
Сүлеймен басын көтердi. Есiк алдында екi мiлиса тұр.
— Азанымен тергейiн дедiңдер ме?
— Тергеуге емес. Бiр кiсiлер күтiп отыр сенi. Талыстай болмай,
тұрсаңшы тезiрек.
Ақсаңдай басып, мiлисалардың соңынан ердi. Сыртқа шығар
есiктiң жанындағы бөлме тұсына келгенде аналар тоқтады.
— Мына жаққа кiрiңiз.
Сүлеймен олар нұсқаған бөлмеге кiрсе, үстел басында бiр-
бiрiне қарама-қарсы қарап, екi кiсi отыр екен. Бiрi кешегi өзiн алып