Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет186/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
«Ит ашуын тырнадан аладының» керiне салынған оның 
басына Сүлеймен гүрс-гүрс еткiзiп екi рет ұрды. Тұрлыбайдың 
миы аузына түстi. Оның шалқалай сұлағанын көрген Жәлелдин:
— Өлiп қалды ма, өлiп қалды ма? Ә-ә-ә, ендi менi 
өлтiрмеңiздершi, — деп зарлана жылады.
Пархад Тұрлыбайды ары-берi аударыстырып көрдi.
— Қазiрше өлмептi. Талып қалыпты.
Парманқұл Тұрлыбайдың бiлегiн ұстап, тамыр соғысын 
байқады:
— Жалаң қолыңның өзi сойылдай екен.
— Қап, Құдай-ай!.. Жәй ғана ұрған сияқты едiм... — Сүлеймен 
қатты күрсiндi. — Мұны естiсе, Мамажан тамырымыз «бекер 
бопты-ау» деп ренжитiн шығар.
— Кiм ренжiсе де, болар iс болды. Әй, Жәлелдин неге сонша 
дiрiлдейсiң? Тұрлыбайды сүйретiп бар да, анау өзенге таста. 
Көрген жұрт «суға батып өлiптi» десiн.
Пархад осыны айтуы мұң екен, Жәлелдин Тұрлыбайдың 
аяқтарынан сүйреп, суға күмп еткiздi. Су жағасынан берi қарай 
бұрыла бергенiнде, Парманқұл артынан бiр теуiп, өзiн өзенге 
батырды. Содан шашала жөтелiп, жағаға тырбанып шығайын 
деп едi, Пархад қамшымен бастан салып жiбердi.
— Арғы бетке жүзiп жете алсаң, аман жiберемiз.
— Ойбай, әка. Судың ортасы терең. Жүзе алмаймын. Су 
мұздай. Суық тиiп, өлiп қалам ғой.
Жәлелдин су ортасында дiр-дiр етiп, осылайша қақсап тұр.
— Онда, шық жағаға.
Жәлелдин жағаға ұмтылды. Осы сәт Пархад маңдайынан 
бiр теуiп, суға тағы шалқасынан түсiрдi. «Мыналар судан 
шығармайды» деп ойлады ма, ол қақала-мақала ары қарай жүрдi. 
Өзеннiң қараңғы бетiнен оның жәй басып кетiп бара жатқаны 
бұларға анық көрiнiп тұрды. Бiр кезде: «Ойбай, мына жер терең 
екен. Өте алмаймын, өте алмаймын», — деп бақырып, керi 
бұрылды.
— Бақырма, сұмырай. Бiреу естiп қояды. Сөйлей бермей, кел 
берi!
Ол жиекке жақындап келген кезде:
— Тоқта сол жерде, — дедi Парманқұл. — Судан шыққың 
келсе, бiзге «Бекабаның отырған жерiне ертiп барам» деп уәде 
бер.


390
Сүлеймен қарақшы
— Оның отырған жерiне кiрген емеспiн. Менi онда кiргiзбейдi. 
Беймарал кiретiн Тұрлыбай едi ғой.
— Өтiрiктi соқпа.
— Оллаһи, шыным.
— Тұрлыбайдан басқа кiм кiре алады?
— Достұр кiредi.
— Ол кiм?
— Базардағы мiлисада iстейдi.
— Мiлисаның керегi жоқ бiзге. Басқа адамды айт.
— Пархад, Бекабаны қоя тұр. Қаратай, Сүлейменге пышақ 
ұрғанның атын кiм деп едiң? Кәрiмхан дейсiң бе? Жәлелдин, 
бiзге қазiр Кәрiмханды Тұрлыбайға ұқсатып, далаға шақырып 
берсең, судан шығарамыз, — дедi Парманқұл.
— Мақұл, мақұл. Кiмдi айтсаңдар да шақырып беремiн.
Төртеуi Жәлелдиннiң киiмдерiнiң суын сорғалатып, 
дiрдектеткен күйi Кәрiмханның үйiнiң алдына айдап келдi.
Тiстерi тiстерiне тимей қалшылдап, әзер сөйлеп тұрса да, 
Жәлелдин Кәрiмханды көшеге шығарды. Кәрiмхан сорлы да 
оның қандай жұмыспен келгенiн бiлiп үлгергенше, арт жақтан 
тиген соққыдан есi ауып түстi. Қамыс арасында өз-өзiне зорға 
келдi.
— Мен ұрсам, бұл да өлiп қалатын шығар. Сендер ұрып-ұрып, 
менiң кегiмдi қайтарыңдар.
Анау үшеуi оны әбден қинады. Жәлелдинге ұқсатып, әбден 
суға тоғытты. Айқайлайын десе, Парманқұлдың қолындағы 
маузерден қорықты. Пархат Кәрiмханмен қатар Жәлелдиндi де 
өлгенше таяқтады. Ол аздай, Кәрiмханның аяқтарына пышақ 
сұққылап, жаралап тастады.
— Осы таяқ жегендерiңдi мiлисаға айтсаңдар, болмаса 
базарда, көшеде бiзге тосыннан шабуыл жасасаңдар, бұдан бетер 
азаптаймыз, — деп екеуiн қосақтап байлап, қамыс iшiне тастап 
кеттi.
— Бұл иттер ашуым басылғанда кездестi. Базарда қолға 
түскенде аямас едiм. Жаңа олардан сұрамаппыз ғой, Бекабаның 
адамдарына жейтiн адамдарды осылар тасып жүрген жоқ па 
екен? — дедi Сүлеймен қамыс шетiне шыққанда.
— Ә, ондайға бұлардың да қатысы бар, — дедi Қаратай.
— Онда керi бұрылып, екеуiн де байланған күйлерi суға 
тастай салайық. Өлсе — өлер, өлмесе — жағаға шығар. Талай 
пәк сәбидiң қанын шашып жүргендердi несiне аяймыз.


391


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет