Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет234/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
жастандыра салады. Болды, кеттiк жiгiттер! Ой, айтпақшы, мына 
басмашыны да Ордаштарға қосып байлап алайық. Мiлиса алдына 
барғанда, бұл тiрi куә болады.
V
Сүлеймен, Парманқұл, Айдабол үшеуiнiң Қоқанда жүргенiне 
он айға жуықтады. Былтырғы Бестоғайдағы оқиғадан кейiн 
бұлар сол ауылда үш-төрт күн болып, Қоқан асқан. Озғардың 
бандыларын күйреткен соң Бейiсқожа мен Мұрсат Желтимес 
жүйрiктi еш жаққа өткiзе алмайтындықтарын айтқан-ды. Содан 
жүйрiктi Қоқанға өздерiмен бiрге ала келген. Ала келгендерi тәуiр 
болды. Сүлеймен мұнда баяғы досы Пұсырманқұлмен табысты. 
Пұсырманқұл Желтиместi бiр тәжiкке сатып бердi. Тәжiк ауған-
тәжiк шекарасынан ары-берi жасырын өте алатын саудагер екен. 
«Мұндай атты ауған асырып жiбермесек болмас. Бұл жерде мұны 
мiнiп жүру қауiптi. Өкiметтiң көзiне түсiп қаламыз», — деген ол. 
Сөйтiп ол Желтимес үшiн қомақты ақша бердi. Сүлеймендер 
Желтиместi қимай бiраз тұрған. Алайда, амал не, 
оны бағып-күтуге шамалары жоқ.
Сүлеймен Қоқанға келе сала-ақ, жайсыз хабар естiген. Оны 
айтқан Пұсырманқұл. Алғашқы күнi ол бұларға Қоқанның 
басқа жаңалықтарын айтып, Дилда жайына келгенде кiбiртiктей 
берген. Осыдан-ақ бiрдеңенi сезгендей едi. Ертесiне Дилда 
жайында ашық сұраған. Пұсырманқұл күмiлжiп бiраз отырды 
да: «Е, Сүлеймен, өздерiң кеткен соң Тұрдақтың артында қалған 
сарқыншақтары бiраз лаң салды. Олар алдымен Дилданың көзiн 
жойды. Содан соң менi өлтiрмекке әрекеттендi. Екi-үш мәрте 
төнген қауiптен Құдайдың арқасы ма, әйтеуiр аман шықтым. 
Олардың Дилданы өлтiргенiн кейiн бiлдiм. Екi-үш күн сайын бiр 
хабар алып тұратын Дилда бiрде жетi-сегiз күн көрiнбедi. «Неге 
бұлай көрiнбей кеттi? Әлде баласы ауырып, шыға алмады ма?» 
деп үйiне бардым. Есiгiнде қара құлып тұр екен. «Бiр жаққа кеткен 
шығар» деген оймен қайтып кеттiм. Ертесiне тағы бардым. Есiгi 
әлi құлыптаулы. Ойым әрi-сәрi болып тұрғанда, жаныма қоңсысы 
келдi. Мен одан Дилданы сұрадым.


497
Сүлеймен қарақшы
«Қайда кеткенiн бiлмеймiн. Бiр жұмадан берi көзiме түспедi. 
Бiр жұмадан бұрын үйiне пәренжi жамылған екi адам кiргенiн 
көргем. «Таныс әйелдерi шығар» деп, оларға мән бермегем. Со 
күнi кешке бiр жұмысым болып, Дилдаға бардым. Есiгiнде құлып 
iлулi екен. Содан күнде қараймын, үйге ешкiм кiрiп, шықпайды. 
Сiз кiм боласыз? Үй жағына кiрiп көрейiкшi. Тегiн емес-ау, осы. 
Дилда мұнша күн жоқ болып кетпеушi едi», — дедi ол.
Екеумiз есiкке жақындап, құлыпқа назар аудардық. Құлыптың 
көптен берi ашылмағаны бiлiнiп тұр. Шаң басып қалыпты. Әлгi 
қоңсысы екеумiз тесiктен iшке сығаладық. Бiрiншi анау сығалаған 
едi. «Қараңызшы, пеш түбiнде адамның аяғы көрiнiп жатыр», — 
деген оның сөзiнен кейiн тесiктен қарасам, шынында, адамның екi 
табаны мен саусақтары көрiндi. Бiр сұмдықтың болғанын бiрден 
сездiм. «Сен тағы екi-үш көршiңдi шақыр. Құлыпты бұзып iшке 
кiрейiк», — дедiм мен. Ол екi-үш емес, бес-алты адамды ертiп, 
тез келдi. Құлыпты бұздық та, iшке кiрдiк. Iшке кiргенiмiзде, 
Құдай салмасын, қанның жаман исi мүңк ете қалды. Иiстен iшке 
кiру мүмкiн емес. Содан жаңағы көршi екеумiз мұрнымызға 
орамал байлап, арғы бөлмеге кiрдiк. Қарасам, масқара, пеш 
түбiнде тура тамағынан сойылған Дилда жатыр. Оң қолтығында 
баласы. Оны да пышақтап өлтiрiптi. Киiмiнiң қарын тұсына қан 
қатып қалыпты. 
Қойшы, қазiр олардың өлiктерi со кезде қандай күйде болғанын 
айтқым келмейдi. Әйтеуiр әлiмiз келгенше, бар рәсiмiн жасап, 
екеуiн «Құдияррабаттың» үстiндегi молаға бiрге жерледiк. Ал 
өлтiргендер туралы еш дерек таба алмадым. Расын айтқанда, 
табу қолымнан келмедi. Мiлисалар да iстi жаба салды. Дегенмен 
бiр адамнан күдiгiм бар», — деген-дi.
Дилда мен баласының өлiгiне қатты қайғырған Сүлеймен, 
ертесiне-ақ Пұсырманқұл күдiктенген адамды ұстауға кiрiскен. 
Бiрақ ол пәле еш ұстатпай-ақ қойды. Сүлеймендер ендiгi одан 
күдер үзгендей болып, Тәшкенге қайтуға жиналған. Ертең атқа 
қонамыз деген күнi азанымен үйге Пұсырманқұл келдi. Амандық-
саулықтан соң ол:
— Былтырдан берi ұстатпай жүрген кiсiнi кеше орталық 
көшеде көрiп қалдым. Найсап, менен күдiктендi ме, қалың 
адамның арасынан адастырып кеттi. Мен көргенде ол базар 
алдында отыратын етiкшiмен сөйлесiп тұрған. Сол етiкшiге бiраз 


498


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет